Курс мақсаты: мәтінді есептер шығару тақырыбы бойынша оқушылардың білім аясын кеңейтіп, тереңдету, Математикалық сауаттылық – әлемдегі математиканың рөлін айқындау және түсіне білу, математикалық тұжырымдарды дәлелді негіздей білу және қызығушылығы бар, ойлы азаматқа тән қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін математиканы қолдана білу қабілеттерін дамыту.
Курс міндеттері:
«Мәтінді есептерді шығару» білімін тереңдету, жүйеге келтіру;
логикалық және шығармашылық ойлауын дамыту;
есепте берілген сөйлемдерді тез және ешқандай кідіріссіз математикалық түсініктерге айналдыру дағдыларын дамыту;
берілген есептерді шығару алгоритмі, қолдану аясының көптігі, күнделікті өмірде қолануда әмбебап екендігін көрсету;
қаржы, демографиялық, әлеуметтік және өміріміздің басқа да салалары бойынша мәтінді есептер шығару дағдыларын дамыту;
оқушылардың математикадан меңгерген білімдері бойынша саралау, практикалық дағдыларын дамытып, қалыптастыру;
өздігінен білім алу және оны қолдану дағдыларын дамыту;