Тас қоғамы-палеолит
180 мың жыл
Неолит-аналық
қоғам 15 мың жыл.
Қола дәуірі Ата. қоғам 5 мың жыл
Мінеки, осы классификацияны пайдалану арқылы - Тас - Жаңа тас - Қола - дәуірлеріндегі адамзат қауымының т ә р б и е с і н д е г і дамуды салыстырмалы түрде анық байқауға болады.
1. ТАС ДӘУІРІ
Адам баласының табиғат қойнауынан әлі де ажыраса коймаған кезеңі – мөлшермен Т а с дәуірімен сәйкес келеді. Әйтсе де, құпия сырлары ашыла қоймаған құбылыстар... жер бетінде қаншалықты көп болса, солардың ең бір күрделі де қиыны - адам баласына байланысты ашылмаған жұмбақ жайларды атаған жөн. Бұл жайында тіпті басқаны айтпағанда, тек адам баласының шыққан тегі туралы сауалдардың өзі бір төбе?! Алайда, адамның Жер бетінде пайда болуы қалайда бір ғаламат жолмен емес, осындағы тірі табиғаттың сатылай жетілуі мен ұзақ дамуының нәтижесі екендігі ғылымға аян. Ғылымның пайымдауы бойынша - Адам жануарлар дүниесінен шыққан ?! Бірақ, бұл пайымдауды дәлелдеу керек. Әйтпесе, оның ешбір құндылығы да болмайтындығы өзінен-өзі түсінікті.
Сондықтан да, ХХ-ғасырдың орта шенінде дүниежүзінің антропологтары, бұл салада табылған күллі ғылыми олжалардың негізінде, адамзат қауымының бірте-бірте қалыптасу тарихын айқын да анық етіп ажыратқандай еді. Адамның шыққан тегін іздестіру жолында, ең әуелі алғашқы маймылдардың тегі бірнеше салаларға жіктеліп, олардың өздері де бастабында маймақ жануарлар мен лемурлар болғаны анықталып отыр. Солардың ішінен келе-келе мартышка тәрізді маймылдар (макакалар, павиандар) өзгелерден едәуір бұрын оқшауланады. Бұдан кейін гибон және дриопиттер... немесе ағаштардың бастарында тіршілік ететін маймылдар бөлініп шығады. Міне осы маймылдар шамамен 25-30 миллион жылдар бұрын өзара даралана жетіліп екі түрлі тармаққа бөлінеді; бірі - сол кездегі қалыптарынан онша үлкен өзгерістерге ұшырамай... бүгінге дейін жетіп, бұрынғысынша сол ағаш бастарында тіршілік еткен күйі жануарлар дүниесінде қалды. Ал, екінші тармағы - адам тегінің бастау алуына себепкер болған. Міне, біздің қысқаша "өмірбаянымыздың" бейнесі осындай?!.. Дегенмен адам тегі жайындағы ғылыми сайыстар әлі де жүріп жатыр.
Жалпы Т а с дәуірінің ұзақтығы - мөлшермен 180 мың жылға созылған. Т а с қоғамы, немесе п а л е о л и т заманы - түгелдей адамзат қауымының - Т а ғ ы л ы қ ‑ кезеңін қамтиды. Оның өзі үш сатыдан - төменгі - орта -жоғарғы - деп бөлінетіндігі белгілі. Адам баласы өзінің Тағылық кезеңінің - төменгі сатысында - әлі табиғат қойнауында болса, ал ‑ орта сатысында - алғаш рет отты пайдалануды үйреніп, бүкіл тіршілігіне өзгерістер әкелген ұлы жаңалығын ашады. Тағылық кезеңінің ‑ жоғарғы сатысында - адамдар найза, садақ құралдарын жасап, ілгерілей дамуының тағы да бір баспалдағына көтеріледі. Міне осылайша мыймырт баяу дамуының өзінде-ақ адам дене тәрбиесімен жан-дүниесінің тәлімдерін де үнемі жетілдірумен болады. Бұл шақта семъя құру тәртібі бір ізге түсе қоймағанымен бұрынғы тым қарабайырлығынан өзгере де бастайды.
Достарыңызбен бөлісу: |