Сортамент


Темірбетон конструкцияларын жобалағанда біркелкі типке келтіру және үйлестіру негіздері



бет43/55
Дата03.04.2023
өлшемі1,62 Mb.
#78841
түріОқулық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   55
Темірбетон конструкцияларын жобалағанда біркелкі типке келтіру және үйлестіру негіздері

Кҥрделі құрылысты индустрияландыру және ҥнемді жҥргізу ҥшін құрылыс конструкцияларын және олардың бөліктерін жаппай дайындау ҥшін оларды біркелкі типке келтірудің және ҥйлестірудің маңызы зор.


Біркелкі типке келтіру жұмыстарының негізінде құрастырмалы темірбетон элементтерінің каталогтары құрастырылған оларды әртҥрлі ғимараттарды және ҥйлерді жобалағанда кеңінен қолданады.
Бір типті элементтерді әртҥрлі ғимараттарда қолданылуы ҥшін ұстындардың арақашықты ұясы, қабаттардың биіктігі
ҥйлестіріледі, яғни олардың өлшемдерінің саны шектеледі.
Ҥйлестірудің негізіне модульдік жҥйе алынады, бұл жағдайда өлшемдер 100мм негізінде алынады немесе 100мм-ге еселеніп еселі келетін орташаландырылған модуль алынады.(Кейде М-ден белгіленеді)
Көпірлі крандары бар бір қабатты өнеркәсіптік ғимараттар ҥшін бөлу осьтердің арақашықтығы ұзына-бойына 6м немесе 12м болып алынады.Көлденең бойына 6м-ге яғни 18м, 24м, 30м т.с.с. болып алынады.
Еденнен негізгі көтергіш конструкциялардың төменгі жағына дейінгі биіктік 1.2м-ге еселі алынады, яғни 36м, 10.8м, 12м, 18м-ге дейін.
Көп қабатты өнеркәсіптік ғимараттар ҥшін ұстындардың ҥйлестірілген ұясы 6х6м, кҥшсалмақтар 10,15,20 болған жағдайда;
6х12, 12х12 – кҥшсалмақтар 5,10,15 болған жағдайда;
Бұл жағдайларда қабаттардың биіктігі ҥлкейтілген модулге еселі болып алынады, яғни 3.6, 4.8, 6м болып алынады.
Азаматтық көп қабатты ғимараттарға ҥлкейтілген модуль 2м (0.2м)-ге еселі болып алынады, яғни ұстындардың ұясы 2.8м деп 6.8м-ге дейін .
Әкімшілік ғимараттарының қабаттарының биктігі 3м (0.3м)-ге еселі болып алынады, яғни 3, 3.3, 4.8м-ге дейін.
Типтік элементтерді өзара байланыстыру ҥшін өлшемдердің ҥш категориясы қарастырылады:

  1. Мөлшерленген – ғимараттың планындағы бөлу остерінің бір- бірінен арақашықтығы.Мысалы – 6м плита, адымы 6м болғанда.

  2. Конструкциялық өлшемдер – өлшемдерден айырмасы, мұнда жіктер мен саңылауы есептелінеді, мысалы, плита ҥшін бір- бірінен аралары 30мм-ден кем болмауы керек, яғни плитаның конструкциялық өлшемі 5970мм.

  3. Нақтылы – элементтің нақтылы өлшемдері бұл өлшем элементті дайындаған кездегі дәлдікке байланысты конструкциялық өлшемнен біраз мөлшерге өзгеше болады, оны ауытқу деп атаймыз. (шамасы 3 -10мм)



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет