Сош №4 «Шахмат» факультатив сағатының оқу тақырыптық жоспары



бет2/3
Дата19.09.2023
өлшемі27,5 Kb.
#108643
1   2   3
Бағдарламаның жаңалығы мұғалімнің сабақтарда қолданатын, балалардың жеке және жалпы логикалық ерекшеліктерін жетілдіретін дидактикалық материалдарын (карточкалар, шахматтық этюдтар және тапсырмалар) әзірлеуінде, зерттеу әдісін қолдануында (шахматтың шығу тарихы туралы рефераттар мен баяндамалар жазуында), мектептің материалдық жағдайын ескере отырып оқу-тақырыптық жоспарын құруда.
Бағдарламаның мақсаты : шахмат сабағы арқылы шығармашыл, дарынды жеке тұлға жетілдіруге жағдай жасау.
Бағдарламаның міндеттері:
Білім беру:
· Шахматтың шығу тарихымен таныстыру;
· Ойын ережелерін үйрету;
· Оқушыларға шахмат ойыны туралы теориялық білім беру, сайыстар өткізу ережелерімен таныстыру.
Жетілдіру:
· Тұлғаның логикалық ойлауын, есте сақтауын, орнықтылығын жаңа басқа да жағымды қасиеттерін жетілдіру;
· Төзімділігін, өз өзіне және қарсыласына сынмен қарауын;
· Логикалық ойлау әлемі мен бейнелеп ойлаудың сұлулығын бойлатып, қоршаған орта туралы елесін кеңейту;
Тәрбиелік:
· Айналасына ұқыптылықпен қарау, жеке қасиеттерін жетілдіруге ұмтылдыру; · Өзін тәртіпке салуға тәрбиелеу;
· Еріктілік қасиеттерін жетілдіруге және өзін өзі бағалай білуге.
Бұл бағдарламаны игеру барысында оқушылардың пәнді игеруімен қатар ұжымда жұмыстана білуі қалыптасады.

Оқушылардың пәндік құзырлылығы:
1. Техникалық, оқушылардың
· Жаттығу ойындарында, мектепішілік, аудандық шахмат сайыстарына қатысуында;
· Ойын барысында шахматтық есептер мен этюдтарды шешу барысында қалыптасатын іс әрекеттері.
2. Интеллектуалдық, оқушылардың
· Ойынға сараптама жасауымен;
· Арнайы әдебиеттерді оқуымен;
· Үздік ойыншылардың ойындарын қарап талдауымен қалыптасатын іс әрекеттері.
Апталық жүктеме бірінші жылы аптасына 1 сағаттан /34 сағат.


Оқыту бағдарламасы
Оқушылардың білім біліктілігіне қойылатын талаптар.
Бірінші жылды аяқтағаннан кейін оқушы білу керек:
· шахматы ойнау ережесін;
· ойнаушының құқы мен міндеттерін;
· шахматтың шығу тарихын:
· ойын тактикасы туралы негізгі түсінік.
Орындай білуі керек:
· алған білімдерін практикада қолдана білу;
· назарларын, ойларын шоғырландырып, уақытты үнемдеу;
· шахматы құштарлықпен ойнау.

Оқу жоспары





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет