Сөз есептер жинағы Мәтін есептермен жұмыс жасау енді тіптен оңай!



Pdf көрінісі
бет9/67
Дата06.10.2023
өлшемі1,41 Mb.
#112919
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   67
 
 
89. Шілде айында оңтүстік шөл далада ауаның орташа температурасы 29 
градус, ал солтүстік орманды далада - 10 градусқа төмен. Шілде айыңда 
орманды даладағы ауаның орташа температурасы қандай? 
90. Алматы қорығында құстардың 200 түрі, ал Қорғалжын қорығында - 115-
ке артық түрі бар. Қорғалжын қорығында құстардың қанша түрі бар? 
91. Жержүзінің ең биік нүктесі - Джомолунгма тауының биіктігі 8848 м 
құрайды. Ал Қазақстандағы Хан-Тәңірі шыңы одан 1853 м төмен. Хан-
Тәңірі шыңының биіктігі қандай? 
Белгісіз қосындылар мен қалдықтарды табуға 
арналған есептер 
 
 
1. Кішкене қыз екі күнде кіталгшң 10 бетін окып шықты. Бірінші күні ол 2 
бет оқыды. Екінші күні ол кітаптың қанша бетін оқыды? 
2.Сауытта 8 алма болды. 5 алманы жеп қойды. Сонда кашпа алма қалды? 
3.Оқушыға 6 есепті шығару керек. Ол 4-ін шығарды. Енді қанша есеп 
шығару қалды? 
4. Екі күнде саяхатшы 8 км жол жүрді. Бірінші күні ол 5 км жүріп өтті. 
Саяхатшы екінші күні қанша км жол жүріп өтті? 


41 
5. Самат пен Берік көлден 10 мөңке балығын аулап алды. Берік 4 балық 
ауласа, Самат қанша балық аулады? 
6. Ұя басқан тауықгың 7 балапаны бар. Оның 2- уі қара, ал қалғандары сары 
балапан. Сары түсті балапан қанша? 
7. Отбасылық дәрігердің 9 емделушісі бар. Ол 6 емделушіге барып шықты. 
Дәрігерге қанша емделушіні қарап шығу қалды? 
8.Аулада 8 бала ойнап жүрді. Олардың 4-уі ұл бала, қалғандары қыз бала. 
ұл балалармен бірге қанша қыз бала ойнады? 
9.Үстелдің үсгінде 8 шыныаяқ тұрды. Олардың 2-уі сынып қалды. Қанша 
шыныаяқ қалды? 
10.Еңбек сабағына деген жиынтықта әртүрлі 30 бет қағаз бар. Оның 12 беті 
ақ қағаз. Жиынтықта қанша бет түрлі түсті қағаз бар? 
11.Үйдің төбесінде 19 көгершін үшып жүрді. Олардың арасында 3 сұр, 
қалғандары ақ түсті көгершін болды. Қанша ақ түсті көгершін үшып жүрді? 
12. Кітаптың 30 беті бар. Катя оның 20 бетін оқыды. Оқып шығуға қанша 
бет қалды? 
13.Сыныпта 15 бөлме өсімдігі бар. Кішкентай қыз 8 өсімдікті суарды. Оған 
тағы қанша өсімдікті суару қалды? 
14. Шамтізбекте 70 шам бар. Олардың 35-і сары, қалғандары қызыл. 
Шамтізбекте қанша қызыл түсті шам бар? 
15. Далада 100 жөке және үйеңкі ағашын отырғызды. Үйеңкі 30 түп болды. 
Ал жөке қанша түп болды? 
16. Бір көшеде 56 үй түр. Егер оңың 18-і ағаш үй болса, тас үй қанша? 


42 
17. Бір күнде бекеттің жаньнан 42 пойыз өтеді. Егер оның 37-сі тауар 
пойызы болса, жолаушы пойызы қанша болғаны? 
18.Бау-бақшада 43 түп раушан гүлі бар, олардың 12-сі шай раушан гүлі. 
Қалған раушан гүлі қанша түп? 
19. Саябақта 35 аттракцион бар, олардың 15-і ересектерге арналған. 
Бапаларға арналған қанша аттракцион бар? 
20. Ажардың дәптерінде 45 баға болды. Бес деген — 32 баға, қалғандары - 
төрт деген баға. Төрт деген баға қанша? 
21. Үйге ағылшын тілінен 40 сөз жаттауға берілген болатын. Әлия тек 15 
сөзін ғана жаттады. Әлияға алі қанша сөз жаттау керек? 
22. Автобуста 29 адам келе жатты. Аялдамада 15 адам шығып кетті. 
Автобуста қанша адам қалды? 
23. Марат достарымен бірге қараторғайларға арнап 28 ұя жасады. 
Қараторғай ұясының 12-ін орнатты. Тағы нешеуін орнату қалды? 
24. Сыныпта 36 оқушы бар. Концертке 17 оқушы қатысты. Қанша адам 
концертке қатысқан жоқ? 
25. Мадияр 63 нобай сурет салды. Ол ең жақсы 25 суретті бірінші сынып 
оқушыларына сыйға тартты. Мадиярда қанша нобай қалды? 
26. © Сержанның анасы 8 самса пісірді. Сержан аулаға шығып, 5 самсаны 
достарына бөліп берді. Таңырқаған анасы қанша қалған самсаны көрді? 
27. © Ағашта 7 шымшық отырды. Қарындары ашқан кезде 3 шымшық ұшып 
кетті. Ағашта тамаққа тойған қанша шымшық отырды? 


43 
28. © Сәкенге 20 есеп шығару керек. Ол Мақсаттан 2 есепті көшіріп алды. 
Бірақ, енді Сәкеннің өзіне әлі қанша есеп шығару керек? 
29. © Маратқа 30 жабыстырма сыйға тартты. Ол 13 жабыстырманы 
маңдайына жабыстырып алды. Альбомға жабыстыру үшін онда қанша 
жабыстырма қалды? 
30. © Арманның сөресінде 50 кітап тұр. Ол тек бір кітапты ғана оқып 
шықты. Арманның назарын қанша кітап күтуде? 
31. Марқакөл және Батыс Алтай қорықтарында барлығы 1285 өсімдіктер 
түрі өседі. Марқакөл қорығында 721 өсімдіктер түрі бар. Батыс Алтай 
қорығында өсімдіктердің қанша түрі өседі? 
32. Қазақстанда 693 жерасты сулары кен орындары барланды, олардың 
70- і -артезиан, қалғандары арынды емес. Неше арынды емес су көздері 
барланды? 
33. Тянь-Шаньда 1 009 мұздық бар, бұл Жоңғар Алатауындағы мұздықтар 
санынан 360-ка кем. Жоңғар Алатауындағы мұздықтардың саны қанша?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет