Жеңілдетілген декларация негізіндегі режимді таңдаған кезде, кәсіпкер, жаңадан құрылған жеке кәсіпкерлерден басқалары, орналасқан орны бойынша салық органына қолданатын салық салу режимі туралы хабарлама табыс етеді.
Қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама келесі жағдайларда табыс етіледі:
1) Жаңадан құрылған (туындаған) заңды тұлғалармен заңды тұлғаны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден кейінгі бес жұмыс күнінен кешіктірместен;
2) салық төлеушілермен жалпыға ортақ тәртіптен немесе басқа арнайы салық режимінен ауысқан кезде - жеңілдетілген декларация негізінде арнайы салық режимін қолданатын айдың бірінші күніне дейін;
3) жеке кәсіпкерлермен – патент негізіндегі арнайы салық режимінен ауысқан кезде :
патент негізінде арнайы салық режимін қолдану шарттарына сәйкес келмеушілік туындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;
басқа жағдайларда – патент қызметінің мерзімі аяқталғанға немесе салық есеп беруін уақытша тоқтатқанға дейін.
Салық кезеңінде Қазақстан Республикасы аумағында және одан тысқарыда алынған табыстың барлық түрінен тұратын табыс салық салу объектісі болып табылады.
«Жеңілдетілген декларация» негізінде қызметті жүзеге асыру кезінде салық ставкасының мөлшері 3 пайызды құрайды.
болса, салық кезеңінде есептелген салықтардың сомасы, қызметкерлерден орташа тізімдік санынан туындайтын әрбір қызметкер үшін салық сомасының 1,5 пайызы мөлшерінде азайту тарапына түзетіледі.
Сомалар тең үлестермен жеке табыс салығы «заңды тұлғалар үшін – бұл корпоративтік табыс салығы) және әлеуметтік аударымдар сомасына азайтылған әлеуметтік салық түрінде төленеді.
Сондай-ақ, кәсіпкер өзі және жалдамалы қызметкерлері үшін жинақтаушы зейнетақы қорларына жарналар төлейді.