Souverainete жоғарғы билік



бет1/3
Дата05.06.2023
өлшемі18,65 Kb.
#98768
  1   2   3
Байланысты:
легитимділік


Егемендік - (фр. souverainete - жоғарғы билік) - мемлекеттің сыртқы саясатта толық тәуелсіз болуы және елдің ішкі саясатында мемлекеттік биліктің бәрінен жоғары тұруы. "Егемендік" ұғымын алғаш рет XVI ғасырда француз ғалымы Жан Боден қолданды. Бұл ұғым қоғам дамуының әр кезеңінде әр түрлі мәнге ие болды. Қазіргі кезде мемлекеттік биліктің үстемдігі мен тәуелсіздігі егемендіктің саяси құқықтық мәнін білдіреді және ішкі-сыртқы саясатта көрініс табады. Бұл үстемдік мемлекеттік органдарда қоғамдық тәртіп орнатуға және құқық тәртіптерін сақтауға қабілеттілігінен, лауазым иелері мен лауазымы жоқ адамдардың тең құқықтарын қамтамасыз етіп, бірдей міндеттер жүктеуінен көрінеді. Сыртқы саясатта әр мемлекет өзге мемлекеттің егемендігін ескермей тұра алмайды. Сондықтан егемендік пен тәуелсіздікті өзара құрметтеу принциптері халықаралық қатынастар мен халықаралық құқықтағы негізгі мәселе болып табылады. Оның басты шарты - тәуелсіз мемлекеттердің әлеуметтік-саяси жағдайының ерекшеліктеріне, халық саны мен аумағының көлеміне және т.б. жағдайларына қарамастан, бір-бірімен тең дәрежеде қарым-қатынастар жасасып, араласуы. Бұл принциптер БҰҰ жарғысында және бірқатар халықаралық келісімдерде бекітілген. Халықаралық қатынастарда мемлекеттер бір-бірімен ықпалдасу кезінде өздерінің іс-әрекеттерін егемендікті құрметтеу қағидаттарының белгілі бір ережелеріне бағындырады. Мұндай ережелер келісім жасалған сәттен бастап әлгі мемлекеттер үшін міндеттілік сипат алып, халықаралық құқық нормаларына айналады. Сонымен қатар егемендік сол мемлекетті құрап отырған ұлттың саяси билігін қорғауы тиіс. 1990 жылы 25 қазанда Қазақстан өзінің егемендігін жариялады. "Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы декларациясы" Қазақстанның тәуелсіздігін бекітуге жасалған алғашқы қадам болды. Онда елдің саяси-құқықтық тәуелсіздігінің бағдарламасы жасалды. Осы бағдарлама негізіңде 1991 жылы 16 желтоқсанда "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" Конституциялық заң қабылданды.[1]
«Легитимділік» термині (лат. legitimus — заңды) өмір сүріп отырған билікті өзінің бағыныштыларының, сонымен қатар биліктің басқа субъектілерінің занды деп тануын анықтайды.
Саяси биліктің легитимділігі – халықтың келісіміне негізделген әрі заңмен, ережелермен, дәстүрмен анықталған билік сапасы. Легитимділік дегеніміз – халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті қолдауы, оның заңдылығы мен шешімдерін растауы.
Демократиялық жағдайда мемлекеттік билік легитимді болуы үшін келесі екі шарт орындалуы қажет:
1) ол халықтың қалауы бойынша қалыптасуы және көпшіліктің еркіне қарай орындалуы керек;
2) мемлекеттік билік конституциялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет