Тәрбиелеу- ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, олардың айналамен қарым – қатынасын өмірге көзқарасын және соған сай мінез құлқын қалыптастыру құралы.Сондықтан тәрбие қашан да ұлт болашағы үшін алғашқы орында тұрады.
«Ешкім де іштей батыр болып тумайды. Батырлық та мінез секілді өскен орта, көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады.»-деп Бауыржан атамыз айтқандай тәрбие қоғамдық ортаға байланысты.Қазіргі жаһандану заманындаадамзатты ұлттың тұрақты дамуының, рухани әлеуетінің артуына кепіл болатын прогрестің рухани-адамгершілік құндылықтарына, ана тілі мен ұлттық менталитеттің маңыздылығын нығайтуға қайта бағдарлау ең маңызды әрекет болып отыр.Сондықтан да қазіргі қоғам талабына сай әлеуметтік бейімділігі жоғары, мәдениетті, ұлттық тәлім-тәрбие алған, білімі мен біліктерін өмірде пайдалана алатын, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру мәселесі тұр.Бала ұлттың болашағы емес пе? Әрине ,қазіргі бала –біздің келешек өміріміздің тұтқасын ұстайтын азамат.Олай болса, қоғамның лайықты ізбасарын дайындау, тәрбиелеп шығару үшін мектепте оқу, тәрбие жұмыстарын көбейтіп, ұлттық ұлағаттылыққа баулып отыруымыз қажет. Әр шәкірт мектеп арқылы өмірге жолдама алады. Мектеп ешуақытта отбасынан, қоғамнан бөлініп, өз бетінше жеке өмір сүрген емес. Сондықтан оның іс-әрекеті отбасымен, көпшілікпен біте қайнасқан. Осы тұрғыдан алғанда мектеп – бала мен тәрбие жұмысын ұйымдастырудың жеке адамның дамуына және қалыптасуында әртүрлі факторлардың үйлестіріп, біріктірудің орталығы. Мектепте тәрбие жүйесінде бекітілген тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің мақсаты,міндеттеріне сүйене отырып,тұжырымдамада берілген бағыттар бойынша түрлі іс-шаралар өткізу арқылы жас ұрпақты тәрбиелеу қолға алынған. Тұжырымдаманы жүзеге асыру барысында жас ұрпақты тәрбиелеудің әлеуметтік маңызы мен болашағын қоғамның түсінуін актуалдандыру; тәрбие міндеттерін жүзеге асыруда интеллектуалдық, ұйымдастырушылық-педагогикалық, әдістемелік және т.б. ресурстарды шоғырландыру; балалар мен жас өспірімдердің түрлі әлеуметтік топтармен өзара қарым-қатынасты реттеуінде жауапты шешім қабылдай алатын және өзіне жетекшілік рөл ала білетін, дербес және жеке тұлға ретінде ашық ақпараттық, білікті, іскерлік және коммуникативтік әлеуметтік кеңістік құруды ұйымдастыру; жас ұрпақтың өзінің рухани-адамгершілік, интеллектуалдық, өмірі мен өз денсаулықтары мен аман-есендігі үшін әлеуметтік құзіреттілік пен жауапкершілігін көтеруді ұйымдастыруға жағдай жасау; жас қазақстандықтарды толеранттылық құндылықтар, келісімділік пен ұлтаралық қатынас мәдениеті негізінде тәрбиелеу; балалар мен жастардың қоршаған ортаға, қоғамға, табиғатқа оң көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік туғызу, әлеуметтік-педагогикалық жағдай жасау; өмір бойы білімін арттыруына, кәсіби қалыптасуына және өзін-өзі табысты көрсетуіне қажетті жағдай жасау міндеттерін жүзеге асыру көзделген.
Менің ойымша, әрбір жас толқын қай жағынан болсын, тамаша, жан-жақты келісті азамат болып қалыптасуы қажет. Ол еңбекқор, адал, білімді, көп оқыған ақылды болып қана қоймай, тәрбиелі де көркем, ибалы болуы керек. Бұл іс-әректтің барлығы – балаға деген жүрек жылуы арқылы ғана жүзеге асады. Ол қашан да қажет және ешқашан артық болмайды. Жемісті тәрбиенің сыры – шәкіртке құрметпен қарауда. Мектеп қабырғасында жақсы тәрбиеленген, саналы білім алған шәкірт өмірде өз орнын табады деген сенімдемін.