Сөздік жұмыстың әдістемесі


Әдістемеде төрт негізгі міндетті бөліп көрсеткен



бет4/5
Дата12.10.2022
өлшемі25,85 Kb.
#42502
1   2   3   4   5
Байланысты:
Сөй дамыту лекция

Әдістемеде төрт негізгі міндетті бөліп көрсеткен:
1. Балалардың бұрыннан таныс емес сөздерді, олардың лексикондарына бар сөздердің жаңа мағынасын- игеруі, жаңа сөздермен сөздікқорды молайту.Сөздік қорды молайту алдымен жалпы қолданатын лексмка негізінде жүреді (заттардың, белгелердің, әрекеттің, процестің және т.б.атауы).
2. Сөздік қорды бекіту және анықтау. Балалар көп жағдайда заттың нақты атауын білмейді. Сондықтан белгілі сөзді тереңірек түсіну қажет, оларды шынайы өмір объектілерімен сәйкестілік негізінде толықтыру, жалпы қолданыстағы сөздерді қолдану іскерлігін дамыту.

3. Сөздік қоды белсендіру. Балалардың игерген сөздері екі категорияға бөлінеді: пассивті сөздік қор (бала түсінеді, байланыстырады бірвқ қолданбайтын сөздер) және белсенді (активті) сөздер (бала түсініп қана қоймай, оны белсенді, саналы түрде қоладанады). Балалармен жұмыста жаңа сөз балалардың белсенді сөздік қорына енгенін қадағалау керек. Ол оның тілінде бекітіліп, қайта жаңғыртылған кезде ғана жүреді.


4. Балалардың тілінде әдеби емес сөздерді алшақтату. (жаргондар және т.б.). Бөтен ортада болғанда жаман.
Жоғарыда аталған міндеттер өзара байланысқан және сәйкес терминологияны қолданбай-ақ практикалық деңгейде шешіледі.
Мектепке дейінгі жаста сөздік жұмыстың мазмұны сөздік қордың құрылуымен анықталады.
Алғашында балалар тұрмыстық сөздерді игереді: дене, бет бөліктерінің атаулары; ойыншық, ыдыс, жиһаз, киім, тамақ, ғимараттар атауы;
Табиғат құбылыстарына байланысты сөздер: өлі табиғат құбылыстарының, өсімдік, жануарлар атауы;
Жалпы сөздер: қоғамдық өмірдегі құбылыстарды білдіретін сөздер (адамдардың еңбегі, туған жер, ұлттық мерекелер, әскер және т.б.).
Эмоционалды-бағалаулексикасы: эмоцияны, сезімді (батыр, адал, қуанышты), заттардың сапалы бағасын білдіретін сөздер (жақсы, жаман, ғажап).
Уақытты, кеңістікті, санды білдіретін сөздер.
Мектепке дейінгі әр түрлі топта сөздік жұмыс мазмұны бірнеше бағыт бойынша қиындатылады. В.И.Логинова 3 түрлі бвғытты бөліп көрсетті:
· біртіндеп жоғарлайтын заттар мен құбылыстарды таныстыру негізінде сөздік қорды кеңейту;
· қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстар жайында білімдерін кеңейту негізінде сөздерді меңгеру;
· нақты белгісі бойынша заттарды айыру және жалпылау негізінде қарапайым түсініктерді білдіретін сөздерді енгізу.
Балабақшада сөздік жұмыс алдымен аномасиологиялық аспект (объектінің атауына назар аударылады – Бұл қалай аталады?) негізінде жүргізіледі. Осымен қатар семасиологиялық аспект (назар сөздің өзіне аударылады – Мына сөз нені білдіреді?) бойынша жүргізіледі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет