Специальность "6M075000-Метрология" 1,5 года


“Сапа саласындағы жетістіктер”, “Алтын сапа” байқауы көрмесі туралы сипаттаңыз



бет12/30
Дата13.12.2022
өлшемі0,55 Mb.
#56883
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30
Байланысты:
Специальность 6M075000-Метрология 1,5 года

11. “Сапа саласындағы жетістіктер”, “Алтын сапа” байқауы көрмесі туралы сипаттаңыз
XVI Азиялық сапа конгерсі (ANQ-2018) 19-20 қыркүйек аралығында Алматы қаласында өтеді. Бұл іс-шара Қазақстанда бірінші рет өткелі жатыр, демек – елімізде тұңғыш рет сапа менеджменті, сертификаттау, стандарттау, метрология, жетілдіру модельдері, бенчмаркинг саласы бойынша әлемдік дәрежеде кәсіби мамандар жиналады. Яғни сапаның өзекті мәселелерін шешуге түрткі болатын негізгі бағыттар талқыланады. Азия өңірлері бірлесу арқылы интеграция мен өмір сапасын жоғарылату мақсатында сапа бойынша азиялық желіні қалыптастырды. Осылайша 2002 жылы Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай, Үндістан және басқа мемелекеттердің сапа саласындағы ұлттық ұйымдары топтарының бастамасымен Азиялық сапа ұйымы құрылған болатын. Оның негізін қалаушы – Токио университетінің құрметті профессоры Нориаки Кано.
Конгресс құрамына 17 мемлекет кірді, оның ішінде Қазақстан да бар. Бүгінде Азиялық сапа конгресі Азия мемлекеттерінің бірінде өтетін жыл сайынғы шараға айналды. Конгресс құрылған уақыттан бастап іс-шаралар Токио, Дели, Бейжің, Бангкок, Сингапур, Тайпей, Владивосток мен Гонконгте өтті.
Сапа саласына қатысты жоғары дәрежедегі шара Қазақстанда бірінші рет өтпек. Биылғы Конгресс өздігінше нетфоркинг – озық халықаралық тәжірибе алмасуға арналған ірі диалог алаңын құру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Осы ретте қазақстандық компаниялар стандарт пен сертификат бойынша әлемдік агенттіктен тікелей байланыс алып, халықаралық аренада «ойын шарттарын» зерттей алады.
«Алтын сапа» – бұл сапа салас­ындағы жетістіктер үшін берілетін ұлттық награда. Байқау 2009 жылдан бастап қазіргі заманғы менед­жменттің даму тенденцияларын ескеретін және сапа бойынша Еуропа сыйлығы үлгісімен үйлес­тірілген жаңа үлгі бойынша өткізілуде. Осы «Алтын сапаға» үміткерлер әр өңірден алдын ала таңдалады. Яғни «Қазақстанның үздік тауар­лары» өңірлік көрме-конкурсы «Алтын­ сапа» аясында өткізіледі. Дәстүрлі көрмеде тауар өндірушілер үш номинация бойынша топ жаруға таласа алады. Атап айтсақ, «Өндіріс­тік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халық тұтынатын үздік тауарлар» және «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациялары. Биылғы байқауға қатысуға облыстың аудандары мен қаладан 60-қа жуық кәсіпорындар өтініш білдіріпті. Соның 48-і конкурсқа қатысуға жолдама алған. Байқау­дың негізгі мақсаты - тек бәйге алу емес, сондай-ақ, кәсіп­орындар мен олардың шығаратын тауарларына қатысты сапа пробле­маларын шешу үшін мемлекеттік органдардың, өнеркәсіптік, коммерциялық және қоғамдық ұйымдардың назарын аудару. Бір сөзбен айтқанда, алыс-беріс жасау, тәжірибе алмас­у, жаңа жобаларға қатысу болып­ табылады. Бұл - әсіресе, кәсіпкерлік саласында енді ғана таныл­ып келе жатқан кәсіпорын­дарға үлкен қолдау. Көрмеге қойылған тауарлармен жіті танысып шыққан­ жергілікті билік өкілдері сапаның жыл өткен сайын артып келе жатқанын тілге тиек етті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет