Солтүстік американдық революция XVIII ғ ақш-тың құрылуы



бет1/4
Дата18.10.2023
өлшемі1,04 Mb.
#118968
  1   2   3   4
Байланысты:
2 тақырып слаид

Солтүстік американдық революция.xviii ғ ақш-тың құрылуы

Қамтылатын сұрақтар:

  • 1.солтүстік америкадағы ағылшын отарларының пайда болуы.
  • 2.тәуелсіздік үшін соғыс.
  • 3.континенталдық конгресстің қызметі және солтүстік американдық штаттардың тәуелсіздікті жариялауы.
  • 4.ақш-тың құрылуы және американ мемлекеттілігінің қалыптасуы.тәуелсіздік декларациясы.1787 ж конституция.құқықтар туралы билль.
  • 5.американ революциясының сипаты,ерекшелігі мен тарихи сипаты.

Ағылшын отарлары пайда болуы

  • Атлант мұхитының жағалауларында Солтүстік Америкада 1607 жылы I Яков корольдің рұқсатымен тұңғыш рет отарларды негіздегендер Лондон және Плимут акционерлік компаниялары болды. Алғашқы Солтүстік Америка жағалауында орныққан тұрақты колония — Вирджиния. Ол бойдақ ханшайым Елизавета I-нің құрметіне аталды. Осыдан кейін тағы 12 ағылшын отарларының негізі қаланды. Тұңғыш рет негр — құлдарды Вирджинияға 1619 ж. Голландия кемесінің капитаны әкеліп сатты. Егер 1630 жылы Вирджинияда бар болғаны 50 негр болса, 1660 жылы Солтүстік Америкада 950 негр болды, 1700 жылы негрлердің саны —23118, 1780 жылы 220582-ге жетті. XVII—XVIII ғасырлар барысында Атлант мұхиты жағалауында ағылшынның 13 отары құрылды. Король үкіметтері (Анна (1702—1714), I Георг 1714 ж. таққа келді) әбден күшейіп, енді өзінің колонияларын пайда табудың көзіне айналдыруға қажетті мүмкіндіктерге ие бола бастады. Отарлар тек Англиямен ғана сауда жасады, басқа елдермен, өзі қалаған тауарлармен сауда жасау еркi болмады. Бұл отарларда қалыптасып отырған жергілікті үстем тап өкілдері — буржуазияның мүддесіне қайшы келді. 1699-1750 жылдар арасында жүн, қалпақ, тepi, темір т. б. өнімдер түpi туралы қабылдаған король үкіметінің актілері жергілікті өнеркәсіпті одан әрі дамуын тежеді. Ақша шығаруға тыйым салды. Ағылшын кемелерін жасауға керек болады деп қоныс аударушыларға ағаштың тәуip түрлерін кесуге рұқсат бермеді. Батыстың бос жатқан жерлерінен жер алуға тыйым салды.

Англияның король үкіметі жүргізген бұл шектеулер отарларда буржуазиялық бағытта дамуға үлкен кедергіге айнала бастады, әрине, бұл жерде отарлардағы капиталистік даму тоқтап қалған екен деген ұғым тумасын, буржуазиялық бағыттағы даму одан әpi жалғаса берді. Қалалар өсті. 1713 және 1763 жылдар аралығында отарлардағы қала тұрғындары үш есе, жалпы отар тұрғындары — 5 есе өсті. 1765 жылы күзде 13 Солтүстік американ отарларының өкілдерінің конгpeci шақырылды. Онда «Первая декларация прав колонистов и причин их неудовольствия» деген құжат қабылданып, отар тұрғындары өкіл-дерінің Ұлыбританияның қауымдар палатасында жоқ екені туралы, салықтардың сырттан салынатындығының әділетсіз екендігі туралы ашына айтып, отарлар мен метрополия арасындағы қатынасты екі жаққа да тиімді eтiп реттеп отыруға болатынын ұсынды.

  • Англияның король үкіметі жүргізген бұл шектеулер отарларда буржуазиялық бағытта дамуға үлкен кедергіге айнала бастады, әрине, бұл жерде отарлардағы капиталистік даму тоқтап қалған екен деген ұғым тумасын, буржуазиялық бағыттағы даму одан әpi жалғаса берді. Қалалар өсті. 1713 және 1763 жылдар аралығында отарлардағы қала тұрғындары үш есе, жалпы отар тұрғындары — 5 есе өсті. 1765 жылы күзде 13 Солтүстік американ отарларының өкілдерінің конгpeci шақырылды. Онда «Первая декларация прав колонистов и причин их неудовольствия» деген құжат қабылданып, отар тұрғындары өкіл-дерінің Ұлыбританияның қауымдар палатасында жоқ екені туралы, салықтардың сырттан салынатындығының әділетсіз екендігі туралы ашына айтып, отарлар мен метрополия арасындағы қатынасты екі жаққа да тиімді eтiп реттеп отыруға болатынын ұсынды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет