Сөз есептер жинағы Мәтін есептермен жұмыс жасау енді тіптен оңай!



Pdf көрінісі
бет55/67
Дата06.10.2023
өлшемі1,41 Mb.
#112919
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   67
 
32

Арақашықтықтары 315км-ге тең екі қаладан бір уақытта бір-біріне 
қарама-қарсы мотоциклші мен велосипедші шықты. Олар 3 сағаттан кейін 
кездесті. Велосипедшінің жылдамдығы 18 км/сағ. Мотоциклшінің 
жылдамдығы қандай? (10, 87,52,19 км/сағ)
 
33. Бір-біріне қарама-қарсы келе жатқан пойыздардың арақашықтығы 1200 
км. Бір пойыздың жылдамдыгы 58 км/сағ, екіншісінің жылдамдығы 72 
км/сағ. 3 сағаттан кейін бұл пойыздар бір- бірінен қандай қашықтықта 
болады? (810, 390, 910, 820 км) 
34. Мақта қыз бен қу Түлкі бір-біріне қарсы келе жатты. Егер Мақта қыздың 
жылдамдығы 20 м/мин, Түлкінің жылдамдығы - 90 м/мин, ал олардың 
арақашықтығы 3 км 100 м болса, олар қанша уақыттан кейін кездеседі? 
Оған қоса Мақта қыз әрбір минут сайын 30 секундқа емдік шөптерді теру 
үшін тоқтап отырды. 


150 
35. © Сұлтан және Сәкен 25 метр арақашықтықта тұрып, бір-біріне қар 
кесектерін лақтырды. Бірінші қар ауада 8 секунд болды, ал екіншісі - 2 
секундке аз. Екінші кесек біріншіге қарағанда 6 метр аз ұшты. Әрбір қар 
кесегі қандай қашықтыққа ұшты? Балалар бір-біріне қар тигізді ме? 
36. Көне заманда тіршілік еткен ең ауыр динозаврлардың бірі - төртаяқты 
брахтиозавр (70 тонна) 10 км/сағ жылдамдықпен жылдамдығы 60 км/сағ екі 
аяқты жыртқыш кесіртке - компсогнатқа (үлкендігі тауық сияқты, салмағы 
5 кг) қарсы шықты. Олар қосылып, 70 км арақашықгықты 
қандай уақытта өтеді? Динозаврлардың әрқайсысы неше километрді өтеді? 
37. Африкалық түйеқұс пен Азия даласының дуадағы біріне-бірі қарсы 2 
сағат жүріп, 220 км қашықтықты өтті. Олардың жылдамдықтары қандай
егер түйеқүстың 20 км/сағ жылдамырақ жүргені белгілі болса? 
38. Түйе мен қарақұйрық - Азия шөл даласына бейімделген аса төзімді 
жануарлар. Су іздеп жүріп, олар бір-біріне қарсы 3 сағатта 240 км қа- 
шықтықты өтіпті. Олардың әрқайсысы қандай қашықтықты жүріпті, егер 
түйенің жылдамдығы қарақұйрықтың жылдамдығынан 40 км/сағ кем екені 
белгілі болса? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет