Соөж тақырыбы: Көркем жазуға арналған тапсырмалар әзірлеу Орындаған: Қуанышова Ақгүл



Дата29.11.2023
өлшемі2,07 Mb.
#131242
Байланысты:
Соөж 11


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті Педагогика және Психология институты
СОӨЖ

Тақырыбы:Көркем жазуға арналған тапсырмалар әзірлеу


Орындаған: Қуанышова Ақгүл (Бастауыш білім беру бизнес инновация 2- курс)
Қабылдаған: Жұмаш Ж.Е
2023-2024 оқу жылы

Ә

ріптерді жазып үйретуден бұрын, әртүрлі фигуралардың үстін басып сызып үйренуі керек. Сол арқылы баланың қолы жаттығады. Мысалы мынандай суреттерді:




Бірінші тапсырмасы – көшіріп жазу әдісі бойынша дайын әріп элементтерін таза, әдемі етіп жазуға негізделген. Бұл тапсырманы оқушы мұғалімнің көмегімен орындайды. 
Екінші тапсырма – оқушылардың сөздер арасындағы ара қашықтықты сақтап, байланыстыра жазуға, сонымен бірге оқушылардың логикалық ойлауын қозғап, шығармашылық қабілеттерін дамытуға негізделген. Тапсырманы орындауда оқушы сызықтық әдіс, теріп жазу әдісі, сөйлемді аяқтау әдісін қолданады, түрлі сөзжұмбақтар мен суретті жұмбақтардың шешімін тауып жазады.
Үшінші тапсырманы орындау – оқушының өздігінше жұмыс жасауын, берілген мәтінді таза, әдемі етіп көшіріп жазу, мәтінді өзіндік пікірмен аяқтап жазуды талап етеді. Тапсырма ізденіс арқылы оқушының пікірін жинақтауына бейімделген.
Төртінші тапсырма – түрлі әдістерге негізделген, мысалы: өлеңді жатқа жазу, тест тапсырмаларын шешу, дұрыс жауаптарын бояу, «Топтастыру» ойыны, мақал-мәтелдердің ауыспалы мағынасын ашып жазу, «Лездемеге жауап жаз» ойыны, «Сөз ішінде сөз» ойыны, «Адасқан буындар» ойыны, жүргізіп жазу техникасын қолдану және т.б. Мұғалім осындай әдістерді қолдану арқылы оқушыларда ой қозғап, білімдерін бекітеді. Сабақтың қорытынды бөлімінде мұғалім семантикалық карта арқылы оқушылармен жазба түрде рефлексиялық байланыс жасайды.
Бесінші тапсырма – үйде орындауға негізделген, мұнда тақырып бойынша берілген әріптерге сөз, сөйлем құрастырып жазу, өлең жолдарын көшіріп, тиісті әріптерді теріп жазу секілді жаттығуларды орындайды
Мысалы:




Каллиграфикалық жазуды қалыптастырудың негізгі әдістері:


1. Мұғалім жазу үлгісін өзі тақтаға қайта – қайта жазып көрсетуі тиіс
2. Әуеде жазу. Ұстаз әріпті әуеде жазып көрсетеді. Бала қолдың қозғалысынан әріптің дұрыс формасын ұғады. Бұл әдіс оқу процесін жандандырады.
3. Көшірмесін түсіру әдісі. Жазылған әріптің үстінен басу.
4. Дайын үлгіден көшіру әдісі. Бұл еліктеу. Оқушы өз жазғанын ұстаздың жазғанымен салыстырады.
5. Әріпке анализ жасау әдісі. Мысалы: а әріпі бір дөңгелектен және бір ілмешектен тұрады.
Балалардың көркем жазу дағдыларын қалыптастыру үшін мынадай жаттығуларды пайдаланған жөн.
1. Ғажайып алаң. Тақтаға әріп жасырылады. Мұғалім жасырылған әріптің әрбір элементтері бойынша сипаттап айтады да, ал оқушылар қандай әріп екенін айтады. Мысалы: Түйе өркешін қарайық, ұқсайды оған қай әріп? Жаңа әріпті өту үшін 2 сағат беріледі. Бұл жаттығуды 2 - сағатында өткен өте тиімді.
2. Әріпті тап. Әріптің бір немесе екі элементі жазылады оқушылар қалған элементін тауып жазып көрсетеді. Барлық әріпті өткеннен кейін, сабағымыздың басында көркем жазу болады. Сол кезде пайдаланған тиімді. Бұл жаттығудың мақсаты білген білімдерін әрі қарай төселдіру дағдыларын қалыптастыру.
3. Орнын белгіле. Тақтаға немесе дәптерге алдын ала сөздер жазылады. Оқушылар әріп элементтерінің және әріптердің байланысу орнын белгілейді. Бұл жатттығуды қазақ тілі сабағында пайдаланған жөн


.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет