Сөздік жұмыстың әдістемесі



бет5/5
Дата12.10.2022
өлшемі25,85 Kb.
#42502
1   2   3   4   5
Сөздік жұмыс принциптері:
-ойлау, қабылдау, қиялдың дамуымен сөздік қорды дамытудың бірлігі;
- қоршаған ортаны белсенді тануға сүйену;
- біртіндеп дамыған балалардың ойлау әрекеттерімен, қоршаған ортаны тану мүмкіндіктерімен сөздік жұмыс мазмұнының байланыстылығы;
- байланыстырып сөйлеуінің дамуымен, сөйлеудің фонетикалық және грамматикалық қалыптасуымен өзара байланысындағы сөздік жұмыстың барлық міндеттерін шешу.
Сөздік жұмыстың әдістері мен тәсілдері:
Әдістің екі тобы бар: балалар сөзінің мазмұнын толықтыру әдісі (қоршаған әлеммен таныстыру және сөздік қорды байыту әдісі); сөздік қорды белсендіруге және бекітуге бағытталған әдістер.
Әдістердің бірінші тобына: заттарды қарау және зерттеу, бақылау, балабақша ғимаратын қарау, мақсатты саяхат, толық таныс емес суретті қарау, көркем шығарманы оқу, кино, бейнефильмдер көру енеді.
Негізінен, сөздік қорды белсендіруде басты орынды ойын алады. Сюжетті-рольдік ойындарда тұрмыстық тақырыптарда, тұрмыстық сөздер, ал өндірістік тақырыптағы ойындарда – кәсіби лексика, құрылыс ойындарында – заттардың кеңістікте орналасуын және сапасын, қасиетін білідіретін сөздер белсендіріледі.
Сөздік жұмыс бағдарламаның басқа бөлімдері бойынша барлық сабақтарда жүргізіледі. Мысалы: бейнелеу өнері сабағында балалар заттардың, жабдықтардың, материалдардың, олардың қасиеттерінің атауын игереді. Мысалы: «Балалар егер дөңгелек шарға таяқшаларды жапсырса, қандай зат болар еді?», немесе, «Егер саздан жасалған таяқшаны майыстырса, не шығар еді?» Егер балалар жауап беруге киналатын болса, онда тәрбиеші өзі түсіндіріп, шыққан заттарды көрсетеді. Болмаса бұрын саздан жасалған фигураларды көрсетеді.
Саздан өздігінше мүсін жасауды былайша ұйымдастыруға да болады. Тәрбиеші: «Балалар, менде шарик және таяқша бар. Ал сылдырмақ жасау үшін не істеуім керек?»дейді. Не­месе әрбір балаға екі-екіден шарик пен таяқшалар береді де: Осылар арқылы бір ойыншық жасаңдар!» деп тапсырма береді. Балалар өз беттерінше заттардың мүсінін жасап жатқанда тәрбиеші оларға сұрақтар қойып, кеңес беріп отырады. Дұрыс шешім қабылдауларына жәрдемдеседі. Қорыта айтқанда, әр-түрлі тісілдермен әдістерді меңгеру балаларға саздан мүсін жасауға өз сенімдерін арттырады.
Тәрбиеші сабақ кезінде заттың формасы калай жасалғандығы, композициясы, іс-әрекеті, пропорциясы қалай берілгендігі жөнінде әрбір баланыњ қимыл-қозғалысын қадағалап отырады. Тәрбиеші балаларды өзінің сұрақтарымен, кеңесімен тақырыпты қызықты да, дұрыс шешуге бағыттайды. Егер бала ойнап жүрген мысық балаларын балшықтан жасаймын деп оларды қозғалмайтын жағдайда жасап қойса, тәрбиеші балаларға: «Ойланшы, ойнап жүрген мысық балаларына ұқсау үшін мүсінге не істеу керек?»— деп ойландыратын сұрактар қояды.
Егер бала қиналатын болса, ересек адам сұрақты анықтап қояды: «Ойланшы, бір-бірімен ойнап жүрген мысық балаларының аяқтары калай болады?» Мұндай сұрақтар балаларға тура кеңес бермейді, бірақ оларды сабақ үстінде бейне жайында, ойлауға мәжбүр етеді. Заттың түрін, пропорциясын балалар дұрыс келтіре алмай қиналатын болса, онда балалармен жекелей жұмысқа көшу керек. Балаға ойыншық суретті көрсетіп, осылар жайында оның ойын білу керек. Тіпті, болмаған жағдайда оѓан басқа балшық кесегіне жабыстыру әдісін көрсету керек.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет