Шағын және орта бизнесті дамыту комитеті
Шағын бизнес субъектілері үшін жеңілдетілген салық декларациясы негізінде арнайы салық режимі (2015 жылдың 1 қаңтарында күшіне енген өзгертулерді ескерумен)
Астана
наурыз 2015 жыл
Егер Қазақстан Республикасы Салық Кодексімен басқалай белгіленбеген болса, салық төлеуші өз еркімен салықтарды есептеудің және төлеудің, сондай-ақ салық есеп беруін табыс етудің төменде көрсетілген тәртіптерінің тек біреуін таңдауға құқылы:
1) жалпыға ортақ тәртіп;
2) патент негізіндегі арнайы салық режимі;
3) жеңілдетілген декларация негізінде
арнайы салық режимі.
*Арнаулы салық режимі - салық төлеушілердің жекелеген санаттары үшін белгіленетін және жекелеген салық түрлері мен жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу мен төлеудің, сондай-ақ олар бойынша салық есептілігін табыс етудің оңайлатылған тәртібін қолдануды көздейтін бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртібі. Арнайы салық режимін қолдану шарттары*
Арнайы салық режимін қолдануға құқығы жоқ:
1) филиалдары, өкілдіктері бар заңды тұлғалар;
2) заңды тұлғалардың филиалдары, өкілдіктері;
3) әртүрлі елді мекендерде басқа да айрықша құрылымдық бөлімшелері және (немесе) салық салу объектілері бар салық төлеушілер (мүлікті жалға беру бойынша қызметті жүзеге асырушы салық төлеушілерден басқалары);
4) басқа заңды тұлғалардағы қатысу үлестері 25 пайыздан асатын заңды тұлғалар;
5) құрылтайшысы бірмезгілде арнайы салық режимін қолданатын басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы болып табылатын заңды тұлғалар.
6) Агенттік келісім-шарттар негізінде қызмет көрсететін салық төлеушілер;
7) Коммерциялық емес ұйымдар;
8) Қазақстан Республикасынан тыс елдерде дивидендтер, роялти, сыйақылар түрінде алынатын табыстардан басқа табыс көздерінен келетін табыс табатын заңды тұлғалар;