ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК
ЖАЛПЫҒА МІНДЕТТІ БІЛІМ БЕРУ СТАНДАРТЫ
ЖОҒАРЫ КƏСІПТІК БІЛІМ
МАМАНДЫҒЫ
051103 – «ФАРМАЦИЯ»
СПЕЦИАЛЬНОСТЬ
051103 – «ФАРМАЦИЯ»
SPECIALITY
051103 – «PHARMACY»
ҚР МЖМБС 3.08.390-2006
Ресми басылым
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Астана
ҚР МЖМБС 3.08.390-2006
Алғы сөз
1 Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы ƏЗІРЛЕГЕН
ЖƏНЕ ЕНГІЗІЛГЕН
2 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2006 жылғы
1 желтоқсандағы № 582 бұйрығымен БЕКІТІЛДІ ЖƏНЕ ІСКЕ
ҚОСЫЛДЫ
3 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы
11 тамыздағы № 603 жəне Қазақстан Республикасы білім жəне ғылым
министрінің 2003 жылғы 11 тамыздағы № 545 бірлескен бұйрықтарымен
бекітілген қазіргі кезде қолданыстағы 051103 - «Фармация» мамандығы
бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті
білім беру стандартының ОРНЫНА ЕНГІЗІЛГЕН
4 Осы стандартта «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 1999
жылғы 7 маусымдағы Заңының. ҚР ПР 40.1.01-2000 «Қазақстан
республикасының мемлекеттік стандарттау жүйесі; Мемлекеттік жалпыға
міндетті білім беру стандарттарын құруға, жазуға, ресімдеуге, мазмұны
мен белгілеуге қойылатын жалпы талаптар»; өзгерістері бар «ҚР МЖМБС
5.03.001-2004 «Жоғары кəсіптік білім. Бакалавриат. Негізгі ережелері»
нормалары іске асырылған.
Осы стандартты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрлігінің рұқсатынсыз көбейтуге жəне таратуға болмайды.
II
ҚР МЖМБС 3.08.390-2006
МАЗМҰНЫ
1
Қолдану саласы
2
Нормативтік сілтемелер
3
Анықтамалар мен қысқартулар
4
051103 - «Фармация» мамандығы саласындағы білім
беру бағдарламасының тізбесі
5
Біліктілік жəне лауазым тізбесі
6
051103 - «Фармация»
мамандығы
бойынша
бітірушінің кəсіби біліктілік сипаттамасы
7
Білім беру жəне иерархия мақсаттарының негізгі
жалпыұлттық нысаналары (пəн циклының мақсаты
бойынша)
8
Оқу бітірушілердің білім деңгейіне қойылатын
талаптар
9
051103 - «Фармация» мамандығы бойынша білім беру
бағдарламасының мазмұны
10
051103 - «Фармация» мамандығы бойынша фармация
бакалаврын даярлаудағы білім беру ортасына
қойылатын талаптар
11
Мемлекеттік
жалпыға
міндетті
блім
беру
стандарттарын əзірлеуге, жаңартуға (өзгертуге,
түзетуге) қойылатын талаптар
А қосымшасы
...................................................................
.........................................................
..........................................
...........................................
.........................................
....................
..............................................................................
.................................................................................
...............................................
.................................................................
............................................
......................................................................
1
1
1
2
2
2
8
9
13
37
40
42
III
ҚР МЖМБС 3.08.390-2006
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК
ЖАЛПЫҒА МІНДЕТТІ БІЛІМ БЕРУ СТАНДАРТЫ
ЖОҒАРЫ КƏСІПТІК БІЛІМ
051103 - «ФАРМАЦИЯ» МАМАНДЫҒЫ
Енгізу күні 2007.09.01
1 Қолдану саласы
Осы стандарт ҚР МЖМБС 5.03.001-2004 «Жоғары кəсіптік білім беру.
Бакалавриат. Негізгі ережелері» негізінде жасалған жəне кəсіптік білім
құрылымы мен мазмұнына жəне 051103 – «Фармация» мамандығы бойынша
бакалаврдың даярлық деңгейіне қойылатын талаптарды белгілейді.
Стандарттың ережелерін ведомостволық бағыныстылығына, ұйымдық-
құқықтық, оқыту түрлеріне қарамастан, 051103 – «Фармация» мамандығы
бойынша
мамандарды
даярлауды
жүзеге
асыратын
Қазақстан
Республикасының жоғары оқу орындары қолдануға жəне сақтауға міндетті.
2 Нормативтік сілтемелер
Осы стандартта ҚР МЖМБС 5.03.001-2004 «Жоғары кəсіптік білім.
Бакалавриат. Негізгі ережелеріне» келтірілген № 1 өзгерістер енгізілген
ҚР МЖМБС 5.03.001-2004 «Жоғары кəсіптік білім. Бакалавриат. Негізгі
ережелері» жəне № 2 өзгерістер енгізілген ҚР МЖМБС 5.03.001-2004
«Жоғары кəсіптік білім. Бакалавриат. Негізгі ережелері», «Білім туралы»
Қазақстан Республикасының 7.06.1999 Заңы, «Денсаулық сақтау жүйесі
туралы» ҚР 4.06.2003 Заңы, «Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы»
ҚР 7.07.2006 Заңы, «Қазақстан Республикасының медициналық жəне
фармацевтикалық білім беру ісін реформалау тұжырымдамасы туралы»
ҚР Үкіметінің 24.04.06 жылғы № 317 қаулысына, «Дəрілік заттар туралы»
ҚР 13.01.2004 жылғы № 522 Заңына сілтемелер қолданылды.
3 Анықтамалар жəне қысқартулар
Осы стандартта «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына
жəне ҚР МЖМБС 5.03.001-2004 «Жоғары кəсіптік білім. Бакалавриат.
Негізгі ережелеріне» сəйкес қысқартулар, терминдер мен анықтамалар
қолданылған.
_______________________________________________________________
Ресми басылым
1
ҚР МЖМБС 3.08.390-2006
Осы стандартта мынадай қысқартулар қолданылады:
−
ЖББП – жалпы білім беру пəндері;
−
БП – базалық пəндер;
−
КП – кəсіптендіру пəндері;
−
ОСЖ – оқытушылардың студенттермен жұмысы;
−
СӨЖ – студенттердің өзіндік жұмысы;
−
ОЖСӨЖ – оқытушы жетекшілігімен атқарылған студенттің
өзіндік жұмысы.
4 Мамандық аясындағы білім беру бағдарламасының тізбесі
Оқу бағдарламасының тізбесін 051103 – «Фармация» мамандығы
бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде
типтік оқу жоспарына сəйкес жоғары оқу орнының Кеңесі белгілейді.
5 Біліктіліктер мен лауазымдар тізбесі
Біліктіліктер мен лауазымдар Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау
министрлігінің 22.11.2002 № 273-П
бұйрығымен
бекітілген
«Басшылардың, мамандардың жəне басқа қызметшілер лауазымдарының
біліктілік анықтамалығына» сəйкес жəне басқа да нормативті
құжаттармен айқындалады.
6 051103 – «Фармация» мамандығы бойынша бітірушінің
біліктілік сипаттамасы
6.1 Кəсіби қызметтің саласы.
051103 – «Фармация бакалавры» кəсіби қызметінің аясы мыналар
болып табылады: денсаулық сақтау мекемелерінде, фармация, білім беру,
ғылым, əлеуметтік қорғау.
6.2 Кəсіби қызметтің объектілері.
051103 – «Фармация бакалаврының» кəсіби қызметінің объектісі
аурулардың алдын алу, диагностикалау жəне емдеу үшін қолданылатын
дəрілік заттар болып табылады.
Дəрілік заттарға аурулардың алдын алу, диагностикалау жəне емдеу
үшін қолданылатын парафармацевтиктер, медицина техникасы жəне
медициналық мақсаттағы бұйымдар теңестіріледі.
Кəсіби қызметті іске асыратын ұйымдар:
- түрлі меншіктегі жəне ұйымдық-құқықтық нысандардағы дəрілік
заттарды дайындау, өндіру, көтерме жəне бөлшек сауда фармацевтикалық
ұйымдары мен кəсіпорындар (дəріханалар, фармацевтикалық фирмалар,
АҚ, ЖШС, фармацевтикалық зауыт, фабрикалар т.б.);
2
ҚР МЖМБС 3.08.390-2006
- фармацевтикалық басқару жəне қадағалау органдары;
- дəрілік заттарды стандарттау жəне сертификаттау органдары (сынақ
орталықтары, сапаны бақылау, стандарттау жəне сертификаттау
зертханалары);
- жедел
медициналық
көмек
көрсету
ауруханаларының
токсикологиялық орталықтары, сот медицинасы орталықтарының химия-
токсикологиялық бөлімшелері (зертханалары);
- фармацевтикалық ақпарат органдары (анықтама-ақпарат, талдау-
ақпарат орталықтары т.б.);
- білім беру ұйымдары;
- ғылыми ұйымдар;
- əлеуметтік қорғау ұйымдары.
6.3 Кəсіби қызметтің мəні.
«Фармация бакалаврының» кəсіби қызметінің мəні мыналар болып
табылады:
- халықты аурулардың алдын алу, диагностикалау жəне емдеу үшін
қолданылатын дəрілік заттармен қамтамасыз ету;
- дəрілік заттар айналымы саласы субъектілерінің басқару,
ұйымдастыру-экономикалық қызметтерін қалыптастыру жəне тиімді
түрде дамыту;
- дəлелді медицина мен ғылыми əдіснама принциптерін қолдану жəне
дамыту;
- ғылыми-педагогикалық дағдыларды қалыптастыру жəне дамыту;
- əрқашан ғылыми жетістіктердің негізінде өзінің кəсіби білімін
шыңдауға дайындығы.
6.4 Кəсіби қызметтің түрлері.
«Фармация бакалавры» мынадай кəсіби қызметтің түрлерін атқара
алады:
- ұйымдастыру-басқару;
- жалпы фармацевтикалық;
- өндірістік;
- бақылау-рұқсат беру;
- ақпараттық-талдау;
- маркетингтік;
- инновациялық;
- педагогикалық;
- ғылыми-зерттеу.
6.5 Кəсіби қызметтің функциялары.
«Фармация бакалаврының» кəсіби қызметінің функциялары:
- дəрілік заттарды дайындау, сапалық бақылау, стандарттау,
сертификаттау, мемлекеттік тіркеу, жарнамалау, көтерме жəне бөлшек
3
ҚР МЖМБС 3.08.390-2006
сауда арқылы сату, босату жұмыстарын қамтитын фармацевтикалық
субъектілердің іс-əрекеттерін ұйымдастыру, жоспарлау, жүргізу негізінде
дəрілік заттар айналымы саласында фармацевтикалық қызмет көрсету;
- дəрілік заттар айналымы саласы субъектілері іс-əрекеттерінің
тиімділігін арттыруға бағытталған шешімдерді қабылдау жəне жүзеге
асыру;
- инновациялық бағдарламаларды жəне оларды жүзеге асыру
шараларын жасау;
- халықты дəрілік заттармен қамтамасыз етуді жақсарту үшін нақты
ақпараттың жəне коммуникациялық технологияларды тиімді қолдану,
денсаулық сақтау жүйелеріндегі бірыңғай ақпараттық жүйемен жұмыс
істеу.
6.6 Кəсіби қызметтің типтік міндеттері.
«Фармация бакалаврының» кəсіби қызметінің типтік міндеттері:
- халықты аурулардың алдын алу, диагностикалау жəне емдеу үшін
қолданылатын қауіпсіз, тиімді дəрілік заттармен қамтамасыз ету;
- өмірге қауіпті шұғыл жағдайларда зардап шеккендерге алғашқы
медициналық көмек көрсету жəне дəрілік заттармен қамтамасыз етуді
ұйымдастырып жүзеге асыру;
- дəрілік заттар айналымы саласына инновациялық технологияларды
енгізу;
- өзінің кəсіби қызметінде білімі мен біліктілігін үнемі шыңдау;
- медициналық жəне фармацевтикалық білім мен ғылым саласында
педагогикалық, кəсіби-тəрбиелік жəне ғылыми жұмыстарды жүргізу.
6.7 Кəсіби қызметтің бағыттары.
«Фармация бакалаврының» кəсіби қызметінің бағыттары қамтиды:
-
дəрілік заттар айналымы саласы субъектілерінің қызметін
ұйымдастыру жəне басқару;
-
дəрілік заттар айналымы саласы субъектілерінің қызметіне
фармацевтикалық қадағалауды ұйымдастыру жəне жүзеге асыру;
-
дəрілік заттарды көтерме жəне бөлшек сауда арқылы босатуды,
емдеу-алдын алу жəне фармацевтикалық ұйымдардың мамандарына,
халыққа дəрілік заттардың қолданылуы туралы кеңес беруді ұйымдастыра
отырып, жалпы фармацевтикалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру;
-
дəрілік заттар айналымы саласында маркетингтік-ақпараттық
қызметті жүзеге асыру;
-
дəрілік заттарды дайындау жəне сапасын бақылау;
-
дəрілік заттарды жəне дəрілік өсімдік шикізаттарын алу, жасау,
өндіру, сақтау жəне қолдану сатыларында стандарттау, сертификаттау
жұмыстарын жүргізу;
-
күшті əсерлі жəне улы заттармен уланған жағдайдағы сот-
химиялық сараптауда химиялық-токсикологиялық талдауларды жүргізу;
4
ҚР МЖМБС 3.08.390-2006
- фармацевтикалық
білім
жəне
ғылым
саласында
ғылыми-
педагогикалық қызметті жүзеге асыру.
6.8 Кəсіби қызметтің мазмұны.
«Фармация бакалаврының» кəсіби қызметінің мазмұны қызметтің
саласы, типтік міндеттері, функциялары, түрлері аясында анықталып
қарастырады:
- фармацевтикалық нарықтың негізгі буындарында қызмет бағыттары
мен негізгі көрсеткіштерді жоспарлау, басқару жəне қаржылық есептерді
ұйымдастыру, медициналық, фармацевтикалық тауарлар нарығын
маркетингтік зерттеу жұмыстарын қамти отырып, дəрілік заттар
айналымы субъектілерінің қызметтерін басқару;
- халыққа, емдеу жəне басқа да ұйымдарға дəрілік заттардың алынуын,
тасымалдануын, жарнамалануын, сақталуын ұйымдастырудың негізінде
көтерме жəне бөлшек сауда арқылы босатылып сатылуын ұйымдастыру
жəне жүзеге асыру;
- ақпараттық-аналитикалық қызметті ұйымдастыру жəне жүзеге асыру;
дəрілік заттар айналымы саласында қолданылатын ақпараттарды жинау,
сақтау, өңдеу əдістерін (оның ішінде компьютерлік) меңгеру;
- емдеу-алдын алу, фармацевтикалық ұйымдардың мамандарына жəне
халыққа дəрілік заттардың қолданылуы туралы консультациялық көмек
көрсету;
- дəрілік заттарды дайындау жəне олардың сапасын бақылау;
- дəрілік заттар мен дəрілік шөптер шикізаттарын алыну, сақталу,
қолдану
сатыларында
сапалық
бақылануын,
сертификатталуын
ұйымдастырып жүргізу;
- дəрілік шөптер шикізаттарын дайындау, қабылдау жұмыстарын
ұйымдастырып жүргізу жəне жабайы дəрілік шөптер ресурстарын
анықтау;
- рұқсат беру-бақылау жүйесі саласында фармацевтикалық қызметті
ұйымдастыру жəне жүзеге асыру (фармацевтикалық қызмет түрлерін
лицензиялау, фармацевтикалық қызметті, бақылау – қадағалау, дəрілік
заттарды лицензиялау, тіркеу, сертификаттау т.б.);
- күшті əсерлі жəне улы дəрілермен уланған жағдайда зертханалық
шұғыл – диагностикалауда, сот-химиялық сараптауда химиялық-
токсикологиялық талдауды ұйымдастырып жүргізу;
- дəрілік заттар айналымы саласында инновациялық технологияларды
жасау жəне сала жұмысына енгізу;
- жоғары жəне орта фармацевтикалық білім жүйесінде педагогикалық
қызмет атқару;
- фармацевтикалық
ғылым
саласында
ғылыми-аналитикалық
зерттеулердің жүргізілуіне қатысу.
5
ҚР МЖМБС 3.08.390-2006
6.9 «Фармация бакалаврының» негізгі қызметіне қойылатын талаптар.
Фармация бакалавры:
түсінігі болу керек:
- қоршаған ортадағы болып жатқан негізгі үрдістер мен құбылыстар
жəне табиғат танудағы жаңа ғылыми əдістер туралы;
- ұлттық экономика мен өнеркəсіп салаларын басқарудың даму
үрдістері туралы;
- Қазақстан Республикасының жəне басқа да мемлекеттердің
экономикасын, сыртқы экономикалық қызметтерін реттейтін мемлекеттік
саясаттың əдістері мен тетіктері туралы;
- экономикалық заңдар жəне олардың қолданылуы туралы;
- ғылым, саясат, тарих жəне саяси өмірдің теориялық-əдіснамалық
негіздері туралы;
- денсаулықтың қалыптасу факторлары, денсаулықты қорғау, икемдеу
процестері, денсаулықтың қалыпты жəне патологиялық жағдайларының
реттелуі туралы;
- денсаулық сақтау, медицина жəне фармацияның негізгі мəселелерінің
басқа əлеуметтік саясат салаларымен байланысы туралы;
- халықаралық саясаттағы денсаулық сақтаудың маңызы;
- кəсіби қызметті орындау кезінде кездесетін мəселелерді шешу
əдістемелері.
білуі керек:
- Қазақстан Республикасында дəрілік заттармен қамтамасыз ету
жүйесінің құрылымын, фармацевтикалық қызметті реттейтін нормативтік
құжаттарды, дəрілік заттар айналымы саласы субъектілері қызметін
ұйымдастыру-экономикалық аспектілерін;
- фармацевтикалық менеджмент жəне маркетинг, дəрілік заттарды
сатып алу, жарнамалау, көтерме жəне бөлшек сауда арқылы сату, өткізу
негіздерін;
- экономиканың
фармацевтикалық
секторындағы
кəсіпкерлік
қызметтің негіздерін;
- дəрілік заттар туралы ақпараттарды іздеу, жинау, сақтау, өңдеу,
тарату, қолдануды қамтитын фармацевтикалық ақпараттар негізін;
- фармацевтикалық нарықта дəрілік заттар қозғалысының барлық
сатыларындағы фармацевтикалық логистиканы;
- дəрілік заттарды дəріханалық жəне өндірістік жағдайларда
дайындауды ұйымдастыру принциптерін, дəрілердің терапиялық
тиімділігіне
əсер
ететін
факторлардың
биофармацевтикалық
сипаттамаларын;
- дəріханалық жəне өнеркəсіптік кəсіпорындарда дəрілік заттардың
сапасын бақылау əдістері мен стандарттау жəне сертификаттау
тəртіптерін;
6
ҚР МЖМБС 3.08.390-2006
- дəрілік шөптерді, дəрілік шөптер шикізаттарын дайындау, кептіру,
қабылдау жəне стандарттау əдістерін;
- күшті əсерлі жəне улы дəрілік заттармен уланған жағдайда
зертханалық
шұғыл-диагностика
мен
сот-химиялық
сараптауда
химиялық-токсикологиялық талдауды жүргізудің ұйымдастырылу-
құқықтық жəне əдістемелік негіздерін.
орындай білуі керек:
- дəрілік заттар айналымы саласы субъектілерінің қызметін
ұйымдастыруды, басқаруды, жобалауды жəне талдауды;
- дəрілік заттарды сатып алуды, жарнамалауды ұйымдастыруды жəне
көтерме-бөлшек сауда арқылы сатуды;
- дəрілік заттар туралы ақпараттарды жинауды, өңдеуді жəне
тұрғындар мен емдеу-алдын алу, фармацевтика ұйымдарының
мамандарына бағыттап жүргізуді;
- рұқсат беру - бақылау жүйесі саласында барлық қызмет түрлерін
ұйымдастырып жүргізуді (дəрілік заттарды лицензиялауды, тіркеуді,
сертификаттауды т.б.);
- дəрілік заттарды дəріханалық жағдайда дайындауды;
- дəрілік заттарды талдаудың қолданылып жүрген физикалық-
химиялық əдістерін жақсартуды жəне жаңа əдістерді меңгеруді;
- нормативтік құжаттардың талаптарына сəйкес дəрілік заттарды
жасау, алу, сақтау жəне қолдану сатыларында сапасын бақылауды
ұйымдастырып жүргізуді;
- дəрілік шөп шикізаттарын дайындауды, қабылдауды жəне
стандарттауды ұйымдастырып жүргізуді;
- дəрілік заттарда, су, тамақ өнімдерінде, адам ағзасында, биологиялық
сұйықтарда улы затар мен олардың метаболиттерін т.б. анықтау үшін
жүргізілетін сот-медициналық сараптауда химиялық-токсикологиялық
зерттеулерді жүргізуді;
- улы, есірткілік басқа да қауіпті заттармен улануда зертханалық
шұғыл-диагностикалауды жүргізуді;
- халыққа, дəрігерлерге дəрілік заттардың ассортименті, бірінің
екіншісімен ауыстырылуы, қолдануындағы жанама əсері, тиімді
пайдаланылуы туралы консультациялық көмек көрсетуді;
- қауіпті жағдайда зардап шеккендерге дəрігерге дейінгі көмекті
көрсетуді;
- фармацевтикалық қызметтің барлық түрлері бойынша бекітілген
үлгідегі құжаттарды ресімдеуді.
дағдысы болу керек:
- фармацевтикалық нарықтың тауар өткізу жүйелерінің негізгі
буындарының жұмысын ұйымдастыру;
7
ҚР МЖМБС 3.08.390-2006
- фармацевтикалық
ұйымдардың
нарықтың
мүмкіншіліктерін
талдаудың, бағаны қалыптастырудың, экономикалық көрсеткіштерді
жоспарлаудың, фармакоэкономикалық талдау, зерттеулердің негізгі
əдістерін жүргізу;
- фармацевтикалық
ұйымдардың
құрылымын
анықтау
жəне
лауазымдық міндеттерді бөлу принциптерін қолдану;
- фармацевтикалық ұйымдарда іс-қағаздарын жүргізу жəне мамандар
менеджментінің мəселелерін шешу тəсілдерін жүзеге асыру;
- қисынды талдаудың негізгі əдістерін жүргізу;
- дəрілік заттардың қолданылуы туралы халыққа, емдеу-алдын алу,
фармацевтикалық ұйымдардың мамандарына консультациялық көмек
көрсету əдістерін жүргізу;
- дəрілік заттарды дəріханалық жағдайда дайындау жəне сапалық
бақылауды жүргізу;
- дəрілік заттардың жасалу, сақталу жəне қолданылу сатыларында
фармацевтикалық талдауды жүргізу;
- дəрілік шөптер шикізаттарын дайындауды, қабылдауды жəне
стандарттауды жүргізу;
- күшті əсерлі жəне улы заттармен уланған жағдайда химиялық-
токсикологиялық талдауды жүргізу.
Достарыңызбен бөлісу: |