Сөзжасамның негізгі ұғымдары



бет3/3
Дата01.03.2023
өлшемі446,66 Kb.
#70867
1   2   3

Сөзжасамдық ұя

  • Сөзжасамдық ұя — сөзжасамның негізгі ұғымы. Сөзжасамдық ұя дегеніміз-жаңа сөзжасамдарға негіз болатын, ортақ, өзек мағына қалыптастыратын сөздердің жиынтығы. Бір сөзжасамдық ұядан тараған туынды сөздердің мағынасында түбірдің мағынасы сақталады. Сөзжасамдық ұяның мағынасын айқындау арқылы сөзжасамдық тізбекті тану мүмкін болады. Мысалы, “Өк”, “Бөл” деген сөзжасамдық ұялардан сөздің даму нәтижесінде мынадай туынды сөздер қалыптасқан: өк-өгіз-өгізше, өгіздей, өгіздік; өкір-өкіреш-өкіреңдеу; бөл-бөлу, бөлшек, бөлік, бөлім, бөлек, бөлектену, бөлісу, бөлме, бөлтек, бөлке, бөлдек, бөлгізу, бөлгіш. Сөзжасамдық ұяның мағынасы туынды сөзбен салыстырғанда ауқымды әрі кең болады. Сөзжасамдық мағына осы сөзжасамдық ұяның мағыналық шеңберінде дамиды.

Сөзжасамдық ұя

  • Сөзжасамдық ұядағы туынды түбірлердің бәрі бірінен-бірі тікелей жасалған туынды түбір болуы міндетті емес. Тек ұядағы сөзжасамдық тізбекте ғана бірінен-бірі тікелей жасалған, біріне-бірі негіз болатын сөздер болады. Ал бір сөзжасамдық ұяда бірнеше сөзжасамдық тізбек бола береді де, әр тізбек түп негіз сөзден өрбиді. Ал сөзжасамдық үядағы туынды сөз атаулының бәрі бірінен-бірі тікелей туындай бермейді. Сондық-тан сөзжасамдық ұяға ондай талап қойылмайды, мұнда бір ұядағы сөздердің бәрінің құрамында бір негізгі түбірдің болуы міндетті шарт болып саналады.

Қорытынды

  • Сөзжасам өткен ғасырдың соңғы жылдарында ғана жеке ғылым саласы болып бөлініп шыққаны баршамызға мәлім. Ал жеке ғылым болып қалыптасуына тірек болған негізгі ұғымдар: сөзжасамдық мағына,ұя,тип,саты,тарам,тізбек,тұлға.
  • Қазақтың рулық жүйесі секілді тарамданған бұл ұғымдардың жаңадан аяққа тұрып келе жатқан сөзжасам саласында алатын орны,атқаратын қызметтері ұшан теңіз.

Пайдаланылған әдебиеттер

  • Әдебиеттер: 1.Сыздықова Г.Қазіргі қазақ тілі морфологиясы. 2. Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. -Алматы, 2002. 3. Салқынбай А. Қазақ тілі сөзжасамы. –Алматы, 2003.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет