Солтүстік Қазақстан облысында репродуктивті денсаулықты қорғау бойынша жүргізілген жұмыс жағдайын зерттеу нәтижелері бойынша анықтама



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі212,32 Kb.
#5644

Солтүстік Қазақстан облысында репродуктивті денсаулықты 

қорғау бойынша жүргізілген жұмыс жағдайын зерттеу нәтижелері 

бойынша анықтама

 

 

Қазақстан

 

Республикасы  Президенті  жанындағы  әйелдер  істері 



және  отбасылық

-

демографиялық  саясат  жөніндегі  ұлттық  комиссияның 



(бұдан  әрі  –

 

Ұлттық  комиссия)  отырысына  ақпарат  дайындау 



мақсатында,  мен,  Байқошкарова  С.Б.  –

 

Ұлттық  комиссияның  мүшесі, 



Солтүстік  Қазақстан  облысында  репродуктивті  денсаулықты  қорғау 

бойынша жүргізілген жұмыс жағдайын зерттедім.

 

Облыста  Қазақстан  Республикасында  2006



-

2016  жылдарға 

арналған  гендерлік  теңдік  стратегиясы  бойынша  жоспарлы  және  әсерлі

 

жұмыс жүзеге асырылуда.



 

Облыстың  бірқатар  медициналық  мекемелерін  аралау  нәтижелері 

оң әсер қалдырып, репродуктивті денсаулықты қорғау бойынша нәтижелі 

жұмыстар жүргізілгенін көрсетті. 

 

Іссапар  барысында  Облыстық  Денсаулық  сақтау  басқармасының 



халықтың  репродуктивті  денсаулығын  сақтау  бойынша  жүргізілген 

жұмысымен,  3

-

ші  қалалық  поликлиника,  1



-

ші  қалалық  поликлиника

 

жанындағы  әйелдер  консультациясы,  Облыстық  клиникалық  ересектер 



ауруханасы,  ер  адамдар  денсаулығы  кабинеті,  Облыстық  балалар 

ауруханасы, Қалалық нәресте үйі, Облыстық перинатальдық

 

орталық, 3



-

ші  қалалық  ауруханасы  және  адам  ұрпағын  өрбіту  бөлімшесінің 

жұмысымен таныстым.

      


Аталған  мекемелер  ішінде  тек  3

-

ші  қалалық  поликлиника  ғана 



заманға  сай

жаңа



үлкен  «100  мектеп,  100  аурухана»  Мемлекеттік 

бағдарламасы  аясында  салынған  3  қабатты  ғимаратта  орналасқан. 

Басқа  мекемелер  20

-

30  жыл  бұрын  салынған  ескі  ғимараттарда 



орналасқан,  алайда,  ескі  ғимаратта  жүргендей

 

әсер  қалдырмайды. 



Барлық мекемелер керемет реконструкция мен әдемі, қазіргі заманға сай 

дизайн  қолданылған  жөндеу  жұмыстарынан  өткен  және  барлығы 

ақылмен, шаруашыл ыңғаймен жасалғаны байқалады. 

 


 

Ауруханалар  мен  поликлиникалар  жаңа  заманға  сай  құрал



-

жабдықтармен  және  жоғары  білікті  мамандармен  қамтамасыз  етілген.

 

Дәрігерлер  жұмысымен  танысу  барысында  дамуға,  білімге  деген 



ұмтылыс, ғылыми көзқарас байқалады. Әсіресе, 0 мен 4 жас

 

арасындағы 



 

тастанды  балалар,  оның  ішінде  мүгедек  балалармен  арнайы 

дайындалған  медицина  қызметкерлері  ерекше  құлшыныспен  жұмыс 

істейтін


Қалалық нәресте үйінің жұмысын атап өткім келеді. 

 

Ер  адамдар  денсаулығы  орталығында  алғашқы  кезеңдегі  несеп



-

жыныстық жүйесі және

 

соның ішінде қуықалды бездің рак ауруларының 



алдын алу және анықтау мақсатымен жаппай ер адамдардың скрининги 

жүргізіледі.

 

Облыста  отбасын  жоспарлау  кабинеттері  ашылған,  клиникаларда 



қажетті

 

дәрежеде жатыр  мойыны,  жыныстық  жүйе  және сүт бездері  рак 



ауруларының  алдын  алу  және  ерте  анықтау  мақсатымен  репродуктивті 

жастағы әйелдерді тексеру кеңінен жүзеге асырылуда. 

 

Облыста ауруларды анықтау және алдын алу үшін 18 жасқа дейінгі 



балалардың  профилактикалық  тексерулері  жүргізіліп  тұрады.  Жалпы 

алғанда  жүкті  әйелдер  жүктілік  бойынша  есепке  уақытылы  алынады. 

Олар  туа  біткен  және  тұқым  қуалайтын  аурулар  бойынша  скринингті 

зерттеулерден,  жыныстық  жолмен  берілетін  инфекциялар,  сифилис, 

АИТВ инфекциясына зерттеулер өтеді. 

 

Репродуктивті  мәселелері  бар  ерлі



-

зайыптыларға  көмек  көрсету 

мақсатында  облыстық  перинатальдық

 

орталықта  бедеулікті  емдеу 



кабинеті  жұмыс  істейді.  2014  жылы  бұл  кабинетке  297  отбасылық  жұп 

жүгінген. 46 отбасылық жұпта емдеудің нәтижесі оң болған, оның ішінде 

27  жағдайда  емделуден  кейін  және  19  жағдайда  қосалқы  репродуктивті 

технологияларды қолданғаннан кейін жүктілік болған.

 

Республиканың  көптеген  аудандарында  денеден тыс ұрықтандыру 



(ДТҰ) орталықтары жоқ, және мұндай орталықтың Петропавл қаласында 

ашылуы  облыс  басшыларының  бедеулікпен

 

кездескен  отбасылардың 



мәселесіне  және  жоғары  бағалауды  талап  ететін  жайттарға  деген 

 

қамқорлығының



 

нәтижесі  болып  табылады.  Осылайша,  2012  жылдың 

соңынан  бастап,  3

-

ші  қалалық  аурухана  базасында  репродукция 



бөлімшесі  жұмыс  істейді.  Бөлімшенің  техникалық  жабдықталуына 

жергілікті бюджеттен 140 млн. теңге бөлінген. Репродукция бөлімшесінің 

мамандары  Израильде,  Алматы  және  Киев  (Украина)  қалаларында 

оқудан өткен.

 

2014  жылы  репродукция  бөлімшесінде  30  қосалқы  репродуктивті 



технологиялар  программалары  өткізілген,

 

оның  ішінде  9  әйелдің  емі  оң 



нәтижемен  аяқталды,  8  емделуші  балалы  болды.  Осы  жылы  6    әйел 

жүкіті.


 

Өткізіліп  жатқан  жұмыс  нәтижесінде  2014  жылы  халық 

санының  табиғи  өсуі

 

тұрақталған,  жалпы  нәрестелер  өлім

-

жітімінің 



азаюы, аналық өлім

-

жітімнің болмауына



 

қол жеткізілген.



 

Халық санының 

табиғи өсуінің тұрақталуына онкологиялық аурулардың алдын алу және 

ерте  анықтау  мақсатымен  өткізілетін

 

скринингтер  мен



 

жүрек


-

тамыр 


ауруларын емдеуге енгізілген

 

жаңа технологиялар



 

да

 



мүмкіндік туғызды.

 

Қол жеткізілген нәтижелермен бірге мәселелер де бар.



  

Басты  мәселе  –

 

кадрлық  жетіспеушілік,  аймақтағы  дәрігерлердің 



жетіспеушілігі. 

Жақын 


орналасқан 

ресейлік 

Омск 

қаласының 



медициналық  ЖОО

-

да



 

білім  алатын  жас  кадрлар,  көбінесе  қайтып 

оралмайды.  Қазақстанда  білім  алатын  жас  кадрлар  көбінесе  Астана 

және  Алматы  қалаларында  жұмысқа  тұрады.  Еңбек  жолын  жаңадан 

бастап  жүрген  дәрігерлердің  бастапқы

 

жалақысы  жалпы  республика 



бойынша  49  мың  теңге  шамасында,  бұл  жас  мамандарды 

ынталандырмайды.

 

Осының  нәтижесінде  дәрігерлер  арасында  орта 



жастың  ұлғаюы  және  медициналық  кадрлардың  жетіспеушілігі 

байқалады.

 

 

Ерлердің  бедеулігін  емдеу  мәселесі  бүгінгі  күні  өзекті  мәселе,



 

сонымен  бірге  андрология  саласындағы  жоғары  білікті  мамандардың 

жетіспеушілігі  байқалады,  сол  себептен,  осы  аймақтың  да  дәрігер

-


 

андрологтарға арналған білім беру процессін жетілдіру қажет.



 

 

Бедеулікті  емдеудегі  айтарлықтай  нәтижелерге  қол  жеткізу 



қиындатылған. 

Бұл


 

емделушілердің

 

әртүрлі 


бірінше 

буынды 


медициналық  мекемелерде  және  жеке  клиникаларда  ұзақ  жүргізілген 

көпжылдық  емделу  барысымен  байланысты.  Бедеулікті  анықтау  мен 

емдеуде нақты алгоритм жоқ.

 

Репродукция  бөлімшесінде  ДТҰ  әдісімен  емдеу  мемлекеттік 



квотамен  жүргізілмейді,  себебі,  квота  арқылы  емделушілерді  Астана 

және Алматы қалаларына жолдайды. 2014 жылы облысқа ДТҰ әдісімен 

емделуге  20  квота  бөлінген,  бұл  бағдарламаларды  жоғарыда  айтылған 

бөлімшеде  өткізуге  болушы  еді.  Орталық  ең  жаңа  құрал

-

жабдықпен 



жабдықтала  тұрып,  толық  күште  жұмыс  істеп  тұрған  жоқ.  Бөлімшеде 

арнайы  дайындалған  жоғары  білікті  репродуктолог  және  эмбриолог 

мамандар  жұмыс  істейтініне  байланысты,  жергілікті  емделушілерге 

мемлекеттік  бағдарлама  арқылы  жүргізілетін  ДТҰ  бағдарламаларын  

өздері өткізуге рұқсат беру орынды болушы еді. Шамасы тұрғындар

 

мен 



мамандар арасында ақпараттың жетіспеушілігіне байланысты, халықтың

 

жергілікті репродукция орталығының мүмкіндіктері туралы хабарсыздығы 



да әсер етеді



 



 

 

Қазақстан Республикасы Президентінің

 

жанындағы Әйелдер істері және отбасылық



демографиялық саясат жөніндегі ұлттық

 

комиссияның мүшесі, «Экомед» адам

 

ұрпағын өрбіту емханасының ғылыми 

 

директоры, 

 

биология

 

ғылымдарының докторы

                                               

С.Байқошқарова

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет