Сонау, 1983
жылдан бастау алатын бұл
мерекенің ерекшелігі – елдің, жердің өткен
тарихынан сыр шертетін көне дəуір кесене-
лері мен болашаққа жол сілтер батыр
бабалары мыздың тұлғалары сомдалған
еңселі ескерткіштерімізді халыққа, жастарға
насихаттау, өткенге құрмет көрсету болып та-
былады.
Өздеріңізге белгілі бабалар салып кеткен
сара жолдың сарғайып, көмескіленіп, ұлттық
құндылықтарымыз замана теперішіне
ұшырап ұмыт бола бастағанда, еліміз еге-
мендік алып, есін жиып, көненің көзіндей
болған тарихи-мəдени ескерткіштерімізге
деген көзқарас жаңаша бағыт алып, жаңғыр -
тыла бастады. Соны айғақтайтын ауданы-
мызда ауыз толты - рып айтар лық тай
жұмыстар да баршылық. Мысалы, 2005-2006
жылдары Оқшы ата мазара тындағы Асан
ата, Оқшы ата ке се не леріне республикалық
бюджеттен қомақты қаражат тар бөлініп,
қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіл се,
одан бері де орнатылып жатқан Мұстафа
Шоқай, Ғафур Мұхамед жанов пен
Шəймерден Бəкіров сынды қоғам қайраткер -
лерінің мүсіндері мен күні кеше күрделі жөн -
деуден өткізіліп, пайда лануға берілген
Н.Беке - жанов мемориалдық өнер музейі
ғимаратына да қазына қалтасынан қомақты
қаражаттар бөлініп, ел игілігіне пайдалануда.
Былтыр, яғни 1941-1945 жылдардағы Ұлы
Отан соғысын дағы Жеңістің 70 жылдығы
қарсаңында, аудан аумағындағы Ұлы Отан
соғысы құрбандарына арналған ескерткіштер
мен белгі-тақталардың барлығына жөндеу,
қайта қалпына келтіру жəне жаңадан орнату
жұмыстары жүргізілді. Олардың жалпы саны
– 27 болса, соның 10-ы жаңадан салынып,
қал ған 17-не жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Ал, бұл жұмыстарға аудан дық бюджеттен
бөлінген қаражат
көлемі 2014
жылы –
63 238,0 теңге
болса, 2015
жылы –
36 800,0 теңге
болып, бар лығы –
100 038,0 теңгені
құрады. Бүгінгі
күні бұл мере кенің
басты та -
қырыбына ай -
налып отыр ған
ауданы мыз дағыта -
рихи, мəде ни ес-
керткіштеріміз ту-
ралы қыс қаша
ай тып өтсем.
Аудан
аумағында бүгінгі
күнге мемлекеттік
қорғау тізіміне
алын ған 45 ес-
керткіш бар. Олар
маңыз дылығына
қарай
3 топқа бөлінеді,
республикалық
маңызы бары – 1,
жергілікті маңызы
бары – 25, ал дын
ала есепке
алынғандар саны – 19. Оның ішінде,
археологиялық ескерткіштер – 14, қала құры -
лысы жəне сəулет ескерткіштері – 31. ҚР
Мəдениет туралы Заңының 3 тарау,
11 бабында: «Қазақстан Республикасының
əрбір азаматы тарихи жəне мəдени мұраны
сақ тауға, қамқорлық жасауға, тарих жəне
мəдениет ескерткіштерін, та биғи
құндылықтарды қас терлеуге міндетті» – делін-
ген.
Əрбір адамның өзі туып өскен жерінің та-
рихын, оның ардақты аза мат тарының
өмірдерегін ег жей-тегжейлі оқып білуі, зерде-
сінде тоқуы абзал. Бүгінгі өмір та лабы ха лық -
тың рухын асқақтату, ұлт тық сана сезімін
өрлету болса, ата-бабалардан қал ған рухани
байлығы мыз ды, мəдени-тарихи орын -
дарымызды көзіміз дің қара шығындай сақтап,
оны қадір леп-қастерлеу біз дің қасиетті боры-
шымыз.
Ауданымызда дəстүр ге айналып, жыл
сайын аталып өті летін 18 сəуір – ха лық -
аралық ескерткіштер мен тарихи орын дарды
қорғау күні биыл ғы жылы да өз жалғасын
тауып, аудан көлемін дегі еңселі ескерткіштер
жанында, ауыл орта лық та рында орналас қан
Ұлы Отан соғысында құрбан болған жауынгер
жерлестерімізге орнатылған ескерткіш-
белгілердің жанында, мəде ниет үйлері мен кі-
тапханаларда, мұражай лар да мəде ни-
көпшілік іс шаралар ұйым дастырылып,
өткізілді. Қасиетті орындарымыз ды, киелі
тұлғаларымызды ұлық тау бағытында осын-
дай жұмыстар алдағы уақытта да жал ға сын
таба бермек.
Бекболат ƏБУТЕГІ,
аудандық мəдениет жəне тілдерді
дамыту бөлімінің қызметкері.
№31 (8382) 20 сәуір, сәрсенбі, 2016 жыл
2-бет
Қ.ҚАЛМЕНОВ – 90
БҰРЫНҒЫНЫҢ ХАС БАТЫР-
ЛАРЫНДАЙ ГЕНЕРАЛ ҚАЛМЕНОВ
ӨМІРІНІҢ ТАЯҚ ҰСТАР СОҢҒЫ
ЖЫЛДАРЫНДА ЕЛГЕ ЖИІ-ЖИІ
АТБАСЫН БҰРЫП ЖҮРДІ. ДАНА
ГЕНЕРАЛДЫҢ ҚҰРМЕТІНЕ
ЖЫЛДА ӘЗ-НАУРЫЗ МЕРЕКЕ-
СІНЕ АРНАЙЫ ҚАЛМЕНОВ
АТЫНДАҒЫ КИІЗ ҮЙ ТІГІЛІП, АТЫ
АҢЫЗҒА АЙНАЛҒАН АҒАМЫЗДЫ
ҚОШЕМЕТПЕН ҚАРСЫ АЛАТЫН-
БЫЗ. ЕҢБЕГІНІҢ АЙҒАҒЫНДАЙ
КЕҢ КЕУДЕСІ ОРДЕН,
МЕДАЛЬДАРҒА ТОЛЫ ЗОР АДАМ
АУДАНДЫҚ ІШКІ ІСТЕР БӨЛІМІ
АРДАГЕРЛЕРІМЕН СҰХБАТТАСА
КЕТЕТІН. "МЫНА БАЛА ҚАЙ
БАЛА?" ДЕП ЖАС ПОЛИЦИЯ
ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ НАЗАР
АУДАРЫП, СҰРАСТЫРЫП ОТ-
ЫРАТЫН. СҰСТЫ КЕЛГЕН КЕЛ-
БЕТІН ЖАСЫРҒАНДАЙ СӘЛ
КҮЛІМДЕП ӨТКІР КӨЗІН ҚАДАЙ
ҚАЛАТЫН.
Ãåíåðàë
Генерал Құлахмет Қалменовтің есімі
көне көз жұртты елең еткізіп, қылмыс әле -
міндегі "жағымсыздарды" селт еткізетін.
Қазақ халқынан шыққан ішкі істер қыз ме -
тінің ал ғашқы милиция генералдарының
бірі Құлахмет Қалменов өзінің жетпіс жыл-
дан аса күрделі, қиын жолында талай та-
рихи уақиғалардың куәсі болған. Есінде
сақтау, қабілеті ерекше азамат елімізге
та нымал белгілі зиялы адамдармен, көр -
нек ті қайраткерлермен жақын қарым-қа -
тынаста болып сыйласқан, сырласқан дос
болған. Жақсы мен жаман қатар жүре тін -
діктен, оны да даттаған, алдын кесіп атта -
ғандар да кездесіп отырған. Бірақ осындай
келеңсіздіктердің бәріне ол – әділдік пен
туралық, еңбексүйгіштік пен қайтпас қай -
сар лығымен жауап беріп, өзінің азаматтық
тұлғасын көрсеткен. Сондықтан да, гене-
рал Қалменовтің ел алдындағы, қоғам ал -
дындағы беделі айрықша, жоғары. Иығы -
на погон тағып, айналасына темірдей
тәртіп орнатуға ұмтылған жолда көпшілік
жұрт жақтыра бермесі де анық. Осындай
мақ сат тағы көптеген генералдардың ара-
сынан аты тәуір жағынан аңызға айналған
Қ.Қалменов Сыр бойының, Шиелінің бетке
тұтар мақтанышы. Ол қырық бес жылдай
милиция саласында еңбек етті. Темірдей
тәртіппен тынымсыз қырағы лық ты қажет,
талап ететін қызметтің ұшар басында жү -
ріп халықтың құрметіне бөлену, олардың
жүрегінде жатталып қалу – генерал Құлах -
мет Қалменовке ғана тән болмыс бола-
тын. Сапта жүрген шағында әскери тәртіп -
пен мұнтаздай жинақы да салмақты қал -
пынан таймаса, жасы ұлғайған сексеннің
сеңгірінен асып, тоқсанның торқасын ал -
қымдаған қарттығында да күш-қуатынан
қалмағандығын аңғартатын.
Генерал Қал меновтің ел алдындағы,
қоғам алдындағы беделі өте жоғары бол -
ды. Оның мили ция ға келуі де кез дей соқ.
Ол әскер қатарына шақырылып, майданға
артиллерист бо лып аттанғалы тұрғанда,
сол жерде учаскелік инспектор кездесіп,
"оқуға барғың келмей ме, милиция қыз -
мет керлерін дайындайтын бір жылдық
курсқа екі орынға адам керек" – дейді.
Сөйтіп, 1944 жылы аяқ астынан Құлахмет
Алма ты дағы ішкі істер министрлігінің бір
жылдық оқуына жіберіледі. Болашақ гене -
ралдың дара жолы басталғанын ол кезде
бала Құлах мет қайдан білсін. 1945 жылы
оқуын ойда ғыдай тәмамдаған оперативті
қызметкер Қ.Қалменов жолынан жығыл -
май қоғам тыныштығын, ел бірлігін күзе -
тумен жарты ғасырға жуық тер төкті. Жай
сақшылықтан алтын оқа та ғынып, гене-
рал-майор атан ды. Бір көргенде қатал,
сұсы басым көрі нетін Қ.Қалменов сөйлесе
келе жаны нәзік, жү зінен жылулық төгіліп
тұратын кісі екендігін аңғарасыз. Оның
"Өмір белестері" орыс тілінде жазған "Вос-
поминия генерала милиции", "Замана ты-
нысы", "Құныққан қасқырлар", "Оң түстік
Қазақстан облысы ішкі істер қызметкер -
лерінің энцикло пе дия лық анықтамалығы"
және біріккен автор лық "Комиссар жазба-
лары" атты кітаптары оқырмандардың із -
деп жүріп оқитын шығармаларына айнал -
ды. Оның шығар маларынан табиғи та -
ланттың исі бұрқы рап тұр. Егер Құ лах мет
Қалменов мили ция мамандығын таңда -
мағанда, көрнекті жазушы атанары сөзсіз
еді. Ол еңбек сүйгіштігінің, қайсарлығы -
ның, жігерлігінің арқасында 1970 жылы ге-
нерал-майор шенін алса, 1972 жылы өз
кәсібіне сай та қы рыпта заң ғылымының
кандидаты диссертациясын қорғап шыға -
ды. Оның осы ғалымдығы жазушылық
өнермен ұштасып, өмірге қызықты, оқиға -
лы кітаптар дүниеге келді.
"Әке көрген оқ жонар"... деп, оның екі
ұлы әке жолын қуып өсіп, биік арман-
дарды бағындырды. "Артында қызы қал -
ғанның – ісі қал ғаны, ұлы қалғанның өзі
қалғаны" демекші, бар саналы ғұ мы рын
заңға қайшы жасалатын озбырлықтардан
азамат тардың құқығын қорғап, қоғамдық
тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету,
қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың
алдын алу, оның жолын кесуде жастық
шақтарын, асыл да қымбат жылдарын
сарп еткен әкесінің ізін басып, осы салада
қызмет атқарған қос бірдей ұлдары Ахмет
пен Сардар да ұрпақ сабақтастығын
жалғастырды. Ахмет Құлахметұлы ұзақ
жылдар Алматы қаласында құқық сала-
сында қызмет етті. Әкесі секілді заң ғы -
лымының кандидаты ғылыми дәрежесін
алды. Кафедра меңгерушісі қызметін жә -
не ҚР ішкі істер министрлігі академия сы -
ның ғылыми хатшысы қызметтерін атқа -
рып, бүгінде отставкадағы милиция пол-
ковнигі. Сардар Құлахметұлы да генерал
әкесінің беделіне дақ түсірген емес. Ол
Шығыс Қазақстан облыстық ішкі істер
жедел басқару орталығының басшысы.
Шені – полиция полковнигі. Ал, ұлдары –
Сәкен мен Айдар заман ағымына байла-
нысты өздерінің білімдері мен қабілетте -
рін кәсіпке арнап келеді.
"Бас екеу болмай, мал екеу болмайды"
деп, 1951 жылы сүйіп қосылған жан-жары
Күмісжан бүгінде ша ңырақтың ұйытқысы,
отбасының берекесі, есейіп кетсе де
балаларының анасы, не мерелерінің ал -
тын әжесі. Құлахмет аға ның артында қал -
ған көзі. Әскери адамның әйелі болу да
оңай шаруа емес. Таң ертең ерте кетіп,
кешке беймезгіл уақытта терезе қағатын
сақшыларға жар атану – шыдамды, төзім -
ді, қызғаныш сезімі жоқ, жігі тін жанындай
жақсы кө ретін, оны сыйлап құрметтейтін
қыз-келіншектердің ғана маң дайына жа-
зылса керек. Генерал Қал меновті генерал
еткен, осындай дәреже мансапқа жеткізген
асыл ана Күмісжан жеңгеміз деуге то лық -
тай негіз бар. Жұ бай лардың сыйластығы
дейміз-ау Құлахмет пен Күмісжан бес-
алты жолдастарын шақырып, ерлі-зай-
ыпты болғандарын хабарлап, оны "жуған"
да қойған.
МƏДЕНИ МҰРА
ÒÀÐÈÕÈ-̦ÄÅÍÈ
ÅÑÊÅÐÒÊІØÒÅÐ ÌÅÊÅÍІ
С
С
Е
Е
Р
Р
П
П
І
І
Л
Л
І
І
С
С
Қ
Қ
А
А
Р
Р
Қ
Қ
Ы
Ы
Н
Н
Д
Д
Ы
Ы
СЕНБІЛІК
Ағаш отырғызу күніне орай аудан бойынша
көктемгі тазалық жұмыстары жүргізілді. Бұл күнгі
игілікті іске барлығы мыңнан астам адам
қатысты. Кент іші мен елді мекендерге үш мың -
дай ағаш көшеттері отырғызылып, көктемгі дала
жұмыстары қайнады. Жайма шуақ көктемнің ке-
ремет күнінде ауданымыздың жасыл желекке
айналуына тұрғындар белсене араласты.
№31 (8382) 20 сәуір, сәрсенбі, 2016 жыл
2
2
Жарамсыз деп есептелсін
Чуйков Юрий Николаевичтің атына берілген Ваз 21214 Нива
жеңіл көлігінің 664 АЕА 11 мемлекеттік белгісінің жоғалуына байла-
нысты жарамсыз деп есептелсін.
***
Аймаханов Касымхан Абдиманаковичтің атына берілген
жүргізуші куəлігі жоғалуына байланысты жарамсыз деп есептелсін.
Ассенизатор сатылады
“Газ-53” ассенизатор сатылады немесе жеңіл көлікке ауыстыра-
мын. Ассенизатор жұмыс істеп жүр. 1989 жылы шыққан.
Бағасы 800000 теңге. Хабарласу телефоны: 87029321818.
Сатылады
Жоңышқа прес шөбі сатылады.
Хабарласу телефондары: 4-59-29, 87015181505.
Жалюздер жасаймыз
Ең төмен бағада жалюздер жасаймыз. Алуан түрлері бар. Не-
сиеге де беріледі. Өлшеу, орнату тегін.
Хабарласу телефондары: 4-59-29, 87015181505, 87025084705.
Жалға беріледі
Аудан орталығының оңтай лы жерінде орналасқан екі қабатты
ғимарат ұзақ мерзімге жалға беріледі. Ғимарат офис ке ыңғайлы.
Байланыс телефоны: 87751649616.
Аудандық “Өскен өңір” га зетінің ұжымы газет қызметкері Күлəш
Мырзаеваға ағасы
Ашықбек Шегебаевтың
қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.
Жер сатылады
Шиелі кенті “Бəйтерек” мөл тек ауданында 1 кв-да көлемі 0,1 га
жер сатылады. Хабарласу телефоны: 87053612375. Ғалымжан.
***
Бидайкөл ауылындағы Алмабақ өңірінде 0,15, тоғыз этаж жа-
нында 0,10 гектар жер сатылады. Хабарласу телефондары: 4-31-54,
87025797197.
Үй сатылады
Шиелі кенті Кәрімбаев кө шесі №20 үй тез арада сатылады. Жері 12,5
сотық. Үй 6 бөлмелі + сан узел. Бөлмелері кең әрі биік. Ауызсу ішке кіргізілген.
Аулада 4 сарай, мал, тауық қора, ошақ, гараж, жаз дық жабық беседка бар.
Сатылу бағасы келісім бой ынша. Үй ішіндегі зат тары сатылады. Хабарласу
телефондары: 87479060525, 87029140231.
***
ГРП-23 мөлтек ауданында 13 көше №21 жер учаскесінде орналасқан 10
сотық жері бар, 14х12,5 шаршы метр үсті жабылған 6 бөлмелі тұрғын үй са-
тылады. “КРЭК” мекемесіне қарама-қарсы.
Хабарласу телефоны: 87012386443.
***
Шиелі кенті С.Сейфуллин көшесі 15-ші үйдің 3-ші пәтері сатылады. Үй 6
бөлмелі, еурожөндеу жүргізілген, барлық жағдайы жасалған. Есік алдында
автокөлік гаражы, ошақ қорасы, суы, мансарды бар. Есіктің алды (стяжка)
цементтелген. Үй әкімшіліктің артында орналасқан.
Байланыс телефондары: 4-19-19, 87757099109.
***
Шиелі кенті Дәулеткерей көшесі №10 үйдің 12 пәтері тез арада сатылады.
Үй 2 бөлмелі, 2-ші қабатта орналасқан, еуро жөн деу жүргізілген.
Байланыс телефондары: 87011131240, 87086974010.
***
Шиелі кенті “Шұғыла” мөлтек ауданы №3-ші коттедж сатылады.
Хабарласу телефоны: 87012961017.
Студенттер жатақханасында танысып бірін-бірі
ұнат қалы Құлахметтің атын толық атамай, сардарын
дүниеден озғанша "Құлеке" деген Күмісжандай
қаңлының ілтипатшыл, сабырлы, білімді, мәдениетті
қы зына да генералша қарағанымыз жөн секілді.
"Жақсы әйел күйеуін өрге сүйрейді" деген рас екен.
Қатардағы кіші лейтенанттан генерал Қалменовке
дейін жеткізген жеңгеміз Күмісжанның арқасы дейміз.
Тірі болса, Құлахмет аға да со лай дер еді. Қ.Қалменов
құқық саласында қызмет ете жүріп, қоғам, мемлекет
қайраткерлерімен, өнер майталмандарымен, белгілі
жазушы-ақындармен аралас-құралас болған, жора-
жолдас болып, сыйластықты арттырған. Жас кезінен
Күмісжанның құрбысы Фарида арқылы оның жұбайы
драматург-жазушы Қалтай Мұхамеджанов, Қырғыз
халқының ұлы жазушысы Шыңғыс Айтматов, қазақ -
тың ақиық ақындары Жұбан Молдағалиев, Мұхтар
Шаханов, Қа зақстан Жазушылары одағының төраға -
сы Нұрлан Оразалин, өнер саласында Қазақстанның
халық әртістері ре
жис сер Асқар Тоқпанов, әнші
Нұрғали Нүсіпжановтар, жерлестері, қазақтың клас-
сик ақыны Әбілда Тәжібаев, Нартайтанушы, сазгер
ақын Мұхамеджан Рүстемов, қазақтың көрнекті
ақыны Қадыр Мырзалиев, облыс әкімдері Масымхан
Бейсебаев, Бердібек Сапарбаев, Амалбек Тшанов,
Болат Жылқышиев, генералдар, әріптес достары
Мақан Есболатов, Шырақбек Қабылбаев, Сағынбек
Юсупов, Мұрат Қалматаев, Ғазиз Сұлтанов, милиция
полковниктері Молдаш Ерназаров, Иван Алексеевич
Картамышевтермен т.б. Сондай-ақ, КСРО және
Қазақстан ның халық әртісі, "Халық қаһарманы",
республикаға еңбегі сіңген өнер қайраткері, профес-
сор, ұлы музыкант, композитор Нұрғиса Тілендиев пен
қазақтың біртуар ұлы, академик Шахмардан Есенов-
термен достық қарым-қатынаста болып, жан дүниесін
рухани азық тандырып отырған. Кітаптарында олар ту-
ралы әсерлі лебіз білдіріп, атқарған қызметтеріне оң
баға беріп, мінез-құлқына дейін келешек жастардың
өнегесіне жазып кеткендей. Абайша айтқанда...
"Артыңда өл мей тұғын із қалдыр ған" генерал Қалме -
нов қоғамның тыныштық күзетімен адамдардың жан
дүниесін суреттеген жазушылық өнерді қатар алып
жүрген сөз зергері десек болғандай. Даңқты генерал
Құлахмет Дүйсембекұлы Қалменов 1926 жылы күзгі
қой қырқым кезінде, яғни, қазан айының 15-і күні
Шиелі ауданы Керделі ауылдық кеңесі Жиделіарық
колхозында туған. О заманда қазақтар жазда жай-
лауда, қыста қыстауда мекен еткен. Арғы атасы Қал -
меннің үш әйе лінен бес ұл Шахай, Мұса, Елғонды,
Иманбек және Иманберді туады. Елғондыұлы Дүй -
сем бектен Рахмет пен Исламбек туылып, Дүйсембек
қайтыс болғасын әйелі Бибісара әмеңгерлік жолмен
Шахайдың баласы Жұмабайға тұрмысқа шығады.
Одан дүниеге Құлах мет пен қарындасы Рахима ке-
леді. Қалменнен тара ған ұрпақпыз деп Құлахмет фа-
милиясын Қалменов деп, туған әкесін Дүйсембекұлы
деп жаздырады. Мұны анасы Бибісара да қаласа
керек. Анасының арғы атасы Жиделіарықтан Молда
Омар батыр заманында батырлығымен аты шыққан.
Тең емес шай қаста жау найзасы кеудесіне қадалып,
содан мерт болған. Абыз руынан шыққан айбынды
азамат екен.
Ал, Қалмен әулеті Сыр бойындағы "Тарша" өңірін
қоныс еткен бесарыс тұяқты, оның ішінде соқпаннан
тараған бір қауым ел. Елғондының інісі Иманбектен
үш ұл – Жағыппар, Әбдіманап, Әлиәк барлар тараса,
Жағыппардан Әлиасқар, одан Жағыппаров Тұрмат -
тар тарап отыр. Тұрмағанбетті айтып отырғаным, Құ -
лахмет аға елде туғанымен 1932 жылы ашаршылықта
отбасы Оңтүстік Қазақстан облысы Бостандық
ауданы Қожакент ауылына көшіп барады. Ол кезде
Бостандық ау даны Қазақстанға қараған. Әпербақан,
ашкөз Н.С.Хрущев өт кен ғасырдың алпысыншы жыл-
дары табиғаты бай өңірді Өзбекстанға беріп жіберген.
Кейін ағасы Рахмет Ильич ауданындағы "Мақтарал"
совхозы орталығында орналасқан мемлекеттік банк
бөлімшесінің меңгерушісі қызметіне та ғай ын далып,
сонда көшеді. Құлахмет аудандық халық сотына сот
отырысының хатшысы болып орналасады. Одан ауы-
лына оралып, "Мақтарал" совхозының ұста шеберха-
насына балға соғушы болып кіреді. Сегіз келілік
кувалмен темірді қамырша илеген Құлахметтің бұл
еңбегі "Мақтарал" совхо зы ның елу жылдық тойында
1974 жылы аталып өтіп, "Балға соғушыдан генералға
дейін" деген атпен оның суреті сов хоздың өлкетану
музейіне қойылады. Жас Құлахмет әскер қатарына
шақырылғанға дейін осы Киров ауда нын дағы екінші
"Тоғай" МТС-де трактор бригадасының есепшісі бо -
лып қызмет етеді. Міне, 1945 жылы орган саласын да -
ғы өмір жолын оперативті қызметкерліктен бастаған
Құлахмет Дүй сем бекұлы өзінің адамгершілік, қара -
пайымдылық, қайсар лық, адалдық, әділеттілік қаси -
ет терінің арқасында көптеген генералдар арасында
халыққа жақын болды. Ол дүниеге қызықпады. Ар-
намысты бәрінен жоғары қойды. Қарт генерал Оң түс -
тік Қазақстан облысы Шымкент қаласы төңі ре гінде
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті. Даулы мә се -
лелерге билік, төрелік жасап, облыстың, қаланың
өркен деуіне, экономикасы мен мәдениетінің дамуына
айтар лық тай үлес қосты.
Құқық саласында ұлттық, жергілікті кадр
лерді
тәрбиелеуге ерекше мән берді. Қазақстан Республи-
касы ішкі істер министірлігі қарақшылармен күрес бас -
қармасының тергеушісі болып жүргеннен бөлім
бастығы, капитан И.А.Картамышев Құлахметке оң
көзімен қарап, өзіңдей қазақ мамандарын даярлау ке-
ректігін көп айтады екен. Оның тергеу құжаттарының
сауатты, заңды жазуын үнемі қадағалап, көмектесіп,
қатесін түзеп отырған. Құдай Иванның аузына салды
ма, көп ұзамай Құлахмет Қалменов КСРО ішкі істер
министрлігінің Москва жоғарғы офицерлер мектебіне
оқуға жіберіледі. Бұл 22 жасар лейтенанттың арманға
жеткен күні болатын. Оқуын жақсы бітірген Құ лахмет
оперативті қызметкер, тергеуші, тергеу бөлімінің
бастығы болып шыңдала түседі. Мол тәжірбие
жинақтайды. 1956 жылы Қ.Қалменовті ішкі істер ми-
нистрлігі кадр басқар масы бастығының орынбасары
етіп тағайындайды. Оған ішкі істер министрі Шырақ -
бек Қабылбаевпен тікелей байланыс жасауға мүмкін -
дік туады. Осы қыз метте жүріп Қ.Қалменов жаста
болса, қазақ ұлтының теңдесі жоқ патриоты екенін
аңғартады. Ішкі істер саласындағы кадр жұ мысына
білек сабына кіріседі. Мәскеуден бастап, респуб -
ликадағы барлық облыс, аудан басқармалары мен
бөлім басшылары орыс ұлтынан тағайындалатын,
қазақтарға тек орынбасар лық бұйыратын. Партия сек-
ретарлары да осындай нұсқаумен қызметке орнала-
сты. Жалпы Қазақстан дағы идеология жұмысы осы -
лай қалыптасқан болатын. Осыған қарамастан Қ.Дүй -
сембекұлы ұлттық кадрларды даярлау, олардың
қызметін өсіруде аянбай, талмай ешкімнен сескенбей,
намысын жанып еңбек етеді. Қаншама қазақ офицер-
леріне қамқор болады. Расында соңғы елу жолда
мына кісілер еліміздің ішкі істер министрлері болған
екен – Н.Богданов, А.Пчелкин, И.Долгих, В.Губин,
Ш.Қабылбаев, М.Са пар ғалиев, Д.Панков, Ш.Қабыл -
баев, М.Есболатов, Н.Князов, А.Платаев, Г.Берсенов,
В.Шумов, Қ.Сүлейменов. Бір қызығы 1948 жылға дейін
бірде-бір қазақ министрлердің орынбасары орын -
дығына отырмаған. Ол орынға алғаш рет Меймен Еке-
шов деген қазақ ілінсе, 1949 жылы Сағынбек Юсупов
деген азамат министрдің кадр жөніндегі орынбасары
қызметіне тағайындалады. Осының бәрін ой елегінен
өткізген ұлтжанды Құлахмет Қалменов жергілікті кадр
мәселесін қолға алған болуы керек. Ол өз мақсатына
қол да жеткізді. Бұл бағытта айтыс та, тартыс та аз
болған жоқ. 1959 жылы 32 жасар, майор Құлахмет
Қалменовтың орган саласындағы жұлдызды сәті ба-
сталады. Алматы облыстық партия комитеті ішкі істер
министрлігімен ақылдасып, (бірінші хатшы Масымхан
Бейсебаев) Қ.Қалменовті Алматы облыстық ішкі істер
басқармасының бастығына ұсыныс жасайды. Қазақс -
тан орталық партия комитетінің бюросында басқару -
шы, екінші хатшы Фазыл Кәрібжанов жас жігітке
жауапты қызметіне табыс тілеп, бекітеді. Бұл астана -
лық облыстық ішкі істер басқармасына тағайындал -
ған алғашқы қазақ бастық болатын. Осы тұста
генералдың қазақтың дарабоз перзенті, ұлы компози-
тор-күйші, "Отырар сазы" оркестірінің дирижері
Нұрғиса Тілендиевпен мәңгілік айнымас дос болған -
дарын айтпасқа болмайды. Құлекең Нұр ғи са мен 1949
жылы Мәскеуде танысады. Нұрғиса Чайковский
атындағы консерваторияда студент болса, Қ.Қалме -
нов ішкі істер министрлігінің жоғарғы мектебінде
дәріс алып жүрген кезі екен. Сол таныстық достыққа
айналып, екі алып өмірлік сыйластықта болады.
Құлекең 50 жасқа толғанда сөзін Қадыр Мырзалиевке
жаздырып, досы Құлахметке арнап "Күндер-ай" әнін
шығарады. Ән көп ұзамай нотасымен "Лениншіл жас"
("Жас Алаш") газетіне басылып, астына «Құ лахмет
Қалменовке арналады" деп жазылады. Тойда бұл әнді
Қазақстанның халық әртісі Бақыт Әшімова орын-
дайды. Бірде Н.Тілендиев Қ.Қалменовке "Құстар әні"
әндер жина ғын ұсынады. Кітапқа ұлы композитор
былай деп қолтаң басын қалдырыпты. "Қадірлі досым
Құлахмет, адуынды қа рындасым Күмісжан»!
Ыстық жүрегімнің әр дүрсілі, шат көңілімнің небір
сендер ғана ұғар болған сырлары осы әндер жинағы -
нан орын алды. Осы кітабымдағы "Күндер-ай" әні бір -
ге өткізген бал дәур еннің әрбір сәтін көз алдарыңнан
кетірмесін!