Сөздік жұмыстың әдістемесі


Өздеріне қаратыла айтылған сөзді толық түсіну



бет2/5
Дата12.10.2022
өлшемі25,85 Kb.
#42502
1   2   3   4   5
1. Өздеріне қаратыла айтылған сөзді толық түсіну.
2. Бір немес бірнеше адамдарға толық өзінің ұсынысын айта білу.
3. Өтініш, алғыс айтудың сыпайы түрлерін қолдана білу.
4. Жекелеген заттарға сипаттама беру.
5. Өз әрекеттерін немесе жолдастарының жасап отырған жұмыс туралы сипаттау.
6. Өзі және жанұясы туралы әңгімелей білу.
7. Жыл мезгілдерін сипаттай білу.
Балаларға берілетін барлық тілдік материалдарды қорыта келіп төмендегідей әңгімелердің түрлерін ұсынуға болады.
1. Балабақша туралы сурет бойынша қарастыралатын әңгімелер:
Мынау балабақша. Балабақшада балалар көп. Балабақша үлкен және әдемі. Мынау сөре. Сөреде ойыншықтар бар. Мынау доп. Мынау – қонжық, мынау қоян т.б. Біз бақшаға келдік. Анам екеуіміз сәбіз ектік. Болат ағаштарға су құйды. Мынау аула. Аулада балалар келе жатыр. Гүлнәр қуыршақ әкеле жатыр. Маратта машина бар. Машинада қонжық отыр
Балалардың ойындары, режимдік сәттерге байланысты әрекеттері бейнеленген суреттер бойынша әңгіме құрату: Балалар сурет салды. Болат үй салды. Гүлнәр қызыл, көк, сары шарлар салды. Бұл хайуанаттар паркі. Онда көп аңдар бар. Мынау қасқыр. Мынау аю т.б. Мынау бала. Ол сағат жетіде тұрды. Тамақ ішті. Сағат сегізде балабақшаға келді т.б.
Грамматикалық мағыналар бұл болмыс құбылыстары арасындағы сөз арқылы білдіретін қарым – қатынастар мағынасы. Яғни бұл логикалық қатардың тілдік мағыналары.
Грамматикалық мағыналар сөз тудырушы морфемаларға және синтаксисте грамматикалық мағыналарға бөлінеді. Тілді түсіну үшін оны құрайтын сөздердің лексикалық мағыналарын білу аз. Сонымен бірге осы сөздердің арасындағы грамматикалық қатынастарды түсіну керек. Мысалы: бала лексикалық мағынаны яғни алма ағашын отырғызу сөздерінің тілдегі тысқары болмыспен ара қатынасын білуі мүмкін. Алайда алма ағашы отырғызылды немесе алма ағашын отырғызады деген сөйлемдердің құрамында жұмсалып тұрған грамматикалық мағыналарды білмейді. Егер балаға грамматикалық тұлғаның мағынасы түсініксіз болса, ол сөйлемдегіайтылғанойды да түсінбейді. Ана тілдің грамматикалық мағыналарды үйретудің қиындығы мынада: бұл мағынаны оқытушының өзі жете түсінбейді және оларды ана тілін табиғи қабылдау процесінде меңгеріп интуициялық жолмен қолданады.
Грамматикалық мағыналарды меңгерудің өзі адамды ойлана білетін етеді. Ана тілдің грамматикалық мағынасын түсіну, жас жеткіншекке ақыл кіру және оның даму процесі болып табылады. Бұл процесс санадан тыс жүретінін алайда, егер бұл процесі нашар оқытылуы арқылы бәсеңдетілетін болса баланың ақыл ойының өсуі шектеліп қалады.
Балалар алдын – ала аздаған сөз мөлшерін үйренбейінше дыбыстарды және сөйлем интонацияларының ерекшеліктерін білмейінше грамматикалық жаттығулар жүргізу мүмкін емес. Балалардың тілін грамматикалық формалармен байыту. Олардың сөздік қорын молайту мен фонетикалық дағдыларын дамыту процесінде жүреді.
Тәрбиеші балалармен сөзбе – сөз қарым – қатынас жасағанда сабақ үстінде баланың әр сөзді анықтап, дұрыс дыбыстап айтуын бақылап, түзетіп отыру қажет. Әсіресе зат ретінде сөздер мен іс – қимылды білдіретін етістік сөздерді өзара байланыстыра сөйлеу, үлгі көрсетіп, баланың сөйлем құрап айта алуына бағдар беріп жаттықтыру қажет. Мысалы: бала сурет салып отыр, қыз доппен ойнады деген сөйлемдегі затты білдіреді және қимылды білдіретін сөздерді тапқызу. Қалай байланысып тұрғанын түсіндіреді. Коллективтік әңгіме құрап айтуға үйретеді. Бірыңғай жай мүшелі сөйлем түрінде сөйлеуге үйретуден бастаған жөн. Заттың қасиетін, оқиғаның себебін, өткен мезгілін білдіретін сұрақтарға жауап беруге үйрету. Оны Қашан? Қайда? Неліктен? Не себепті? Сұрақтарын қойып, оған жауап алу арқылы үйрету керек. Көрсетіліп отырылған 2 – 3 жасар баланың тілі өте тез дамиды. 3 жасар баланың сөздік қоры 1300 – 1500 сөзге жетеді. 4 жасар баланың сөздік қоры 2 есе көбейеді. Естиярлар тобында қазақ тілінің грамматикалық құрылысын меңгеру күнделікті өмірде, үлкендермен сөйлесу кезінде іске асады. Балалар сөйлемдегі сөздерді көбінесе жалғау, жұрнақсыз айтады. Сондықтан тәрбиешілер тіл дамыту сабақтарында жеке сөздерді жіктік, септік, тәуелді жалғауларында қолдануды, түбір сөздерден сөз тудыру тәсілдерін үйретіп отыруға міндетті
Сондай–ақ қазақ тілінде өз алдына жеке мағынаға ие болмайтын басқа сөздерге қосылып көмекші мағына атқаратын сөздерді үйрету қажет. Бұл үшін түрлі ойыншықтарды, қажетті заттарды әртүрлі жағдайға орналастырып, балалардан сұрау қажет. Бала Қайда? деген сұраққа заттың орналасқан орнын сөзбен айтады. Мұнымен қатар “жасырылған затты тап”, “орныңды тап” деген ойынды өткізуге болады.
Мектепке дейінгілердің сөздік қорын дамыту ерекшеліктері
Балалардың сөздік қорын дамыту ерекшелігі жеткілікті, толық физиологияда, психологияда, психолингвистикада оқытылған. Мектепке дейінгі мекеменің бағдарламасы бойынша бір-бірімен сабақтас өтілетін тәрбие жұмысында баланың ой-өрісін, дүние танымын, сөйлеу тілін дамытуға баса көңіл бөлінеді. Бұл мәселені кешенді тәрбие жұмыстарының барлық саласында үзіліссіз жүзеге асырып отыру көзделіп, бағдарламада «Тіл халық қазынасы» атты тақырыпппен берілді. Балалардың сөздік қорын ауызша сөйлеу тілін ждамыту жұмыстары осы тақырып төңірегінде бір топтан екінші топқа өткен сайын сатылап күрделеніп отырады. Баланың тақырыптарға сәйкес жүзеге асады. Тақырыпқа қатысты жаңа сөздерді үйретіп, сөз мәнісін айта білуге, оны күнделікті өмірде қарым-қатынас, дербес іс-әрекет кезінде орынды пайдалана білуге үйретіледі.
Тіл дамыту жұмысы- күрделі де шығармашылық процесс. Бала тілінің дамытуда басты назар аударылатын – олардың орындаған жаттығуларының мазмұндығы, жүйелілігі, анықтығы, мәнерлілігі, тазалығы, өрнектей түрлендіре алушылығы және грамматикалық, орфографиялық қатесіздігі. Көптеген зерттеулерге қарағанда нашар оқитын балалардың көпшілігінің тілдері нашар дамыған, ойларын дұрыс жеткізе алмайды. Керісінше, тілі жақсы дамыған бала ойын да дәл, шебер жеткізеді, оқуды да ойдағыдай меңгереді, олардың табиғат пен қоғамдағы күрделі байланыстарды дұрыс тану мүмкіндігі де соғырлұм мол болады. Балалар тілі үлкендермен және басқа балалармен қарым- қатынас жасау барысында, сөйлеу әрекеті арқылы меңгереді.
Мектеп алды даярлық тобындағы тіл дамыту сабағы мен қазақ тілі сабағының негізгі мақсаты негізінен балалардың сөздік қорын дамыту. Серуен кездерінде түрлі заттың нақты атын, іс-әрекетін, сан-сапасын, көлемін, формасын, түр-түсін білдіретін сөздерді әр-түрлі грамматикалық тұлғада (жекеше, көпше түрде жіктеп, тәуелдеп, септеп) қолдана білу.
42 дыбыс үйретіліп, ауызша дыбыс, әріп туралы ұғымдар меңгеріледі. Үйренген дыбыстар қатысатын сөз ойластыру, оған дыбыстық талдау жасау, дыбыстан буын, буыннан сөз, сөзден сөйлем құрастыру бағытында жаттығулар жүргізіледі. Сөздердің көп мағынал ыжәне бір-біріне ұқсас, жақын мағыналы болатынын ұғындырып, сөйлеу, сөйлеу кезінде орынды қолданып, ол сөздердіғ, мағыналас сөздерді дәл тауып, таңдап алуға, әдеби шығармаларда кездесетін бейнелі сөздерді тауып айтуға үйрету. Осылардың барлығы мынадай бағытта жүзеге асады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет