Толық мақаласы: Есіл (өзен)
Тобыл (Қазақстан жеріндегі ұзындығы - 800 км) оңтүстік Орал тауларынан басталып, Қазақстан жерін басып өтіп, Ертіске Ресей жерінде құяды. Суын шаруашылыққа пайдаланады.
Толық мақаласы: Тобыл (өзен)
Шағын өзендерден Үй, Тоғызақ, Әйет, Обаған, Шағалалы, Сілеті , Өлеңті, Шідерті және т.б. жатады. Олардың көпшілігі қар суымен коректенеді де, жазда құрғап калады. Көктемде тасиды. Кейбірі Ертіске және оның салаларына құяды. Бұл өлкеде Құсмұрын, Шағалалытеңіз, Сілетітеңіз, Қызылқақ, Теке және т.б. ұсақ көлдер көп. Олардың сулары ащы келеді.
Топырағы, өсімдіктері[өңдеу]
Солтүстік Қазақ жазығы орманды дала мен дала зоналарына кіреді. Топырақ жамылғысы оңтүстік кара топырақ пен лесс тәріздес саздың үстіне түзілген күңгірт қызыл-қоңыр топырақтан, бозды, бетегелі шөптесін өсімдіктерден тұрады. Қарабас пен қылтықсыз арпабас, ашық жасыл шатыр гүлді сәбізшөп жәнө басқа гүлдер өседі. Өзен аңғарларындағы аллювийлі cop мен сортаң топырақта cop шөп, ылғалды шөптесін аралас қалың қамыс кездеседі. Орманды жерлер Қостанай мен Солтүстік Қазақстаноблыстарында таралған. Онда ауданы кішілеу, далалық орман типі басым. Қайың мен көктерек шоқ-шоқ боп өсіп тұрады.
Жануарлары[өңдеу]
Жануарлар дүниесі де орман мен дала зонасын мекендейтін жануарлар түрлеріне ұқсас. Бұлан, елік, қоян, қарсақ, дала күзені, қасқыр, түлкі мекендейді, кемірушілерден сұр тышқан, дала алақоржыны, аламан, сарышұнақ сияқты түрлер тараған. Тундра жануарларының түрлері (тундра ақ кекілігі, өгіз шағала) кездеседі. Өткен ғасырларда Ертіс, Есіл өзендері аңғарын құндыз жайлаған, Солтүстік Қазақстан мен Қостанай ормандарында таяу араға дейін аю болған. Қазір олар жоқ, ауып кеткен. Соңғы жылдары бұландар мен Сібір еліктері де көзге сирек түседі. Өзендер мен көлдерде Солтүстік Америкадан әкелінген ондатр жерсіндірілген. Өлке сулы, нулы болғандықтан, құстар көп мекендейді. Су айдындарында аққу, қаз, үйрек, шағала ұшып-қонады. Далада тырна, дуадақ, бүркіт кездеседі. Орманды далаларда кәдімгі сарыторғай, қараторғай, шұбар шымшық сияқты еуропалық түрлер мен ақ құр, сұр құр, ақ тұмсық қарға, тоқылдақ, сұңқар, күйкентай және т.б. құстар ұя салады. Орман шетінде, далаларда бөдене, бұлдырық, безгелдек, шәукілдек ұшады. Қысқа қарай сұр және ақ кекіліктер келеді.
Ұлттық саябақтары мен қорықтары[өңдеу]
Табиғаты әсем, аң-жануарларға бай өлкенің табиғи ландшафтысын сақтау мақсатында түрлі қорықтар мен ұлттық саябақтар ұйымдастырылған. Солардың бірі - Наурызым қорығы. Бұл қорық 1959 жылы ұйымдастырылған. Қостанай облысының Наурызым ауданы жерінде. Сонымен қатар Бурабай, Көкшетау ұлттық табиғи саябақтары, қорықшалар және бірнеше табиғат ескерткіштері орналасқан.
Шаруашылыққа игерілуі және ылғал тапшылығы[өңдеу]
Солтүстік Қазақ жазығы республиканың егіншілік дамыған аймақтарына жатады. Оның бірқатар жері тың және тыңайған жерлерді игеру кезеңінде игерілген. Бірақ даланың сусыз өлкесі үнемі мол өнім бере бермейді. Орманды даладан басқа жерінде ылғал аз. Жылдық ылғалдың тапшылығы, топырақтың желдің әсерімен құрғауы, шаңды борандар жел эрозиясын туғызуда. Бұл - ауданның жер байлығын сақтау үшін белгілі шаралар қолданудың қажеттігін меңзейді.[1]
Дереккөздер[өңдеу]
Жоғарыға көтеріліңіз↑ Қазақстанньң физикалық географиясы, Алматы: Атамұра, 2008. ISBN 9965-34-809-Х
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.
Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет.
|
Санат:
Қазақстан географиясы
Жазықтар
Достарыңызбен бөлісу: |