ҚАДЫРЖАН БІРАЛҰЛЫ СЕЙТАЛИЕВ
Алғы сөз
Бүгінгі адамзат өркенниетінің дамуында Табиғи ғылым мен Рухани ғылымның үндессіздігінен, адам тәрбиесі мен тәлімінде орасан үлкен кемшіліктер көріне бастады.Сол кемшіліктердің көзге ұрып түрған екі түрлі сипаттарын ғана атап өтуді жөн көрдік. Ол – бүкіл адамзат қауымының өзімшілдігі мен құмарпаздығының салдарынан ‑ табиғаттағы экзоэкология бұзылып жатса, ал адам ұрығының улануынан ‑ өзінің эндоэкологиясы аса ауыр күйге душар болып отыр. Сондықтан да, бүгінгі Адам тәрбиесі мен Қоғам тәрбиесіне жаңаша көзқарас керек. Адам тәрбиесі дұрысталмай, қоғамда әділеттілік пен қайырымдылық орнауы мүмкін емес. Ендеше, бүкіл Педагогика мен Психология ғылымдарына батыл көзқарастарға иек артқан, мүлдем жаңа – Методология – Жүйе – Негіздердің – ұсынылуы ауадай қажет. Осы арада адамзаттың ұстаздары деп танылған Аристотель мен әл‑Фарабидің айтқандарына құлақ ассақ; ‑«...кезкелген пәннің ‑ негіздері, өзінің ішінен шығып дамымаса, ол ешуақытта – ғылыми пән бола алмайды...» ‑ деп ақ пен қарадай ашып жазған.
Міне осы қағиданы басшылыққа алсақ, бүкіл батыстағы эвропацентристік методологиядағы педагогика мен Кеңестік ғылыми педагогиканың да, сындарлы көзқараспен қарайтын тұстары көп. Оның үстіне Кеңестік идеологияның сыңаржақ тәртібінде қалған, бүгінгі біздер басшылыққа алып жүрген Россия педагогикасының да, қасаң қағидаларының тозғандығы анық аңғарылады. Мұны байқаған бүгінгі Россия қоғамы, адам құндылығына ерекше мән беру арқылы, бүкіл педагогика ғылымы мен іс‑тәжрибедегі методологиясын түбегейлі қайта қарастыруда (В.С.Кукушин, М.‑ Р. на Д., 2006.).
Бұл кітаптың басты мақсаты сол, жалпы педагогика пәні ретінде, басқада үрдіс дамып жатқан ғылымдар тәрізді, үнемі өзінде бар кемшіліктерді қайыра зерттеп және ғылыми негіздеріне тән сипаттарды, жан‑жақты жетілдіруді қарастырады. Дәстүрлі педагогиканың көкжиегін тарихи деректермен кеңейтіп, әлемдік жаңалықтарды қамтитын адам тәрбиесінің инновациондық тәжрибесін жинақтауға тырысады. Оның үстіне бұл еңбектің әмбебаптық сипаты, тіпті оқырманының мектеп оқушысынан бастап, ұстаздар мен ата‑аналар және студенттер мен ғалымдарды да, қызықтыра алатын кеңдігімен ерекшеленеді.Өиткені мұнда, педагогика ғылымының әртүрлі салаларын қамтумен қоса, баланы да, үлкенді де шырмауықтай шырмап алатын әлеуметтік‑педагогиканың – отбасындағы, өндірістегі, мектептегі, жоғарғы оқу орындарындағы, тіпті көшедегі көріністері сөз болады.
Адамзат қауымының өмір‑тіршілігі мың‑сан түрлі болса, ондағы педагогикалық традициялардың да соншама мол қырлары мен сырлары бар екенін байқатады. Бірақ осыншама көп ерекшеліктеріне қарамай, олар міндетті түрде рухани үндестіктерін табуға тиісті. Мінеки мұның өзі педагогика ғылымының үздіксіз дамуына әсерін тигізбек. Сонымен қоса, олар бірін‑бірі байытып қана қоймай, педагогикалық тәсілдер мен технологиялардың үнемі алмасуын да қамтамасыз етеді.
Келер ұрпақтың тәрбие–тағылымының негіздері – болашақты жүйелі түрде болжау арқылы және оның әлеуметтік эндо‑экзоэкологиялық сипаттарына жете мән берумен тереңдеуі қажет. Бұл ‑ бүкіл қоғамдық тәрбиенің салауаттануымен қоса, адам ұрпағының өзін‑өзі аздыру кінәраттарына да тосқауыл қояды. Ұрпақ тәрбиесін алдын ала болжалдау тәсіліне сүйену арқылы, оның диагностикалық мазмұнын түбегейлі өзгертуге әбден болады. Ендігі жерде, бұрынғыша қасаң қағидадан шықпайтын, көшірме ғалымдардан тез арылу мәселесі, кезек күттірмей шешуді қажет етеді. Өйткені, өтірік ғалым ‑ өрт шалған өлкенің иесі ғана екені түсінікті.
Екінші бір аса ауыр ағат жағдай, бұл тіпті дүниежүзі педагогикасында кемшілік ретінде айтылуға тиісті мәселе, күні бүгінге дейін адамзат тәрбиесіндегі өз орнын алалмай отырған – «Халық педагогикасы» мен «Ұлттық психология» ‑ пәндерінің білім беру жүйесіне енгізілмеуі дер едік. Сондықтан, қысқаша болса да, осы мәселеге көңіл бөлуді жөн көрдік.
Ендеше, ‑ алдымен бүгiнгi таңдағы халық педагогикасының жай-күйi қалай едi ‑ дейтiн заңды сұрақ туындайды. Бұл сауалға жауап беру үшiн, бүкiл Кеңес педагогикасы бағдар етiп ұстаған Г.Н.Волковтың “Этнопедагогика” атты ғылыми еңбегiндегi тұжырымға ерiксiз тоқталуға тура келедi. Оның пiкiрi бойынша: “...Халық педагогикасы - ғылым емес, тек ғылыми педагогикаға шикiзат, материал, өмiрлiк фактiлер ғана бере алады. Оның бiртұтас жүйесiнiң жоғтығын былай қойғанда, алымды идеяларды жетiлдiрiп отыратын қорытынды теорияларының болуы да мүмкiн емес...” - деп тұжырымдайды.
Мiне, бұдан халық педагогикасының ғылыми жүйеленбегендiгiн былай қойғанда, тiптi оның мазмұны мен мәнiне, болмысы мен негiзiне ешуағытта да көңiл бөлiнбегендiгi анық байқалып тұр. Ендеше халық педагогикасының осыншама өгейлiкке ұшырауының себебi не? Оның басты себебi, халық педагогикасы - ғылыми пән ‑ ретiнде танылмады. Бұл саналы түрде жүргізіп келген - империялық саясаттың, немесе, эвропацентриз методологиясының - тiкелей әсерi едi. Мәселен, көне Грек мәдениетiнiң соңғы екi ғасыры мен бiздiң эрамыздың сегiз ғасырын қамтитын Рим империясының әсерiмен - Еуропа елдерiнiң халық педагогикасы ғылыми жүйеленбей, оның орнына “классикалық педагогика” ‑ дейтiн жасандылық дүниеге келдi.
Екiншi, өзiмiзге тiкелей қатысы бар орыс империясының әсерiнен ‑ оның қоластында бодандығта болған жүздеген халықтың ‑ Ұлттық тәлiм-тәрбиелерi ‑ ғылыми дамудан мақұрым қалды. Сондықтан да, ғылыми педагогика делiнетiн жасандылық қолдан таңылып, Адам баласы ең әуелi ‑ биологиялық индивид ‑ сонан кейiн ғана ‑ қоғамдық тұлғаға ‑ ауысатындығын даралай көрсетуге рұқсат етiлмедi. Себебi, генетика ғылымдарының заңдылығтары империялық саясатқа қайшы келетiн едi. Жалпы Империя атаулы бағынышты елдерiнiң ‑ ұлттық тарихын да, халығтық педагогикасында ‑ табанының астына салып, оның бой көтеруiн ешуақытта қаламады. Өйткенi, бұл екеуiнен де, қай халығтың болмасын ұлттық санасы оянады. Ал Империя атаулыны күйрететiн күш тек ‑ ұлттық сана ‑ екендiгi дәлелдеудi қажет етпейтiн аксиомалық шындық...
Ендеше, уақыт талабымен жаппай өмiрге ене бастаған халық педагогикасын ғылыми түрде дамыту, оның өзіне тән методологиясы мен жүйесін және қадау-қадау негiздерiн айқындау ауадай қажет. Сөйтіп, оны жалпы педагогиканың ауқымында үндестіре пайдаланудың берері мол... Мәселен, ұлы педагог К.Д.Ушинскийдiң: “Халық педагогикасы жоқ жерде, педагогика ғылымы да жоқ, педагог та жоқ”, - деген тұжырымын есте ұстаған жөн.
Алғаш рет жазылмақшы - "Педагогика негіздері" ‑ атты бұл оқу құралының мазмұны мен мәні, бағыты мен бағдары, 2005 жылы жарық көрген "Халық педагогикасы мен психологиясының негіздері" атты монографиялық еңбекпен бірыңғай үндестік тауып, ондағы теориялық ойлардың астарындағы к ү р д е л і күрмеулерді тарата талдап айтып беруді мақсат етеді. Сол еңбекте ғылыми түрде дәлелденген педагогика мен психология пәнінің екі сатылы, немесе, екі деңгейдегі – методологиясы - жеті түрлі негіздері - екі жүйесі - осынау ұсынылмақ оқу құралы кітабыныңда, сапалы бітімі мен сындарлы келбетін айқындай түспек. Былайша айтканда, монографияда ұсынылған тараулар мен тақырыптардың ішкі мазмұндарын ашумен қоса, халық тағылымының тарихи сипаттарына да ерекше тоқталып, оның өмірдегі өрнектерінен пәрменді мысалдарды, барынша адам тәрбиесі төңірегінде орынды пайдаланбақ. Жалпы Адам тәрбиесіндегі бұрын-соңды айтылмаған жаңа ұғымдар мен түсініктерді ұсынумен қоса, оның тіршілікпен үндескен қарапайым да нақты е р е ж е л е р і н де айпарадай ашып көрсетуге ерекше көңіл бөлінеді.
Тіпті, тұңғыш рет - Адам дегеніміз не ? - Ж а н жөне Р у х деген не ? - Биологиялық жөне Физиологиялық заңдылықтар деген не ? - Оның адам тәрбиесіндегі әсерлері қандай ? - деген мың-сан сауалдарға да, ғылыми негізделген жауаптар ұсынумен бірге, көптеген тіршілік арнасындағы көріністердің ж ұ м б а қ сырларына батыл барлаулар жасалынбақшы...
Бұл ұсынылып отырған "Педагогика негідері" оқулығында, бірінші рет Т ә н тәрбиесінің біржақтылығын ашып қана қоймай, оның Ж а н тәрбиесінсіз - Ұлы Абай айтқан; “толық адам, нұрлы ақыл” бейнесіне, тіпті де жете алмайтындығымыз жайында сыр шертеді. Бүгінгі таңдағы инновациялық технология жетістіктеріне иек арта отырып, Жанның да - он екі м ү ш е с і, яғни «он екі түрлі арнасы» ‑ жайында тұңғыш рет мәселе көтеріп, былайша айтқанда, компьютердің сан‑қилы бағдарламасы тектес сипаттары бар екендігін анықтайды. Осы күнге дейін, тіпті ХХІ‑ ғасырлық өркенниетіміз де, ‑ жанның тәрбиесін жүргізу қажеттігі ‑ мүлдем ескерілмей келгендіктен, адам бойындағы жанның бар арналары жабылуға жақындаған. Соның айқын дәлеліндей, бүгінгі жарық тіршілікке келіп жатқан ұрпақтарымызда; ‑ түйсіктің түрлері, шынайы сүйіспеншіліктің іздері, ар-ұждан мен имандылықтың көмескі тартуы, жігерсіздік, ішкі бес сезімге жататын ‑ көкірек көзі мен сана саңылауларының әлсіреуі, тұқым қуалайтын т е к т і л і к, тіпті з е р д е мен з е й і н н і ң де ‑ көп төмендеп кеткендігі ешкімге де құпия емес.
Осылайша, ЖАН мен ТӘН тәрбиелерінің үндессіздігінен, анығырақ айтқанда, олардың әрқайсысына тәрбие тәсілдері дұрыс жүргізілмеуінен, адам баласын күллі тіршілік атаулыдан ерекшелеп тұрған, оның бойындағы РУХЫ да, дұрыс жетіле алмауының мысалы көп. Ендеше, тек осы айтылған пікірлердің өзі-ақ, адам педагогикасы мен психологиясына арналған оқулықтың қаншалықты қ а ж е т екендігі айтпаса да түсінікті. Ғасырлар бойы қалыптасқан халық педагогикасы - көнеден келе жатқан ел тарихын, әдебін (этика), талғамын (эстетика), өнерін, өркенін, мәдениетін, этнографиясын, ділі мен дінін, бүкіл халықтың болмысы мен дүниетанымдарын – өз деңгейінде, барынша түсінікті де тартымды етіп беруге тырысады. Бұл еңбекте әдеттегі көшірме оқулықтар тәрізді, сіресіп жатқан сілтемелерге бой алдырып, оқушылардың санасын сарсытып сарылтпауға ерекше көңіл бөлінді. Оқушысына өз айтары жетіп жатқандықтан, басқаның шалажансар пікірлеріне көңіл де бөле алмай, оқулық бетіне өзгенің сөздерін көшіре беруге мұрша да жетпегенін ескерткіміз келеді. Адам педагогикасы мен психологиясының - екi түрлi жүйелерi - өзiнiң ғылыми методологиясының екi түрлi сатыларынан, немесе биологиялық индивид деңгейiнен бiрiншi жүйесi – жүрек тәрбиесi ‑ қалыптасады да, ал сананы жетiлдірер сатысынан екiншi жүйесi – ақыл тәрбиесi – бiртiндеп ашылып өркенiн жаяды. Жүрек тәрбиесi – түйсiк пен iшкi сезiмдердiң әсерлерi арқылы негiзiнен ана құрсағындағы тоғыз айдың көлемiнде қалыптасатыны белгiлi. Мiне, осы ұғымды сәл тарата талдай айтуды жөн көрдiк. Жалпы, жүрек тәрбиесi арқылы – негiзiнен Адам жанының а р н а л а р ы ғана ашылып қоймай, бүгiнгi таңда көп жағдайлары түсiнiксiз болып отырған мидың экстрасенсорлық қабатымен тығыз байланысты ПАРАПСИХОЛОГИЯЛЫҚ құбылыстардың да ерекше жетiлетiнiн ескеру қажет. Сондықтан да, ана құрсағында жатқан Жан иесiне жүргiзiлетiн тәрбие тәсiлдерiн – бұрын да, терең түйсiгi арқылы мыңнан бiр Ана болмаса, ал қазiргi кездегi ұрпақ жалғастырып жатқан АНА атаулының тiптi, түгелiне жуығының қаперiне де кiрiп бiлмейдi десек, ешқандай асырып айтқан сөз емес екенi анық. Ал, адам педагогикасы мен психологиясының екiншi жүйесi болып табылатын – ақыл тәрбиесi ‑ нәрестенiң қарашығын ұстап, айналасындағы ақ пен қараны ажыратып қана қоймай, сонымен қоса оның алғашқы таңырқауы мен таңдануынан сәби санасы бастау алатынын есте ұстаған жөн.Осынау, адам педагогикасы мен психологиясының екi жүйесiмен сабақтасып жатқан, оның жетi негiзi – Тән құрылысының жетілу сәттерiндегi физиологиялық жетi кезеңнен шығатыны белгiлi. Сонымен, ‑ Халық педагогикасы мен психологиясы дегенiмiз – адамның жан-дүниесiн тәрбиелейтiн және зерттейтiн iлiм екендiгi ‑ ендi ғана қалыптасып жатса, оның ПӘН ретiнде жетiлуiнiң айғағы да, осы оқулықпен өмiр-тiршiлiгiмiзге енетiндiгiне сенгiмiз келедi. Өйткенi, оны жер бетiндегi халықтар өзiнiң тiршiлiк-тұрмыстарының ережелерi тәрiздi - қанымен де, жанымен де қалыптастырып ‑ көзiнiң қарашығындай сақтаумен қоса, үнемi үзбей ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып отырады.
Кітап он бір тараудан тұрады. Осы тараулардың әрқайсысында бұрын‑соңды адам тәрбиесінде айтылмаған жаңа көзқарастар жетіп жатыр. Оның ең негізгі себебі, европацентризм методологиясынан баз кешіп, адам тәрбиесінің табиғи методологиясына ауысуымыздан екені анық. Алғы сөзде кітаптың барлық тарауларын талдамай‑ақ, тек бұрынғы педагогика кітаптарында айтылмаған, осы еңбектің Кіріспесіндегі – Замана сыры мен Уақыт тынысы – атты тақырыптардың қысқаша ғана мәнін аша кеткенді жөн көрдік.
Бірінші, ‑ Замана сырына – ерекше мән берудің қажеттігіне тоқтасақ, сөз жоқ, кез‑келген халық өзінің ұлттық тарихын жүйелі түрде білу арқылы, өткен замандардың қыры мен сырына қанығады. Осы арқылы сол халықтың ұлттық санасы ашылып, жеке адамдардың кісілігі жетіліп, азаматтық сананы күнделікті тіршілігінің түйініне айналдырады.
Екінші, ‑ Уақыт тынысын – түсіну арқылы өзінің бүкіл ғұмырын – текке кететін және босқа өтетін сәттерінен – ажыратып қана қоймай, мұндай кемшіліктерді болдырмаудың тәсілін табады. Адам баласы шексіз де шетсіз уақыттың өзіне тән тұрақты заңдылықтары барын ескеруі керек. Мәселен, ‑ шыққан күннің бататыны – басталған аптаның аяқталатыны – айдың өтіп – жылдың бітетіні – тәрізді, адам өмірі кезеңдерінің де, ‑ отбасын құру және ұрық тазалығы – нәресте кезеңі – балбөбек – сәбилік кезеңі – балиғат – кәмлеттік – болып, әр кезеңнің басы және соңы бар екенін білумен қоса, олардың тек өздеріне тән тәрбие тәсілдері болатынын, бұрын уақыт тынысына мән бермегендер терең түсіне де алмаған. Бұл адам тәрбиесіндегі аса үлкен қателіктердің бірі болып табылады. Осыны бала кезінен бастап ұққан адамның жетер жетістіктері ерекше болмақ...
Достарыңызбен бөлісу: |