ға үлгі-өнеге болары сөзсіз. Не деген ғажап достық.
дегеннен әділдік үшін күрескен адам. Қылмыскерге
кінә тақса да әділетті болуы тиіс. Қанша ащы болса
дәрі сол-әділет қана. Ал, дәрі ащы болса да дертті жа-
пен әділдік болып, қызметкер ле ріне ем боп қонған.
болар еді. Ішкі істер министрі Шырақбек Қабылбаев
қызметінен босатылады. Сөйтіп бір жылға жуық бос
жүріп, төменгі қызметтерде болады. Қ.Қалменов Ал-
етіп жібермекші болады. Сонда Қ.Қалменов жаңа ми-
басарым ете алмаймын. Ол кісіге мына орын лайық
деп орнын босатып береді. 1960-1967 жылдары Ал-
далады. Міне, ұстазына деген кұрмет, досына, әріп те -
ауданының тумасы. Артынша Құлекең Жамбыл облы -
тағайындалады. Милиция полковнигі Құлахмет Қал -
делін арттырады. 1968 жылдың ақпан айында
Құле кеңнің қала тұруын сұрайды. Сол жерде оның
қызметіне тағайын дал ған дарын айтып, құттықтайды.
адам өлімі болған. Бұзақылар милиция қызметкер -
бастығын күтіп отырғаны аян болды. Облыстық пар-
сырмайды. Осыған байланысты Шымкент қаласына
келеді. Нұсқаушы Цыганник Қ.Қалменовтің мына
күдік туғызады. Жұмыс босаңсыған, бәрі қираған де-
пенко Қ.Қалменовті суық қарсы алады. Осы жерде
даулы кадр екендігін айтып, араға түседі. Өзінің
таңдауын дұрыс деп санай тын дығын айтады. Осын-
үз дік сіз басқарады. 1972 жылы Ленинград қаласында
қалай қарайсың? – дейді, оған қарап. Сонда Қ.Қалме -
неді. Министр
Ш.Қабыл баев 65 жасында отстав кіге шығады. Ми-
ұсы нылады. Ол бұл жолы да досы Мақан Есбо ла -
болатов ҚР ішкі істер министрі креслосына оты рады.
лік досы ның таразысын басады. Бір кезде зиялыны
Қ.Қалменовтің бұл іс-әрекеті де ерлік десе болғандай.
болып тағайындалады. Сөйтіп, өзі іргесін қа лаған
жас офицерлер даярлайтын оқу орнына арнады.
Өзінің мол тәжірбиесін болашақ жастарға үйретті. Ішкі
бөленген генералдар некен-саяқ. 1998 жылы 27 тамыз
есімі мәңгілікке қалады. Олар: Щелоков, Головченко
лебізін білдірген. В.Ливенцов оны Құлекеңе жеткізген.
көл-көсір. Жоғарыдағы милиция мектебі көп ұзамай
налды. Қ.Қалменов осы қызметтен зейнеткерлікке
шығады. Атағы жер жарған генерал осыдан кейін де
саналатындығын айтып та, жазып та кетті. Ол сондай-
рында дәріптеуді ұмытпады. Шындығын көрсетті.
Жақ сыларды мақтады, жамандарды сынады. Ол жа-
сынан дара тұлға болып қалыптасты. Генерал
Қ.Қалменов жайлы көп айтуға болады. Оның қырлары
да, сырлары да бір кітапқа жүк... Қ.Қалменов Шиелі
ауданының тумасы. Басқа облыс
бұрып тұратын. Баста айттым, өмірінің соңғы жылда-
кететіні-перзенттік парызы болса керек. Даңқты
бағасын алды. Ол "Қызыл Жұлдыз" орденімен, көп -
Құрмет грамотасымен марапатталды. Қ.Қалменов
азаматы атанып абыройға бөленді. Шымкент қала -
Құлахмет Қалменов аты ардақталды. Генерал Қ.Қал -
білді. Өмірде қарапайым болды. Ешкімнен сескенбеді.
Мықтылармен жүрді, соларға ұқсап бақты. Мен гене-
ралмын деп шалқаймады. Өмірлік жары Күмісжан бақ
болып кездесті. Басына қонған бақты аялай білген
нелді. Отбасының асқар таудай әкесі атанды,
халқының қалтқысыз қызметшісі болды. Оның білік-
еден салу жұмыстарын сапалы əрі қол жетімді бағада жасаймыз.
бар. Хабарласу телефондары: 87028262328, 87782700858.
ұйымдастырды. Көрме бары-
қатысты.
өлкенің айнасы” атты кітабы жарық көрді. Кі-
жұмыстары туралы оқырманға ұсынады.
Ақын есімі
ардақталды
Бекжан Ержігіттің еншісіне бұйырды. І орынды
риялық Ақтолқын Абылаевалар өзара бөлісті.
ленді. Арнайы жүлде қызылордалық Аружан
Алдабергеноваға тапсырылды.
№31 (8382) 20 сәуір, сәрсенбі, 2016 жыл
3
3
Тірі болсаң сексенге
толар едің
Ұзақ жылдар бойы аудандық баспахананың баспагері, С.Сейте-
нов көшесінің тұрғыны асыл жар, ардақты əке атанған абзал азама-
тымыз Жүсіпов Қуанышбек Мақашұлы тірі болса 20 сəуір күні
80 жасқа толар еді. Бұл күнде арамызда жоқ
арысымыздың туған күніне орай еске алып,
топырағыңыз торқа, иманыңыз жолдас, жаны -
ңыз жəннатта болсын, сіз біздің жүрегіміздесіз
ардақты əке деп əруағына дұға бағыштай от-
ырып:
Алты ұл, екі қыз өсіріп жеткердің,
Тіршілікте қиындықты көп көрдің.
Жаныңызды жəннатта етсін жан əке,
Өнеге боп қалды бізге өткенің.
Төзе жүріп отына сан күйіктің,
Жетістігің жеткен бізге биік шың.
Амал нешік, сіз көрмеген қызықты,
Енді қалған ұрпағыңа бұйыртсын.
Еске алушы: бауырлары мен ұл-қыздары,
немере-шөберелері мен келіндері.
Əруағыңа ас бермекпіз
Шиелі ауданы №21 бекет Ш.Құдайбердиев көшесінің тұрғыны
№243 мектепте 18 жыл директор болып 7 ұл-қыз тəрбиелеп өсірген,
асыл жар, аяулы ана бола білген Нысамбекова Дəнеш Жұмабай -
қы зының 23 сəуір күні сағат 13-де “Астана”
мейрамханасында өткізілетін жылдық асына
барлық ағайын-туыс, құда-жекжат, сыйлас,
дəм дес болған барша жамағатты шақырып
топырағыңыз торқа, иманыңыз жолдас,
жаныңыз жəннатта болсын деп дұға бағыштай
отырып:
Өкініш пен қайғы өзекті өртеді,
Сағындыртып ай айналып, жыл келді.
Алпыс сегіз жасқа жетіп өтті ана,
Жастар деумен еліміздің ертеңі.
Отбасы мен елдің қамын ойлаған,
Жан болатын терең ойға бойлаған.
Əруағына ас бермекпіз бағыштап,
Дұға етіп келіңдер бар аймақтан.
Еске алушы: Ізімбетовтер əулеті.
Шаттығы өзің едің шаңырақтың
Шиелі кенті Н.Бекежанов көшесі №29 үйдің тұрғыны 4 ұл, 3 қызды жетілді-
ріп, жоғары білімді етіп, ауданымыздың ішкі істер саласында көп жыл абы-
ройлы қызмет атқарып, зейнеттік демалысқа шыққан ардақты əкеміз Ибрагим
Құдайбергенұлының ақтық сапарға аттанғанына жыл толуына байланысты
өзінің қара ша
ңы рағында сəуір айының 23-і күні сағат 17-де берілетін
қонақасына жəне сəуірдің 24-жұлдызында сағат 12-де берілетін жылдық
асына ағайын-туыс, құда-жекжат, жора-жолдас, көрші-қолаң мен ұжым дас-
тарды жəне басқа да жамағатты шақыра отырып, жат қан жеріңіз жайлы,
топырағыңыз торқа, иманың жолдас, алдың пейіш, артың кеніш болсын деп
дұға бағыштай отырып:
Шаттығы өзің едің шаңырақтың,
Көңілдерді артта қалған аңыраттың.
Жан əке өзің едің берекесі,
Қалғандай оттың басы қаңырап тым,
Алладан тілек тілеп қала бердік,
Жаныңа жай бұйыртсын жəннаттан деп.
Иманыңды серік қып жарылқасын,
Нұрына бөлесінші жаратқан тек.
Еске алып, асқа шақырушылар: жұбайы Айткүл
жəне ұл-қыздары, немерелері.
Күн сайын құбылып тұрған бүгінгі дү -
ниенің ахуалы адамзатты түрлі сынақтарға
салып жəне де сол адамзат баласының ба-
сына түрлі қауіп пен қатерін де төндіріп тұр.
Ақылы мен парасаты бар жəне де ғылымы
мен техникасы сəт сайын жетілдіріліп жат -
қан дүние ғаламының адамы əлі де соғыс
пен түрлі қарулы қақтығыс тар дан көз аша
алмай келе жат қан ды ғы, əрине, өкінішті-ақ.
Келісе ал май, керісіп жатқан бүгінгі дүние -
нің бейбіт тыныштығы қашан орнар екен
деген алаң көңілдің орнына түсер күні туар
ма екен?!
Сонау Африка құрлығы мен Таяу Шығыс
елдерінен бір жандарына ты ныштық іздеп,
ашық теңізбен қолда рына түскен қалт-құлт
еткен қайыққа мініп, шыбын жандарын
қатерге тігіп, Еуропа құрлығына лап қойған
бос қындар енді сол Еуропа мемлекетте -
рінің өздерін саяси, əлеуметтік-эко
номи -
калық тығырыққа тіреп отыр. Бұл жағдайға,
яғни халықтың босып кетуіне Африка мен
Азияның жекелеген мемлекеттеріндегі же-
келеген тай пааралық жəне діни көзқарас -
тардың қарулы қақтығыстарының созылма -
лы жағдайы себепкер болды.
XXI ғасыр да адамзат баласының үмітін
екіұдайлы қылмақшы ма? Алай да, бұл ға -
сырдың да қаупі мен қатері аз болмай тын -
дығын Қазақстан Республикасының Пре -
зиденті, Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы На-
зарбаев сан мəрте айтумен болған-ды.
Елба сы 2015 жылғы 30 қарашада «Қа
-
зақстан жаңа жаһандық нақты ахуал
да:
өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан
халқына Жолдауында: «Əлем тұрақ
сыз
бола түсті. Жетекші державалар бір-біріне
қарсы санкциялар енгізді. Олардың ара -
сын дағы сенім күрт тө мендеп кетті. Таяу
жəне Орта Шығыс, Солтүстік жəне Орталық
Африка өңірлеріндегі тұрақсыздық пен дау-
жанжалдар кең ауқымды бос қындар ағы -
нына апарып соқтырды. Əрбір күн тер
-
рорлық актілер мен он даған адам дардың
қаза тапқандары туралы хабарлар жеткі-
зуде. Бүгінде халық
ара лық терроризм
əлемге елеулі қатер төндіріп тұр», деп атап
көрсетіп, за
ман ның бүгінгі сипатын дəл
анықтап айтқан-ды.
Қазіргі уақытта əлемді толғанды
рып
отырған экстремизм мен діни радикализм
мəселесі біздің елімізді де шет айналып
өтпесі анық. Өйткені, геосаяси орналасу
жағдайы мен əлем
дік қоғамдастықтағы,
соның ішін де экономикалық əрі стратегия -
лық жағынан алар маңызды орны бар елі -
міздің көпэтностық пен көпконфес сиялық
ерекшелігін өздерінің теріс пиғылды əрекет -
теріне пайдаланып қалғысы келетін сыртқы
да, ішкі де күштердің табылмай қалмасы
анық. Бүгінгі күні өз Тəуелсіздігінің 25 жыл -
дығының кезеңінде тұрған Қазақстан
ды
əлемдегі тыныштық пен бейбіт
шіліктің
аралы деп айтар болсақ, бұл Елбасы
Нұрсұлтан Назарбаевтың ішкі жəне сыртқы
саясатты адал да көрегендікпен, заманның
тынысын алдын ала сезіп, болашақты
дұрыс бағдарлай білерлік алғыр ойының
жемісі деп санаймыз. Көпдінді жəне көптілді
Қазақстанның бүгінгі əлемдік абыройын
сақтау жəне жүздеген ұлысқа құтты мекен
болып отырған өзіміздің туған еліміздің
тыныштығы мен береке-бірлігін нығайту,
Елбасы алдымызға тартып отырған Ұлт
жоспарын орындау мəселесінің де, мін дет -
тердің де ең маңыздысы болып саналады.
Заманның желікпе желімен желпініп те
желігіп те, алды-артын ойламастан азғы -
рынды бір жолға түсіп кетіп жатқан өз отан -
дастарымыздың кейбір əрекеттері мен қы -
лық тарына нали сың, тіпті, соған жаныңның
да ауыратыны бар. Əсіресе, жекелеген аза -
маттарымыздың жалған «жиһад ты» желеу-
леткен теріс идеяның жетегіне еріп, адам
қаны судай шашылып жатқан Таяу Шы ғыс -
тағы Сирияға ба рып жатқандықтары алаң -
дата түседі. Өйткені, қазіргі уақытта Қа -
зақстанның арнайы қызмет органдарының
мəлі меті бойынша біздің елімізден Таяу
Шығыстағы қарулы қақтығыстар жүріп жат -
қан соғыс ошағына аттанған аза маттардың
саны 400-ді құрап отыр, олардың 250-і
əйелдер мен балалар екен.
Ал, енді жалған «жиһад» жариялап,
ислам атымен сол Сирия жерінде лаң са -
лып отырған Қазақстанда тыйым салынған
ДАИШ ұйымының (ескерту: ДАИШ ұйымы -
ның ИГИЛ-ден («Исламское государство
Ирака и Леванта») ешбір айырмашылығы
жоқ жəне арабшаға «ad-Dawla al-Islamiya lil-
Iraq wa ash-Sham» (ДАИШ) болып аудары-
лады) исламмен еш байланысы жоқ
екендігін діни қайраткерлер де, əлем сая-
сатшылары да айтып əрі дəлелдеп отыр.
Расында, жекелеген топтар мен жекелеген
діни экстре мис тердің бүгінгі əрекеттерін,
олар дың жүргізіп отырған саясаттары мен
адам баласына қастандық жасауға негіз-
делген амалдарын исламмен жанастыруға
ешқандай негіз жоқ. Мұ ны «ислам» сөзін
пайдалану арқылы өз идеологиясын тара-
тып, өздерінің қатарына жақтас адамдарды
тарту дың бір жолы ғана деп білген абзал.
Діни уағызбен елдің санасына би
лік
жасау оңай болса керек. Сондық тан да, са-
наны жаулайтын əдістің бірі – діннің атын
жамылу арқылы, əсі
ре се, əлі ой-санасы
мен көзқарасы то лық қалыптасып болмаған
жастарды тура жолдан адастырып, оларды
иманынан жаңылдыру еліміздегі ішкі тұрақ -
тылыққа қауіп төндірерін де ойлағанымыз
абзал. Жалған «жиһад
тың» желеуімен
жазығы жоқ адам баласын қыруға жол бе-
ретін террорлық əрекеттердің ешқайсысы
да ешқан дай бір дінге де, идеологияға да
қатысы жоқ. Тек олар дін мен идеологияны
өздерінің адам баласына қар сы жасалып
жатқан жауыздық əре кет- терін ақтап алу
үшін ғана пайдала на тындығын білгеніміз
жөн.
ДАИШ содырларының қаншама
жазықсыз жандардың өмірлерін қиып, небір
қанішерлік əрекеттерге барып жүргендіктері
жайлы деректі мəлімет
терді бұқаралық
ақпарат құралдары айтып та, жазып та
жатыр. Түркияның астанасы Анкара
қаласында күні кеше жанкештілердің халық
көп жиналатын автобус аялдамасының жа-
нында жарылыс жасауы адам қанын
жазықсыз шашу мен адам баласы
ның
бейкүнə өмірін жауыздықпен қию емес пе?
Бұл қай дінге, қай иманға, қай заңға
сыяды?! Əрине, Анкара
да ғы бұл
жарылысқа ДАИШ содырла ры ның қатысы
да жоқ болар. Де
ген- мен, ислам атын
жамылған ДАИШ сияқты мұндай
ұйымдардың жəне де кез келген
«жиһадшыл» жанкеш
ті лердің əрекеттері
мен олардың ұстанымдарын барша адам-
зат баласына, оның түрі мен түсіне де, тілі
мен дініне де қарамастан, тек ізгілік пен
жақсылық қана тілейтін, əлемде тек бейбіт-
шілік болуын ғана көздейтін ислам дінімен
жанастырудың еш қисыны жоқ қой деп ой-
лаймыз. Жал пы, ислам діні мен лаңкестік
əре кет терді бір сатыға қойып, бірге жіктеу,
болмаса ислам мен лаңкестік əре кеттер
арасында əлдебір байланыс бар деудің өзі
жаңсақ пікір болар еді.
Бұған бірден-бір дəлел қасиетті
Құранның «Мəида» сүресінің 32-аятында
«Жазықсыз адамды өлтірген адам – барлық
адам баласын өлтір генмен тең (күнəһар)
болады», деп көрсетілгендігі бар. Ал,
Мұхаммед пай ғамбар болса, «Ақиқатында
сен дердің қандарың, мал-мүліктерің бір-
бірің үшін қастерлі, қол сұғуға бол - майды.
Мына қажылық күніндей қастерлі, қажылық
айындай қастерлі, Мекке қаласындай
қастерлі», деп өсиет қалдырған жоқ па еді?
Осы екі ғана дəлеліміздің өзі жалпы адам -
заттық құндылықтарды басшылыққа ала-
тын өзге де діндер тəрізді ислам діні де
жазықсыз адамға, оның өмі
ріне, жеке
мүлкіне немесе ар-намысына қатысты
қандай да бір басқын
- шылық жасауға
рұқсат бермейтіндігін айғақтап тұр ғой деп
ойлаймыз. Ислам
ның бұл қағидасы –
барша адамзатқа ортақ қағида боларлық
құндылық.
Қазіргі уақытта Қазақстанда діни наным-
сенім бостандығы Конституциямен
қамтамасыз етіліп отыр. Со
ған орай,
көптеген ұлттар, ұлыстар мен
конфессиялардың өкілдері өзара келісім
мен мəмілегерлікте, ынты мақ та өмір сүріп
жатыр. Қазақстан аума ғында заңды түрде
тіркелген барлық діни бірлестіктер заң ая-
сында еркін қызмет етуде. Елімізде мемле-
кет құраушы қазақ ұлтының жəне басқа да
бірқатар мұсылман ұлттарының ата діні
болып табылатын ислам дінін ұстануға,
ғибадаттарын орындауға, діни мерекелерін
тойлауға барлық жағдай жасалған. Мұндай
жағдай өзге де жетекші діндерді ұстану шы -
лар да да бар. Жəне де Елбасының Жарлы -
ғымен мұсылмандардың Құр бан айт жəне
православиелік Рождество мейрамдары
-
ның алғашқы күн
дерінің демалыс күні
болып белгіле нуінің өзі еліміздегі əр дінге
деген зор құрметті көрсетсе керек.
Жалпы, Қазақстанда барлық дəс түр лі
діндерге деген зор құрмет бар. Мұны əлем
мойындап отыр. Қа зақстан Республика сы -
ның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назар -
баевтың тікелей бастамасымен жəне
ұй ым дастыруымен Астана қаласында 2003
жылдан бастап əлемдік жəне дəстүрлі дін-
дер лидерлерінің съездері өткізіліп келеді.
Бұл – XXI ға сырдың аса ауқымды оқи ға -
ларының бірі.
Қазақ елі жəне оның Президенті адамзат
дамуының бүгінгі аса ма ңыз ды кезеңінде
əлемдік жəне дəстүрлі діндердің лидерле -
рінің басқосуларын бес рет өткізуі бұған
дейін əлемнің бірде-бір мемлекетінің жəне
ешбір мемлекет басшыларының қолынан
келмеген іс болатын. Елбасының кон
-
фессияаралық үнқатысу мен лаңкес тікке
қарсы əрекет жасауды ұдайы жалғастыру
жөніндегі бастамасын одан əрі жүзеге асы -
ру мақсатында қазіргі уақытта Қа зақстан
Республикасы Парламенті Сенатының
Төраға сы, əлемдік жəне дəстүрлі діндер ли-
дерлері съезі хатшылығының басшысы
Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетекшілігімен
биылғы жылдың 31 ма мы ры мен 1 мау-
сымы күндері Астана қаласында «Дін – тер-
роризмге қар
сы» тақырыбымен халық
-
аралық конференция өткізуге дайындық
жұмыс тары жүріп жатыр. Əлемнің дəстүрлі
діндерінің беделді деген өкілдері мен əр
елдің парламентарийлері бас қо сады деп
күтіліп отырған бұл Астана шарасының дəл
қазіргі мына аласапыран заманда лаңкестік
əрекеттер жасаушылардың дүниенің бар
құрлы ғын қауіп пен қатерде ұстап, үрей -
лендіріп отырған кезеңде сол лаң кестікке
тоқтау айтардағы да, тос қау ыл болардағы
да маңыздылығының арта түсері хақ.
Қазақстан Республикасының «Діни қыз -
мет жəне діни бірлестіктер туралы» Заңы -
ның преамбуласында ханафи бағытындағы
ислам дінінің ел дің рухани дамуындағы та-
рихи рөлі нің танылатындығы да жəне орны
да бар екендігі атап көрсетілгендігін білуіміз
керек. Бұл қазақ мемлекет
ті лігінің жəне
оның рухани-мəдени құндылықтарының қа -
лыптасуына ертеден негіз болғандығымен
қатар, қазақ ұлтының жəне Қазақстан же-
ріндегі көптеген этностардың ата діні болып
табылатын исламның ел халқының өмірін -
дегі рухани-мəдени маңызын айғақтай түсе -
ді.
Міне, өз елімізде, өзіміздің ежелгі қазақ
жерінде ислам дінінің дамуына жасалып
отырған осындай ауқымды да жан-жақты
жағдайлардың да, еліміздегі бейбіт өмірдің
бағасын да білмей, соңғы уақытта тым
көбейіп кет кен түрлі діни жат ағымдардың
ықпа лына еріп, еліктеуге бейім жаста ры -
мыздың қанды қырғынға оранған Си рия же-
ріне шекара асып барып жатқаны, əрине,
өкінішті жағдай. Ал, енді жиһадшылардың
жалған жарнамасына еліккен де жаңылған,
əлі жеткілікті білімдері де аз жастардың
арасында өз бастарын қауіп пен қатерге тік-
кен қыздарымыздың болуы, онан да өкі -
ніштісі жас балаларымызды да қасапты
қырғынға алып бару тіпті де обал емес пе?
Ойланайық!
Біз ендігі арада тұтас қоғам болып, өз
азаматтарымызды, əсіресе, соның ішінде
жастарымызды, қыздарымыз бен балала-
рымызды ДАИШ зұлма
ты ның апатынан,
өзге де жат пиғылдағы діни ағымдардың
ықпалынан арашалап қалуға жұмылуымыз
керек. Ол үшін ең əуелі елімізде қолға алы-
нып, іске асырылып отырған ақпараттық-
түсіндіру жұмыстарына қарқын бере түсіп,
ағарту жұмыстарын жандан ды руға тиісті-
міз. Біз жастарымызды жал ған құндылық -
тар дан бойын аулақ ұстауға үйретіп, олар -
ды отансүй гіш тікке, мейірімділікке, адам-
гершілікке баулып, дəстүр мен ұлттық
құнды лық тарды бойына сіңірген рухы биік,
намысты азаматтар етіп тəр
бие леуіміз
қажет. Бұл үшін қоғам мүше
ле рінің діни
жəне дінтанулық сауат ты лығын арттырып
қана қоймай, аза маттық белсенділігін кү -
шейту, отан сүйгіштік сезімдеріне ой салу,
ғасырлар бойы қалыптасқан діни таным
мен рухани құндылықтарды жаңғыр ту, мə -
мілегер, бейбітсүйгіш мінездер
ге қозғау
салу қазіргі таңдағы идео логиялық бағда -
рымыздың негізгі өзегіне айналуы тиіс.
Теріс пиғылды əрі жалған діни ағымдар
мен түрлі сипаттағы экстремистік жəне тер-
рористік ұйымдардың əрекетіне бірлесіп
қарсы тұратын шеп құру біздің барлығы -
мыздың ортақ міндетіміз болуы тиіс деп са-
наймын. Өйткені, экстремистік идеялар
халық ты өзінің ертеден келе жатқан бай ру-
хани құндылықтары мен салт-дəс түрінен
бас тартқыза отырып, азамат тардың ұлт -
тық, тарихи, мəдени, рухани санасын жою -
ды көздейтіндігі де жасырын емес. Ал, тап
мұндай идеология кез келген мемлекетке,
сондай-ақ, Қазақстан үшін де аса қауіпті
екені күмəнсіз. Бір сөзбен айтқанда, өзі мізді
өзімізден безіндіру еліміздің ішкі тұрақты -
лығына да елеулі қатер төн діретіндігін есі-
мізде ұстайық.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назар-
баев өзінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы
қалыптасқан мемлекет
тің жаңа саяси
бағыты» атты Жолдауында «Бүгінде біздің
халқымыз үшін дəстүрлі емес діни жəне
жалған діни ағымдар мəселесі өткір тұр.
Жаста рымыздың бір бөлігі өмірге осы жат,
жалған діни көзқарасты көзсіз қа был дайды,
өйткені, біздің қоғамның бір бөлігінде шет-
тен келген жалған діни əсерлерге иммуни-
тет əлсіз», деп атап көрсетуі біздің қоғам -
ның сақтық жұ мыс тарын одан əрі жандан-
дыру мə се лесін ешқашан назардан қағыс
қалдырмауға міндеттеп тұрғандығын тере -
ңірек зерделегеніміз абзал.
Өзінің тəуелсіздігін жариялаған күннен
бастап өзін зайырлы, құқықтық жəне əлеу -
меттік мемлекет ретінде орнықтырған Қа -
зақстанның Ата Заңы мен дін туралы заң -
намаларында экстремизм мен радикализм -
нің барлық көріністеріне, азаматтардың
құқықта ры на қысым жасауды көздейтін əре -
кеттерге қарсы тұру толыққанды қа расты -
рылғанымен, біз ендігі арада діни экстре -
мизм өршіп тұрған қазіргі уақытта көптеген
ұлт өкілдері мекендеп, көптеген конфессия-
лар қызмет атқаратын ел үшін ұлтаралық
жəне дінаралық татулықты сақтаудың одан
əрі маңызды бола түсерін айтар едік.
Діни экстремизм белгілерінің ал дын алу
жəне терроризм қаупіне жол бермеу арқы -
лы адамның, қоғам жəне мемлекеттің қауіп -
сіздігін қамтамасыз етуге бағытталып,
Мемлекет басшы сының Жарлығымен бекі-
тілген «2013-2017 жылдарға арналған діни
экс тремизм мен терроризмге қарсы іс-қи -
мыл туралы» мемлекеттік бағдар ламаның
елдің бірлігі мен ынтымағын жəне діни аху-
алды қалыпты ұстап тұрудағы маңызы
айрықша екендігін уақыттың өзі нықтай
түсуде. Соған сəйкес, жұмыстар жүргізілуі
тиіс екені де айтпаса да түсінікті. Осы
орайда дін саласына қатысы бар мемлекет-
тік органдардың жұмыстары жүйелі дең -
гейдегі жолға қойылса, нұр үстіне нұр
болмақ. Қысқасы, осы бағыттағы жұ мыстар
əлі де ширатыла түссе, ұта ры мыз көп.
Əлемді алакөңіл қылып алаңда
тып,
қоғамымызға індет болып жабыса бастаған
ДАИШ-ке қатысты жағдай саясаткер жəне
қаламгер азамат ретінде мені де бей-жай
қал дыр мағаны анық. Жат пиғылдағы діни
ағымдардың жымысқы əрекеттерін əшкере -
леу мақсатында «Жан шырылы» атты
драмалық шығарма жа зып шықтым. Бұл
пьесамда ел ішіне дендеп еніп келе жатқан
жат діни ағымдардың жетегінділердің айт -
қан дарына еріп, шындық іздеп шырға лаңға
түскен адамдардың, өз ата-анасынан,
өзінің салты мен дəс түрінен, ақыр соңында
өз туған жерінен безген жандардың қайғы-
қасіреттері, шетелдік содырлардың қол
-
дарына түскеннен кейінгі алданып, арбал -
ғандардың өзектерін өртеген өкініштері,
сансыз соқпақтың арасынан жол таппай
аңырған, туған елдеріне жете алмай са-
насы сансырап, шырқыраған жандардың
жан шырылы айтылады. Бұл драма екі
жылдан бері Көкшетаудағы Ш.Құсайынов
атындағы қазақ драма театрында сəтті
жүріп жатыр. Алдағы уақытта шығарманы
елорда сахнасында жəне еліміздің өзге
өңірлерінде қою жоспарланып отыр.
Осы драманы жазу барысында көптеген
жайларды зерттедім, мамандармен пікір
алмасудың барысында қазіргі жастардың
өз ата-аналарын, туған жерлерін тастап,
«жиһадқа» ба рып мағынасыз өлімге бас
тігулерінің басты себебі діни сауатсыз
-
дықтан жəне фундаментальді білімдерінің
же тіспеушіліктерінен болып жатқан дығын
аңдадым. Ал, радикалды ұйымдар болса,
өз қатарларына жас- тарымызды тарту үшін
олардың осы бір осал тұстарын тиімді пай-
даланып қалып жатыр. Діни радикалдар
болса «нағыз ислам мемлекетінің» Сирия
жерінде екенін айтып, жастарымызды елік-
тіріп, «тамаша, адал да таза өмірдің» сонда
екеніне, ол жерде жан тапсырған адамның
жұмаққа баратынына сендіріп, шала сау-
атты жастар ды сол жаққа хижра жасауға
желік - тіріп жүр.
Алайда, діни-экстремистік ұйым дар дың
негізгі мақсаты – ел ішіне лаң салу, бүлік ту-
дыру, діндес адамдар дың араларын аран-
дату, бір-бірімен соғыстыру, сол арқылы
аттөбеліндей аз ғана топтың материалдық
мүд десін көздейтіндіктері қазір айдай
əлемге белгілі болып қалды. Сон дықтан да,
қазіргі жастарға діни экстремизм мен лаң -
кестік əрекеттердің түпкі мəні мен мақсат -
тарын тереңірек түсіндіріп, ненің бұрыс,
ненің дұрыс екенін ажырата білулеріне күш
салуымыз керек. Жастарымыздың ізгі мұ -
раттағы діннен дұрыс білім алуларына ай -
рықша көңіл бөлінгені жөн. Теріс пиғылды
жат ағымдардың өз мүдделері үшін əдейі
бұрмалап, əсіре пайдаланып жүрген кей
ұғымдары ның исламдағы шынайы мəнін
те ре ңірек ашып, ұғындыруға діни қызмет -
керлеріміз мен теолог ғалымдарымыз бел-
сенді атсалысулары керек.
Бұл мəселеге осы тұрғыдан келе от-
ырып, біз ең əуелі жиһадтың ең алдымен
адамның өз нəпсісін тəрбие леу екендігін,
өзін өлтірудің жəне де жазықсыз өзге жан-
дарды өлтірудің исламда үлкен күнə сана-
латынын жастарымыздың жəне де бүгінгі
өсіп келе жатқан жас ұрпақтың саналарына
күн сайын сіңіруге тиістіміз. Еліміздің ертеңі,
болашағымыздың тірегі саналатын жаста-
рымыз аға буынның жанашырлық тəлімін
дұрыс қабылдап, туған еліміздің игілігіне
қызмет етуге күш салғаны абзал.
ТОЛҒАНДЫРАР ТАҚЫРЫП
Жұмақ іздеп желікпе,
туған жерің барында
Достарыңызбен бөлісу: