Соөж сюжет элементтерi мен түрлерi туралы кластер құру. Орындаған: Әлден Гүлназ (205-топ) Тексерген: Б.Қабатай, п.ғ. к., доцент Алматы, 2023



бет1/3
Дата14.03.2023
өлшемі49,86 Kb.
#74371
  1   2   3
Байланысты:
Гулназ АГУ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы









СОӨЖ 2. Сюжет элементтерi мен түрлерi туралы кластер құру.
Орындаған: Әлден Гүлназ (205-топ)
Тексерген: Б.Қабатай, п.ғ.к., доцент
Алматы, 2023


Сюжет - өзара жалғасқан оқиғалардың тізбегі, біртұтас желісі. Сюжеттің негізі - өмірлік тартысконфликт, кейіпкерлердің қарым-қатынасындағы қақтығыс. Ол тартыс, конфликт - әр түрлі адамдардың көзқарасындағы қарама-қайшылық пен қақтығыстар. Мұндай кайшылықтар әр түрлі әлеуметтік топтардың ымырасыз күресі, таласы үстінде қандай айқын бой көрсетсе, сонымен қатар, баяндалған оқиға, жағдайларға кейіпкерлердің әр түрлі қарап бағалауынан да жақсы аңғарылады. Кейіпкерлердің қақтығысы қалайда қоғамдық өмірдегі күрес-тартыспен қабысып жатады, жеке адамдардың іс-әрекетінен, тағдырынан оқырмандар заманның, дәуірдің шындығын көріп, әлеуметтік қайшылықтардың сырын ұғады. Шығармадағы қақтығыстартыстың өрістеп дамуы үстінде кейіпкерлердің қимыл-әрекеттері, ой-сезімдері, сөздері арқылы олардың характері ашыла, айқындала түседі. Сюжеттің жүйелі тұтастығы да, жекелеген сәттері, яғни бастамасы, шиеленісуі, шарыктау шегіне жетуі және шешілу-аяқталуы да өмірлік тартыс, қайшылықтың даму-өрістеу заңдылықтарына сәйкес келіп отырады. Оқиға желісі болған соң, тартыс болған соң оның қандай да болсын бастауы, өрістеп, шиеленісіп, ширығатын кезі, аяқталуы болатыны түсінікті. Және мәселе оқиғаның жай аяқталуында емес, көркем шығармадағы қактығыстар, жеке сурет-картиналар арқылы толысып, мағынасы кеңейе түсетін оқиға тізбегі бара келе логикалық тиянақтылық тауып, негізгі шиеленістің түйіндері шешіліп, бәрі-бәрі бір арнаға құйылып барып тынуы, сол арқылы шығарманың негізгі идеясы өсерлі толық ашылуы аса қажет.

Бастамасы

Іс-әрекеттің
шиеленісуі





Сюжеттің элементтері





Аяқталуы


Шешілуі


Бастамасы қақтығыстың қалыптасуымен немесе оның пайда болуымен байланысты.Бұл қақтығыс оқиғаның маңызды бөлігі болады.
Іс-әрекеттің шиеленісуі дегеніміз - туындаған жанжалды дамыту. Іс-әрекеттің шиеленісуіне қатысатын кейіпкерлер қақтығыстың дамуына қаласа да, қаламаса да қатысады.
Шарықтау шегі - шығармадағы қақтығыстың (немесе екі ойдың қарсылығының) дамуындағы ең жоғарғы нүкте, содан кейін оның шешілуі (яғни денуация) жүреді.
Кейбір шығармалардағы сюжетте экспозиция, пролог және эпилог болуы мүмкін.
Экспозиция - бұл жанжалдың басталуына дейін болатын нәрсе. Пролог шығарманың басында қолданылады, бұл - сюжеттің өзіне кішігірім кіріспе. Эпилог шығарма соңында пайдаланылады және негізгі бөлімде болған оқиғалардың нәтижесі болып табылады.

Сюжет түрлерінің схемасы:



Сюжет түрлері






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет