Еркек жыныс бездері (аталық бездер). Еркек жыныс бездері жұп санды болып келеді және дене қуысынан тысқары орналасқан. Себебі, сперматогенздік процесс қалыпты жүру үшін температура 350С аспауы қажет. Эмбриогенездік даму барысында ұрық бездері дененің бел омыртқа тұсында пайда болып, кейіннен хориондыө гонадотропин гормонының қатысуымен сыртқы ортаға шығарылады.
Еркек жыныс бездерінің қызметі гипофизға тәуелді екендігі туралы алғашқы мәліметтер 1920-1930 жылдарда қалыптасты. Мысалы, гипофизді алып тастағанда аталған бездер солып, олардың гормондарының организмге әсер кенет азайған. Ал, ондай жануарларға гонадотропты гормондар енгізгенде бездің қызметі бастапқы қалпына келген.
Аналық жыныс безі
Аналық жыныс безі
(яичник); (лат. ovarium - жүмыртқалық) — аналық жыныс жасушасы ( овоцит ) пісіп жетілетін және аналық жыныс гормондары түзілетін ұрғашы жануарлардың негізгі жыныс безі. Аналық жыныс безі (жұмыртқалық) — жануарлар организмінде құрсақ қуысында орналасады. Ол пішіні сопақ не дөңгелекше келген паренхималы мүше. Жүмыртқалық сыртынан сірлі қабық тың жалғасы — бастама эпителиймен (бір қабатты текше тәрізді эпителий) қапталған. Бастама эпителийдің астында тығыз дәнекер ұлпасынан құралған ақшыл қабық болады. Аналық жыныс безінің кесіндісінде құрылысы бір-бірінен ерекше ажыратылатын екі аймақ көрінеді. Олар: сыртқы — фолликулалы аймақ және ішкі — тамырлы аймақ (бие жүмыртқалығында аталған аймақтар керісінше орналасады). Фолликулалы аймақ паренхимасын әртүрлі даму сатасындағы алғашқы (примордиальды) фолликулдар, өсуші фолликулдар, көпіршікті фолликулдар, жетілген фолликулдар, сары дене, ақ дене, ыңырама (атреттік) дене және олардың аралығындағы дәнекер ұлпасында орналасқан интерстициоциттер (паренхимааралық жасушалар) құрайды.