Сөзі: Айгерім Сырлыбаева Ұстаз бен шәкірт
Ұ: Сен осы қандайсың, айтқанды ұқпайсың!?
Күнімен соншама ұйықтайсың.
О: Ұстазым, кешірші, тағы кешіктім,
Ренішіңізді құптаймын, о-оу
Ұйқымен дос болып жүрдім шынында,
Зиянын ұқтым мұның да, о-оу
Ұ: Зиянын ұққаның дұрыс, шәкіртім,
Ілімнің білші құнын да.
Қайырмасы
О: Ұстазым, сен аман болшы!
Ұ: Шәкіртім, сен тасып, толшы!
О: Тыңдаймын ақылыңызды
Ұ: Абай мен Мұхтардай сен дана болшы!
Ұ: Шәкіртім, шамшырағымсың
О: Ұстазым, жан шуағымсың
Ұ: Талпыншы арманыңа шын
О: Ақтаймын үмітіңді сенші, ұстазым
2. Ұ: Тәртіппен сен жолдас болмай қалыпсың,
Ренжітіп қызды алыпсың.
О: Ұстазым, кешірші, қайталанбайды
Байқамай тағы қалыппын, о-оу
Біліммен беретін ақылыңызды
Міндетті түрде тыңдаймын, о-оу
Ұ: Тыңдасаң, ботам-ау, ақылымызды
Үздікке сені таңдаймын.
3. Ұ: Салады, балам-ау, мұнар күн сынға,
Кешерсің нендей ғұмырды?
О: Арманнан адаспай шығармын шыңға
Мақтарсың мендей ұлыңды, е-ей
Ұ: Жетеді бәрі де білім күшімен,
Өнерің - көпке керегі.
О: Жүресің шаттанып қуанышыңмен
Жеткізіп көкке төбені
Достарыңызбен бөлісу: |