Солтустік Ќазаќстан облысы



бет1/4
Дата31.12.2021
өлшемі102,5 Kb.
#21682
түріБағдарламасы
  1   2   3   4

Солтүстік Қазақстан облысы

Аққайың ауданы

Қайырбек Оразов атындағы

Аралағаш орта мектебі


Қолданбалы курстың жоспары:

«Мәтінді есептерді шығару әдістері»

10-сынып


Математика пәні мұғалімі:Сатубалдинова Ирина Айдосовна

2017-2018 оқу жылы


Түсінік хат

«Мәтінді есептерді шығару әдістері» бағдарламасы оқушылардың математика пәні бойынша білімін тереңдетіп, кеңейтуге көмектеседі, оқушыларға өміріміздің жан-жақты өзекті мәселені қарастыратын есептер шығаруға үйретеді. Курс математиканың өмірімен байланысын, қолдану аясының көптігін, өмірде қолданылуын көрсетеді.

Бұл курстың педагогикалық қажеттілігі – мәтінді есептерді шығаруда оқушылардың көбінде қиындық туғызады. Мәтінді есептерді шығарудың әмбебап әдістері жоқ, бірақ есеп шығару кезінде төменде келтірілген ережелерді сақтау қажет:


  1. Белгісіздерді таңдап алу.

Көптеген жағдайларда есептерді теңдеу құру арқылы шығару оңайға түседі. Басты шарты белгісіздердің саны болып табылады; неғұрлым белгісіздер саны көп болса, теңдеу құру оңай болады, бірақ теңдеудің өзі күрделенеді; жаңа белгісіз еңгізу қажет емес, егер бірде- бір шама алдында еңгізілген белгісіздердің біреуі арқылы өрнектелсе.

  1. Теңдеу құру.

Теңдеу құру кезінде есептің барлық шарттарын қолдану өте маңызды. Теңдеулер саны белгісіздер санымен тепе-тең болу керек.

  1. Белгісізді немесе белгісіздер жүйесін табу.

Табылған түбірлердің ішінен бөгде түбірлерді есеп шартына қарай анықтау керек.

Мәтінді есептерді төмендегі топтарға бөлуге болады:



  • қозғалысқа берілген есептер;

  • жұмысқа берілген есептер:

  • концентрацияға және пайыздық мөлшеріне берілген есептер;

  • арифметикалық амалдардың компоненттерінің тәуелділігіне берілген есептер;

  • пайызға берілген есептер;

  • математикалық сауатылықты тексеретін мәтінді тапсырмалар және т.б.

Бұл курстың маңызы зор, мәтінді есептерді шығару әр адамға өмір бойы қажет. Курс 68 сағатқа есептелген және Ұлттық Бірыңғай тестлеуге дайындалуға қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет