СоөЖ Қазақстан биоресурстары және биоэкология ғылымының даму тарихы


СОӨЖ 2. Тірі организмдердің жер бетінде таралу заңдылықтар



бет2/2
Дата25.11.2023
өлшемі17,59 Kb.
#127897
1   2
СОӨЖ 2.
Тірі организмдердің жер бетінде таралу заңдылықтар

Тірі организмдердің таралу заңдылықтары. Өсімдіктердің, жануарлардың және микроорганизмдердің, сондай-ақ олардың бірлестіктері — биоценоздардың географиялық таралу заңдылықтарын биогеография ғылымы зерттейді.
Ағзалар өздерінің тарихи даму процесінде өздері орналаскан жерлерінде өмірге икемделеді және экологиялық факторлардын са нына нақты талаптарын көрсетеді. Әрбір организмнің өзінің төзімділік шегі бар. Кез-келген жагдайдын төзімділік шегіне жакындауын немесе артып кетуін лимиттеуші жағдай немесе фактор деп атайды.
1840 жылы Либих өсімдіктің қалыпты өсуі үшін белгілі химиялык элементтердің санының толық болуы шарт екендігін, егер де бір элемент жетіспесе басқа элементтер оны толығымен ауыстыра алмайтындығын дәлелдеді.Химиялық элементтер (факторларға) қатысты зандылыктын калыптасуы, жалпы алғанда экологияда манызды роль алады. Ағза- лардың өмірі мен өркендеуі үшін нақтылы шарттардың жиынтығы кажет. Егерде барлық шарттар қолайлы болып, бір саны қосылмай жеткіліксіз болса, организмнің өмірі мен өлімі барысында шешуші мән алатын бұл жағдайды лимиттеуші фактор деп атайды.
Либихтың айтқанынан қорытынды шыгаратын болсақ өсімдіктің өсуі қорегіне кажетті бір элементтің жеткіліксіз мөлшері мен тығыз байланысты осы тұжырым Либихтың «Минимум заны» деген атпен белгілі.
ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ ШЕГІ
Шектейтін факторлар Либихтың көрсеткеніндей кемшілікпен ғана емес, бұл факторлардың мол болуымен де сипатталады. Демек, организм экологиялық минимуммен және экологиялық максимум мен бейнеленеді; бұл екі шамалардың арасындағы диапазон толеранттылықтың (төзімділік) шектері деген атауды құрайды. Минимуммен тең келетін шектеуші ықпалы бар максимум туралы ұсыныс жасап, «толеранттылық заңын» сипаттап 1913 жылы американ зоологы В.Шелфорд енгізді.
Жүргізілген көп зерттеулердің арқасында көптеген өсімдіктер мен жануарлар үшін толеранттылық шектері жария болды. Ағзалардың нақтылы шектерінде ғана жиі тасымалданатын орта факторы абиотикалық фактор. Жағымды әсер ету аймағын қолайлы аймақ (жайлы) деп атайды. Қолайлылықтан (оптимум) күшті ауытқыған сайын, ағзалардың тіршілік әрекетін (пессимум аймағы) көбірек жанши бастайды. Мах және тіндер факторларының мәні - бұл организмдердің тіршілік етуі мүмкін емес (опат болатын аймағы) кризистік нүкте.
Оргаизмдердің толеранттылық шегі тар диапазонда кездесетіндерді (стенобионттар) керісінше кең диапазонда болатындарды (эврибионттар) деп атайды. Толерантылық диапазонын есепке ала отырып ғылым мен тәжірибе үшін өте маңызды мәліметтер кел- тіруге: Мысалы:
1. Организм бір немесе факторлар қатарына қарағанда толеранттылығы кең диапазонды, бірақ температура мен дымқылдылыққа қарағанда тарлау диапазонды иемденуі мүмкін.
2. Толеранттылық диапазоны кең организмдер әдетте кеңінен таралған (мысалы, өсімдіктерден қарағаш, қайың, қарағай, шырша, ал жануарлардан торғай, түлкі, қасқыр, аю және т.б.)
3. Экологиялық фактор туралы мәлімет бойынша шарттар түр үшін колайсыз болса, баска экологиялық факторларда толеранттылық диапазоны (күшті құрғақшылыктын әсерінен өсімдіктер топырақтан өзіне кажетті қорегін ала алмайды да, олардын фотосинтетикалық белсенділігі төмендейді) онда таралу аймағы тарылады.
4. Толеранттықтың диапазоны өсімдіктер мен жануарлардың ылғи бір түрінде олардың даму кезеңіне (жас шамасына) байланысты өзгереді. Ересек организмдерге қарағанда дамып келе жатқан организмдерінде толеранттылық диапазоны көпшілігінде болады. Онтогенез процесі барысында тағамға, ылғалдылыққа, жарық, температура және басқа факторларға талап өзгереді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет