Souverainete жоғарғы билік


Саяси биліктің легитимдігі және заңдылығы (легальность)



бет3/3
Дата05.06.2023
өлшемі18,65 Kb.
#98768
1   2   3
Байланысты:
легитимділік

Саяси биліктің легитимдігі және заңдылығы (легальность). Саяси билік ұғымы легитимдік, заңдылық (жариялылық) ұғымдарымен байланысты. Бил-ң нәтижелілігі, қабілеттілігі оның легитимділігіне (латынның «legitimus» - заңмен келісілген, заңды деген мағынадағы сөзінен) байланысты, бұл бил-ң тиімділігінің көрсеткіші. «Лег-к» терминін неміс ғал М.Вебер енгізді. Оның айтуынша, кез келген билік өзін-өзі ақтауды, мойындауды, қолдауды қажет етеді. Лег-те азаматтардың билікке деген қатынасы көрінеді. Б/л (көбінесе заңдылығы деп аударылады) деп – билікке халықтың, көпшіліктің сенім білдіруін, оны мойындауын, құрметтеуін айтады. Лег-к халықтың билікпен келісімін білдіреді, яғни халықтың биліктің шешім қабылдауға құқығын ерікті түрде мойындауы. Легитимдіктің дәрежесі төмен болған сайын, билік күшке жиі жүгінеді. Неміс ғалымы М.Вебер легитимдіктің мінсіз үш үлгісін көрсетті: әдет-ғұрыптық легитимдік (хан, сұлтан, патша, шах, әмір және т.б. билігін халық дұрыс, заңды деп түсінеді); харизматикалық легитимдік (өзінің батырлығымен, адалдығымен немесе басқа да қасиеттерімен көзге түскен адамды басшы етіп, халық сол көсемге беріліп, сеніп, соңынан ереді, мысалы, М.Ганди, А.Хомейни); ақыл-парасаттық, құқықтың легитимдігі (қазіргі саяси құрылым орнатқан құқықтық ережелерге, тәртіптің ақыл-ойға қонымдылығына негізделеді, қазіргі кездегі басшылардың билігі).
Биліктің заңдылығы (жариялылығы) – бұл биліктің заңдарға, құқықтық нормаларға сәйкес келуі. Мысалы, президенттің билігі заңды (жария), себебі ол заңды түрде сайланып, өз өкілеттілігін орындауда заңға сүйенеді, монарх билігі заңды, себебі тақты мұрагерлік жолмен иелену тәртібі бұзылған жоқ. Билік әрі жария, әрі легитимді болмаса, онда бұл билік тұрақсыз, мысалы, заңды түрде сайланған билік өзінің уәделерін орындамай, оның жүргізген сәтсіз экономикалық бағыты халықтың тұрмысының төмендеуіне әкелсе, мұндай билік қоғам тарапынан қолдауынан айырылуы мүмкін. Сонымен бірге жария емес билік (заңсыз түрде билікке келген) ақталып, халықтың қодауына ие болуы мүмкін, мысалы буржуазиялық революциялар барысындағы монархияның құлатылуы, Ресейдегі 1917 жылғы революция. Бұларда бұрынғы заңды тәртіптерді бұзған жаңа билік, ақырында өзінің легитимдігіне қол жеткізді. Кез келген билік жария да, легитимді (заңды) да болуға ұмтылады, сол кезде ол тұрақты болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет