Бақылау сұрақтары:
1. Тұтас қырлы қабатаралық жабын конструкциясына жататын элементтер.
Тұтас қырлы қабатаралық жабынды жобалау жұмыстары
Тұтас қырлы қабатаралық жабынды ҥйлестіру жұмыстары және конструктивтік талаптары
Тұтас қырлы қабатаралық жабындардың арқалықты плитасының есептік схемасы
Тұтас қырлы қабатаралық жабындардың арқалықты плитасының жҥктеу ауданы
Арқалықты плитаны ҥздіксіз арматуралау схемасы
Арқалықты плитаны жеке (бөлек) арматуралау схемасы
Қосалқы арқалықтың аралықта және тіректе есептік қимасы
Қосалқы арқалықтың арматуралау схемасы
Бас арқалықтың есептік схемасы және аралықта және тіректе есептік схемасы
Бас арқалықтың арматуралау схемасы
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Байков В.Н., Сигалов Э.Е. Железобетонные конструкции. Общий курс.-М.:Стройиздат,1991.-767 с.
Мандриков А.П. Темірбетон конструкцияларын есептеудің мысалдары. Оқу құралы. І-бөлім.-Алматы:РБК,1996.-229 б
Дәріс № 12
Тақырып: «Контур бойынша тірелген плиталы тұтас қырлы қабатаралық жабындар»
Жоспар:
12.1.Конструктивтік жҥйесін ҥйлестіру. 12.2.Плитаны арматуралау.
12.3.Контур бойынша тірелген плитаны есептеу.
Конструктивтік жүйесін үйлестіру.
Қабатаралық жабынның конструктивтік жҥйесінің құрамына екі бағытта иілуге жұмыс істейтін плиталар жэне оларды көтеріп тұратын арқалықтар кіреді. Барлық элементтер бір-бірімен тұтас байланысты. Осындай қабатаралық жабынның екі тҥрі белгілі.
Қабатаралық жабынның бірінші тҥрінде аралықтарды ұсыныстардың осьтері бойынша орналыстырылады жэне олардың адымы (4-6) м-ге тең. Арқалықтардың биіктігі бірдей болады жэне плиталардың ұзындықтардың қатынасы l2/l=1-1,5 тең болады.
Қабатаралық жабынның екінші тҥрі кессонды деп аталады. Осындай жабындарда арқалықтарды жиі орналастырады, аралық ұстындар болмайды және плиталардың өлшемдері кіші болады. (2м
- ден аспайды.)
Контур бойынша тірелген плиталы тұтас қырлы қабат аралық жабындарды ғимараттың ҥлкен зал бөлмелерді жэне вестибюлді жабу ҥшін қолданады. Осындай жабындар сәулеттік талаптарына сэйкес жэне көрінісі өте айқынды, бірақ арқалықты плиталы жабындармен салыстырғанда арматуранның жэне бетонның шығыны көбірек, яғни материалдың шығыны бойынша тиімсіз болады.
Достарыңызбен бөлісу: |