Сөз тіркесі кемінде екі сөздің мағыналық әрі тұлғалық жақтан байланысуы

Матасу – ілік септігіндегі сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздің байланысуы. Мысалы: баланың үйі, біздің гүліміз. Меңгеру –

бет3/4
Дата25.01.2023
өлшемі391,32 Kb.
#62990
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Сөз тіркесінің жасалуы

Матасуілік септігіндегі сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздің байланысуы. Мысалы: баланың үйі, біздің гүліміз.

  • Меңгеру – атау, ілік септігінен басқа септіктердің жалғаулары арқылы байланысуы. Мысалы: Суды төкті. Ағасына берді.

  • Қабысу – ешбір жалғаусыз орын тәртібі арқылы байланысуы. Мысалы: қара қалам, алтын сағат, әдемі қыз.

  • Жанасу – Үстеу мен етістіктің байланысуы. Мысалы: кеше болды, сол арқылы білдім.

    Тоғжанның бейнесі

    Сылдырлаған шолпысы, әлдеқандай былдырлаған тілменен Тоғжанның келері мен кетерін паш етеді. Құлақтағы әшекей сырғасы, бастағы кәмшат бөркі, білек толған неше білезіктері – баршасы да бұл өңірден Абайдың көрмеген бір сәні сияқты. Толықша келген, аппақ жүзді, қырлы мұрын, қара көз қыздың жіп-жіңішке қасы да айдай боп қиылып тұр. Қарлығаш қанатының ұшындай үп-үшкір боп, самайға қарай тартылған қос жүрекке шабар жендеттің жебесіндей.
    Тоғжан үйдегі сөзге құлақ салып, не күліп, не қымсынса сұлу қастары бір түйіле түсіп, бір жазылып толқып қалды. Елбіреп барып дір еткен қанат лебіндей. Самғап ұшар жанның жеңіл әсем қанатындай. Биікке, алысқа меңзейді.
    М. Әуезов «Абай жолы» романындағы Тоғжан бейнесі. (1- том).

    Талдау үлгілері

    1.Сылдырлаған шолпысы

    бағ.с. бас.с.

    1.Сөз тіркесінің байланысу түрі-қабысу
    2.Сөз тіркесінің байланысу тәсілі-орын тәртібі арқылы
    3.Сөз тіркесінің құрамы-дара сөз.т.
    4.Басыңқы сыңарының ерекшелігіне қарай-есімді сөз тіркесі
    5.Синтаксистік қатынасы-анықтауыштық қатынас

    2.Былдырлаған тіл

    3.Тоғжанның келуі

    бағ.с. бас.с.

    1.Сөз тіркесінің байланысу түрі-матасу
    2.Сөз тіркесінің байланысу тәсілі-жалғау арқылы
    3.Сөз тіркесінің құрамы-дара сөз.т.
    4.Басыңқы сыңарының ерекшелігіне қарай-етістікті сөз тіркесі
    5.Синтаксистік қатынасы-анықтауыштық қатынас
    4.Құлақтағы сырғасы

    бағ.с. бас.с.

    1.Сөз тіркесінің байланысу түрі-қабысу
    2.Сөз тіркесінің байланысу тәсілі-орын тәртібі арқылы
    3.Сөз тіркесінің құрамы-дара сөз.т.
    4.Басыңқы сыңарының ерекшелігіне қарай-есімді сөз тіркесі
    5.Синтаксистік қатынасы-пысықтауыштық қатынас

    5.Білек білезіктері

    бағ.с. бас.с.

    1.Сөз тіркесінің байланысу түрі-матасу
    2.Сөз тіркесінің байланысу тәсілі-жалғау арқылы
    3.Сөз тіркесінің құрамы-дара сөз.т.
    4.Басыңқы сыңарының ерекшелігіне қарай-есімді сөз тіркесі
    5.Синтаксистік қатынасы-толықтауыштық қатынас

    6.Қыздың қасы

    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4

    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет