Сөзді қҰрамына, лексика-грамматикалық мағынасына қарай кешенді-сатылы талдау



Дата05.03.2023
өлшемі25,99 Kb.
#71703
түріҚұрамы
Байланысты:
Сатылай КТ (2)



СӨЗДІ ҚҰРАМЫНА, ЛЕКСИКА-ГРАММАТИКАЛЫҚ МАҒЫНАСЫНА ҚАРАЙ КЕШЕНДІ-САТЫЛЫ ТАЛДАУ
Қызын қарақшылардан құтқарып алу үшін Үркерліктер түнде Жетіқарақшыларға жетуге тырысады екен, бірақ жақындап қалғанда ылғи да таң атып қала береді дейді.



ЖЕТІҚАРАҚШЫЛАРҒА
1. Бұл сөз алты құрамнан тұр: жеті+қары+ақ+шы+лар+ға.
2. Тұлғасына қарай – туынды түбір. Себебі, түбір негіз сөзден сөзжасамдық жұрнақ арқылы жасалып, туынды лексикалық мағынаны білдіреді.
3. Құрылысына қарай – күрделі. Себебі аналитикалық тәсіл арқылы жасалған біріккен сөз.
4. Сөзде бес лексикалық, төрт грамматикалық мағына бар.
5. Лексикалық мағыналары:
5.1 жеті – алтыдан кейінгі сан;
5.2 қары – кісі тонаушы;
5.3 қарақ – тойымсыз;
5.4 қарақшы – жол торып, керуен тонаушы;
5.5 жетіқарақшы – аспанның солтүстік жарты шарындағы шоғырланған шоқжұлдыз.
6. Грамматикалық мағыналары:
6.1 бірінші грамматикалық мағынасы – лексикалық мағынаның жалпылануынан жасалған жалпы грамматикалық мағына – зат есім;
6.2 екінші грамматикалық мағынасы – атау септігінің нөлдік тұлғасы арқылы берілген категориялық-грамматикалық мағына – атауыштық мағына;
6.3 үшінші грамматикалық мағынасы – көптік жалғауы арқылы берілген категориялық-грамматикалық мағына – көптік мағына;

6.4 төртінші грамматикалық мағынасы – барыс септік жалғауы арқылы берілген категориялық-грамматикалық мағына – бағыттық мағына.
7. Жетіқарақшыларға – неге? деген сұраққа жауап береді.
Ендеше бұл зат есім есім.
Зат есім дегеніміз – заттың, нәрсенің, құбылыстың атын білдіріп, кім? не? кімдер? нелер? грамматикалық сұрақтарға жауап беретін лексика-грамматикалық сөз табы.
8. Мағынасына қарай:
8.1 жалқы есім (себебі, астрономиялық жұлдыз атауы);
8.2 жансыз (себебі, тіршілік иесі емес);
8.3 жартылай деректі (себебі, көзбен көре алатын, қолмен ұстауға келмейтін жұлдыз атауы);
8.4 жартылай нақты (себебі, жартылай деректі болып тұр).

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет