СоөЖ 10 ТҰЛҒа және имидж имидж туралы түсінік


Имиджді қалыптастырудағы символиканың ролі



бет5/5
Дата07.01.2022
өлшемі28,99 Kb.
#19152
1   2   3   4   5
Имиджді қалыптастырудағы символиканың ролі.

Джон Локк өзінің «Адам сана сезімінің тәжірибесі» атты еңбегінің үшінші тарауында айқынды анықталған түрде былай деп жазды: «Мазмұнды сөз біздің ой - өрісіміздің символы болып табылады. Олар тіптен спецификалық дыбыстар мен анықталған ойлар араларындағы жаратылысты байланысты көрсетпейді, бейнелейді. Олай болған жағдайда барлық адамзат үшін бір тіл болған болар еді; олар – еркін түрде таңдап алынған ой - өрістердің белгілері. Оларды ой – өрісті суреттейтін, өрнектейтін түсінікті символдар ретінде қолданылады». Д. Локктың айтуынша символды белгілерді қолдана білу адамның хайуанаттардан айырмашылығын көрсетеді, «Хайуанаттар абстракциялық мүмкіншіліктерге және жалпы ой - өрісті құруға, мазмұндауға ие емес, себебі олар сөздерді немесе басқа мазмұндалған белгілерді қолданбайды».

Э.Сепир символдардың екі түрлерін бөліп қарайды. Олардың біріншісі «референциалды» символикалар деп аталынады. Ол «үнемді белгілеу құралдары ретінде қолданатын» символдар, мысалы, ауызша сөз, хат, телеграфты кодтар, ұлттық жалаулар, жалау дабылдары және тағы басқа.

Символизмнің екінші түрі «конденсационалды символизм деп аталынуы мүмкін. Бір заттың шамасын тікелей қысқартылған түрде, формада көрсету, яғни эмоционалдылық толқуды саналы түрде алу». Осы екі аталған екі символизмнің араларына нақты шектеу, көрсету қою өте қиынға соғуы мүмкін.

Э. Сепир былай деп жазады:  Нақты осы символизмнің екі түрінің іс-әрекеттерінде «қарапайым түрде араластырылады», себебі, оның есептеуінше «референциалды символиканың көп бөлігі санасыз жүйелі символизмге шамаланады». Егер референциалды символизм әлеуметті адамның стеротипті мінез - құлығы болса, конденсоциалды символдарды қолданудың әрбір жағдайлары Э.Сепир бойынша жеке мінез - құлықты актіні қарастырады, яғни пайда болған қалыптасқан стереотиптің, бірқатар новацияның бұзылуы.

Символдардың көмегімен ғана әлеуметтік топтардың образдары құрылып, жеке тұлғаның осы топтармен идентификациясы іске асырылуы мүмкін. И.Р.Сушковтың мазмұндауы бойынша «Әлеуметтік топтардың кез-келген образдарында негізгі ой-түйсінді айқындайтын, көрсететін символдар жүйелері қалыптасқан. Ол жүйелер бойынша тиісті топтық өзара қарым-қатынастар құрылады. Әлеуметтік топтардың қабылдауын білдіретін белгілер, мысалы графикалық бейнелер, текстік материалдар, сыртқы көріністің атрибуттары, топтық іс-әрекеттердің стереотипті динамикалық блоктары және тағы сол сияқты кез-келген зерттеулерде немесе практикада міндетті түрде нақты әлеуметтік топтар өмір сүретін символикалық жазықтықпен қатынасты болуы қажет. Барлық шамалық көрсеткіште мұндай жағдай имиджді құруда қолданылатын символдарға жатқызылуы тиісті. Имиджмейкерлер, көптеген жағдайда имиджді құруда аудиторияға үйлесімді маңызды символдарды есепке алып қолданады. Белгілі символдар арқылы, олардың көмегімен имиджға маңызды ақпаратты өрнектеу мүмкін болмаған жағдайда жаңаша символдар енгізіледі.

Имиджмейкерлер - клиенттің имиджін құру процесі кезеңінде - өздерінің алдарына қойған, мақсаттары мен міндеттерінің бірі ретінде клиенттің бойында психосемиотикалық құзырлылық, біліктілікті және өзіндік эксперцияның семиотикалық компоненттерін, сонымен қатар сыртқы көрініс технологиясының сапалықтарын арттыруды көздейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет