Специальность



Pdf көрінісі
бет2/9
Дата16.02.2017
өлшемі0,69 Mb.
#4221
1   2   3   4   5   6   7   8   9

жетік білуі керек: 

- дəрілік  заттар  айналымы  саласының  заңдылық  жəне  құқықтық-

нормативтік базаларын; 

- халыққа  дəрі-дəрмектік  көмекті  сапалы  түрде  көрсетуге,  дəрілік 

заттар айналымы саласы субъектілерінің қызметтері тиімділігін арттыруға 

бағытталған 

басқару 

шешімдерін 

іріктеуді, 

оперативтік 

жəне 

стратегиялық басқару процестерін ұйымдастырып жүргізуді; 



- халыққа, емдеу-алдын алу жəне фармацевтикалық ұйымдарға сапалы 

фармацевтикалық қызмет көрсетуді. 

 

7  Білім  берудің  негізгі  жалпы  ұлттық  мақсаттары  жəне 

мақсаттарының иерархиясы (пəн циклының мақсаты бойынша) 

 

 



Жоғары фармацевтикалық білім берудің жалпы ұлттық мақсаты болып 

халыққа  дəрі-дəрмектік  көмекті  көрсетуге,  қоғам  мен  тұтынушылар 

қажеттілігін  қанағаттандыруға  ықпалды  жоғары  білікті  мамандарды 

дайындау  саналады.  Фармацевтикалық  практика  мен  ғылымда  озық 

инновациялық,  ақпараттық,  коммуникативтік  жетістіктерді  пайдалану 

жəне  дамыту,  халық  денсаулығын  нығайту,  денсаулық  сақтау  жүйесінің 

мемлекеттік  жəне  əлемдік  деңгейдегі  өзгерістеріне  икемделу,  білім  алу 

мен кəсіби біліктілікті өмір бойы жалғастыра отырып, қоғамның дамуына 

өзіндік үлесін қосу. 

8


ҚР МЖМБС 3.08.390-2006 

Жалпы  білім  беру  пəндері  циклы  фармация  саласы  өзекті 

мəселелерінің 

əлеуметтік-экономикалық, 

демографиялық, 

мəдени 

ерекшеліктерін түсінуге қажетті білім   қорын  иеленуге  жəне  қоғам 



алдында 

фармация 

бакалавры 

өз 


жауапкершілігін 

түсінуіне,

фармацевтикалық  этика  принциптері  негізінде  сенімді  қарым-қатынас 

тағылымын  

қалыптастыруға бағытталады. 

Базалық  пəндер  циклы  халыққа  дəрі-дəрмектік  көмек  көрсетуде

денсаулық 

сақтау 

жүйесінің 



қажеттілігін 

қанағаттандыратын 

фармацевтикалық сала   мамандарын 

дайындау 

үшін 

химиялық, 



медициналық, биологиялық жəне əлеуметтік ғылымдар бойынша біріккен 

функциялы білім қорын қалыптастыруға бағытталады. 



Кəсіптендіру  пəндер  циклдары  фармацияның  басқарылуы  мен 

экономикасы,  фармацевтикалық  менеджмент  жəне  маркетинг,  дəрілер 

технологиясы, 

фармацевтикалық 

жəне 

токсикологиялық 



химия, 

фармакогнозия  арнайы  мамандандыру  пəндерін  оқыту  негізінде  кəсіптік 

білім мен біліктілікті жетілдіруге бағытталады. 

 

 

 

8 Оқу бітірушілердің білім деңгейіне қойылатын талаптар 

 

8.1 Жалпы білім беруге қойылатын талаптар. 



Бітіруші міндетті: 

- қазіргі  заманның  рухани,  мəдени,  интеллектуалды,  экологиялық 

құндылықтар негізін бағалауға: 

- идеялық  қайшылықтарды  сын  көзбен  саралап,  өзінің  кəсіби  қызмет 

саласындағы мəселелерге байланысты тиімді шешім қабылдауға; 

- кең  ой  өріс  негізінде  қоғам  алдындағы  өз  міндетіне  аса 

жауапкершілікпен қарауға; 

- салауатты өмір сүрудің ғылыми танымдарын біліп түсінуге; 

- дене шынықтырудың дағдылары мен тəсілдерін білуге; 

- коммуникативтік мəдениеттілікті меңгеруге; 

- өз  мамандығының  əлеуметтік  маңызын  түсінуге,  білімін  үздіксіз 

жетілдіруге қабілетті болуға. 

8.2 Əлеуметтік-этикалық құзыреттілікке қойылатын талаптар. 

Бітіруші міндетті: 

- Қазақстан  Республикасы  заңдарының  негіздерін,  əлеуметтануды 

меңгерген,  денсаулық  сақтау  саласын  ұйымдастыру  мен  этикалық,

құқықтық  нормаларға  жетік,  адамдар  арасындағы  қатынасты  реттей 

білуге; 


- кəсіби  құндылықтарға  ие  болуға,  жанашыр,  альтурист,  əділетті,  аса 

жауапты, кəсіби этикалық жəне деонтологиялық принциптерді сақтауға; 

- емделуші, отбасы мүшелері мен дəрігер жəне фармацевт арасындағы 

өзара түсінушілік пен қарым-қатынастың маңыздылығын сезінуге; 

9


ҚР МЖМБС 3.08.390-2006 

- мəдени ғұрыптар мен діни сенімдерді құрметтеуге; 

- əріптестерінің  көзқарастарын  ескере  отырып,  парасатты  қарым-

қатынаста болуға. 

8.3  Экономикалық  жəне  ұйымдық-басқарушылық  құзыреттілігіне 

қойылатын талаптар. 

Алған  білім  мен  біліктілікті  еркін  кəсіпкерлік  жағдайдағы 

экономикалық, басқару,  саралау  жұмыстары  барысында  дұрыс  шешім 

қабылдауға пайдалану. 

8.4 Кəсіби құзіреттілікке қойылатын талаптар. 

Бітіруші міндетті: 

- денсаулық сақтау жəне фармация салаларын ұйымдастыру, басқаруға 

құзыретті  болуға,  фармацевтикалық  қызметке  кешенді  аналитикалық

жүргізуге,  фармацевтикалық  субъектілердің  іс-əрекеттері  тиімділігін 

арттыру  резервтерін  анықтауға  жəне  сыртқы,  ішкі  орталардың 

өзгерістеріне сəйкес шешімдер қабылдауға; 

- жүйелік, 

экономикалық 

талдау, 

стратегиялық 

маркетинг, 

функциялық  модельдеу,  жобалау  жəне  дəрілік  заттар  айналымы  саласы 

субъектілерінің 

түрлі 


фармацевтикалық 

қызметтерін 

орындауда 

қолданылатын жаңа басқару əдістерін меңгеруге; 

- халықты  дəрі-дəрмектік  көмекпен  қамтамасыз  етуде  практикалық 

дағдыларды меңгеруге; 

- денсаулық  сақтау  саласында  отандық  заңдардың,  нарықтық 

экономиканың  ерекшеліктерін,  фармацевтикалық  менеджмент  жəне 

маркетинг  негіздерін,  фармацевтикалық  көмекті  көрсету  саласындағы 

халықаралық  стандарттар  жөнінде  құзыретті  болуға,  бизнес-жоспар 

жасаудың  тəртіптерін  білуге  жəне  өзінің  байқау  нəтижелерін  талдап 

қорытындылауға; 

- тұрғындармен, 

əріптестерімен, 

əлеуметтік 

қорғау 


саласы 

қызметкерлерімен  фармацевтикалық  этика  принциптерін  сақтаудың 

негізінде сəйкесті коммуникативтік дағдыларды меңгеруге; 

- фармацияның ғылыми негізін меңгеруге қабілетті болуға жəне өзінің 

кəсіби қызметінде инновациялық технологияларды енгізуге; 

- халықты  дəрілік  заттармен  қамтамасыз  етуді  ұйымдастырып 

жүргізуде менеджмент принциптерін қолдануға; 

- команда  құрамында  жұмыс  істеуге  жəне  ұжым  көшбасшысына  тəн 

қасиеттер мен талаптарды меңгеруге қажетті қабілеттілікті шыңдауға; 

- кəсіптік қызметінде өз білімі мен дағдыларын үнемі жетілдіруге жəне 

өзгелерді тəрбиелеуге қабілетті болуға.  

8.5  Өзгерістер  мен  белгісіздіктің  өспелі  серпіні  жағдайындағы 

əлеуметтік,  экономикалық,  кəсіби  рөлдердің,  географиялық  жəне 

əлеуметтік икемділіктің ауысу дайындығына қойылатын талаптар. 

10


ҚР МЖМБС 3.08.390-2006 

Бітіруші қабілетті болуы қажет: 

- жаңа идеяларды қабылдауға; 

- денсаулық сақтау саласында, қоғамда əлеуметтік экономикалық даму 

өзгерістеріне бейімділікке; 

- кəсіптік іс-əрекетін саралап, жоспарлауға; 

- ауыспалы жəне белгісіздік кезеңде дұрыс шешім қабылдап, дербес іс-

əрекет жасауға; 

- Қазақстанның денсаулық сақтау саласы жағдайын фармацевтикалық 

секторындағы өзгерістерге сəйкес бағалауға; 

- басқару шешімдерін қабылдауға; 

- жалпы 


фармацевтикалық 

практиканың, 

жағдайын 

талдауға, 

приоритеттік  даму  бағыттарын  анықтауға;  дəрілік  заттар  айналымы

саласындағы  өзгерістерді  уақыт  бойынша  жоспарлауға,  ұйымдастыруға, 

басқаруға жəне бақылауға алуға; 

- экономикалық жəне əлеуметтік өзгерістерге икемделуге;  

- моральдық,  психологиялық  жəне  əлеуметтік  бейім  жəне  ұтқыр

болуға. 


8.6  Оқу  пəндерінің  негізгі  циклдері  бойынша  білімділікке  қойылатын 

талаптар. 



Жалпы  білім  беру  пəндері  циклы  бойынша  білім  деңгейіне 

қойылатын талаптар. 

Бітіруші 

фармацевтикалық 

жалпы 

адамзат 


жəне 

кəсіптік 

құндылықтарды,  адам  мен  өмір  тұтастығы  барысында  философия  жəне 

əлеуметтік ғылым негіздерін білуі тиіс. 



Базалық  пəндер  циклы  бойынша  білім  деңгейіне  қойылатын 

талаптар. 

Бітіруші меңгеруі тиіс білімдер: 

- биологиялық  активтілігі  бар  бейорганикалық  жəне  органикалық 

қосындылардың химиясы мен құрылымын; 

- органикалық  қосындылардың  жіктемесін  жəне  биологиялық  актив 

заттарды синтездеудің негізгі жолдарын; 

- фармацевтикалық  талдауда  қолданылатын  сандық  жəне  сапалық 

талдаулардың теориясы мен практикасын; 

- күшті  əсерлі  жəне  улы  дəрілердің  жіктемесін,  зертханалық  шұғыл-

диагностикалау мен химиялық-токсикологиялық талдаудың ерекшеліктерін; 

- жұқпалар  теориясы  мен  микроорганизмдер  жіктемесін,  химиялық-

терапиялық заттардың (антибиотиктердің) қолданылуын; 

- тірі  организмдердің  жіктемесін:  өсімдіктер  мен  жануарларды; 

өсімдік-дəрілік шикізат көзі ретінде; 

- тіршіліктің 

пайда 

болу 


жəне 

даму 


механизмдерін, 

тірі 


органимздердің  өмір  сүру  заңдылықтарын,  тіршіліктің  ұйымдастырылу 

деңгейлерін; 

11


ҚР МЖМБС 3.08.390-2006 

- классикалық  жəне  молекулалық  генетика  негіздерін,  ген  теориясын, 

биологиялық активті заттардың алыну биотехнологиясын; 

- адамның  макро  жəне  микроқұрылымының  негізін,  ағзадағы 

физиологиялық процестердің реттелуін; 

- жалпы  нозологияның  негізгі  түсініктерін,  аурудың  алдын  алу  мен 

емдеудің  жалпы  принциптерін,  фармакологиялық  алдын  алу  мен  дəрілік 

терапияның маңызын; 

- фармацевтикалық  ұйым,  кəсіпорындардың  жəне  қоршаған  орта 

гигиенасы негіздерін; 

- психиканың философиялық-теориялық негіздерін; 

- дəлелді  медицинадағы  сандық  жəне  сапалық  зерттеулердің  негізгі 

əдістерін; 

- дəрілік 

препараттардың 

жіктемесін, 

жалпы 

рецептураны, 



рецептердің, жазылу  тəртіптерін, дəрілік заттардың фармакокинетикалық 

жəне фармакодинамикалық жалпы заңдылықтарын. 



Кəсіптік пəндер циклы бойынша білім деңгейіне қойылатын талаптар. 

Бітіруші меңгеруі тиіс білімдер: 

- халыққа  медициналық  жəне  дəрі-дəрмектік  көмек  көрсетуді 

ұйымдастырудың жалпы принциптерін; 

- дəрілердің  босатылу  тəртіптерін,  фармацевтикалық  бөлшек  сауда 

жəне көтерме сауда буындарының қызметін ұйымдастыру негіздерін; 

- фармация экономикасының негіздерін; 

- фармацевтикалық 

менеджмент 

негіздерін, 

фармациядағы 

маркетингтік  басқару  процесі  мен  маркетингтік  зерттеу,  аналитикалық

жұмыстарының жүргізілуін; 

- дəрілер  технологиясының  негізін,  дəрілік  жəне  қосымша  заттар 

жіктемесін,  гомеопатиялық  жəне  фитопрепараттар  технологиясының 

ерекшеліктерін; 

- дəрілік  заттардың  сапасын  реттейтін  негізгі  принциптер  мен 

жағдайларды; 

- дəрілік заттардың сапасын зерттеудің негізгі əдістері мен тəсілдерін, 

фармацевтикалық талдаудың жалпы принциптерін; 

- дəрілік  өсімдіктер  шикізаттарының  жіктемесін,  ботаникалық 

белгілері бойынша дəрілік өсімдіктердің дайындалуын; 

- медициналық жəне фармацевтикалық тауартану негіздерін; 

- өсімдік  шикізаттарын  макро  жəне  микроскопиялық  тауарлық 

талдаудың  негізгі  принциптерін,  дəрілік  шөптер  шикізаттарын 

стандарттауды. 

12


ҚР МЖМБС 3.08.390-2006 

9 051103 – «Фармация»  мамандығы  бойынша  білім  беру 

бағдарламаның мазмұны 

 

9.1  Жоғары-кəсіптік  білім  бағдарламасы 1 кестеде  ұсынылған  пəндер 

циклдері бойынша жүргізіледі. 

 

1 кесте Жоғары-кəсіптік білім бағдарламасының мазмұны 



Пəндер 

кодтары 

Пəндер жəне олардың негізгі мазмұны 

Сағат-

тар/ 

несие 

саны 

1 2 




ЖБП 

Жалпы білім беру пəндері 1800/40 

ЖБПМК 

Міндетті компонент 1620/36 

ЖБПМК 01 



Қазақстан тарихы  

«Қазақстан  тарихына»  кіріспе.  Қазақстан 

ежелгі  дəуірде.  Қазақстанның  ежелгі  тарихы. 

Палеолит  (ежелгі  тас  ғасыры),  мезолит  (орта 

тас ғасыры), Неолит (жаңа тас ғасыры). Қола 

дəуірі. 


Ерте 

мемлекеттік 

құрылымдар. 

Сақтар.  Ерте,  орта  ғасыр  мемлекеттері (VI-X 

ғ.ғ.).  Түркі  қағанаты.  Түргештер.  Қарлұқтар. 

Оғыздар.  Қимақтар. VI-X ғ.ғ.  Қазақстанның 

экономикалық,  мəдени 

өмірі.  Дамыған 

ортағасырлардағы мемлекеттер (ХІ ғ. – ХІІІ ғ. 

басы). Қарахандар. Қарақытайлар. Наймандар 

мен  керейлер.  Қыпшақтар.  ХІ  ғ. – ХІІІ  ғ. 

басындағы  Қазақстан  экономикасы  мен 

мəдениетінің  дамуы.  Қазақстан  монғол 

басқыншылығы  кезеңінде.  Алтын  Орда.  ХІV 

–  ХV  ғ.ғ.  Ортағасырлық  мемлекеттер.  Көк 

Орда жəне Ақ Орда мемлекеттері. Моғолстан. 

Көшпелі  өзбектер  мемлекеті.  Ноғай  ордасы. 

Сібір  хандығы.  Қазақ  халқының  қалыптасуы. 

“Қазақ”  этнонимі.  Қазақ  жүздері.  ХV  ғ. – 

ХVІІІ  ғ.  басындағы  Қазақ  хандығы.  ХІV  ғ. – 

ХVІІІ  ғ.  басындағы  қазақтардың  мəдениеті. 

Жаңа  замандағы  Қазақстан  (ХVІІІ – ХХ  ғ. 

басы).  Қазақстан  ХVІІІ  ғ.  бірінші  ширегінде. 

Жаңа  заман  жағдайындағы  Қазақстан  мен 



135/3 

 

 

13


ҚР МЖМБС 3.08.390-2006 

1 кестенің жалғасы 

1 2 



 



Ресей. 

Қазақстанда 

отарлау 

дəуірінің 

басталды.  ХІХ  ғ. – ХХ  ғ.  басындағы  Қазақс-

танның əлеуметтік-экономикалық  жəне саяси 

дамуы.  Қазақстан  мəдениеті  (ХVІІІ – ХХ  ғ. 

басы).  Қазақстан  қазіргі  кезеңде. 1917 ж. 

Қазан  төңкерісі  жəне  оның  алғы  шарттары. 

Азамат соғысы – халық қасіреті (1918 – 1920 

ж.ж.)  Қазақ  Кеңес  мемлекетінің  құрылуы. 

Қазақстандағы  “соғыс  коммунизмі”  саясаты 

(1918 – 1921 ж.,  наурыз).  Өлкедегі  Кеңес 

мемлекетінің  құрылуы.  ЖЭС-тің  əлеуметтік-

экономикалық  нəтижелері.  Ауыл  шаруашы-

лығы ұжымдастыру – Қазақстан шаруашылы-

ғының  қасіреті.  Индустрияландыру:  сипаты, 

қарқыны,  көлемі.  Соғыс  қарсаңындағы 

Қазақстанның  əлеуметтік-экономикалық  да-

муы.  Қоғамдық – саяси  жағдай.  Қазақстан 

Ұлы Отан соғысы жылдарында. (1941 – 1945 

ж.ж.).  Қазақстан  соғыстан  кейінгі  жылдарда 

(1946 – 1953 ж.ж.).  Хрущев  ренысандары 

тұсында  Қазақстан (1953 – 1964 ж.ж.). 1960 

жылдардың  ІІ  жартысы  мен 1980 жылдың  І 

жартысындағы  Қазақстан. “Қазақстандағы 

қайта  құру”  саясаты (1985 – 1991). Тəуелсіз 

Қазақстан.  Қазақстан  тəуелсіздік  жолында. 

Қазақстанның  тəуелсіздігінің  жариялануы. 

Тəуелсіз 

Мемлекеттер 

Достастығының 

құрылуы. (ТМД).  Қазақстан  Республикасы-

ның  мемлекеттік  құрылысы.  Экономикалық 

дамуы. Қоғамдық – саяси даму. Рухани даму. 

ҚР сыртқы саясаты. 





 

 

ЖБПМК 02 



Философия 

Философия  мəдениет  феномені  ретінде. 

Философия  пəні  жəне  қызметтері.  Мəдени-

тарихи  контекстегі  философия.  Мəдениет 

контекстіндегі 

философияның 

тарихи 

типтері.  Ежелгі  Үнді  философиясы  шығыс 



мəдениетінің  феномені  ретінде.  Қытай 

мəдениетінің  гүлдену  кезіндегі  ежелгі  Қытай 



135/3 

14


ҚР МЖМБС 3.08.390-2006 

1 кестенің жалғасы 

1 2 



 



философиясы. 

Антика 


мəдениетіндегі 

философия.  Орта  ғасырлық  мəдениеттегі 

философия  феномені.  Ислам  мəдениеті 

аясындағы  араб-мүсылман  философиясы. 

Батыс 

Еуропалық 



орта 

ғасырлық 

мəдениеттегі  философия  жəне  дін  феномені. 

Қайта өрлеу жəне Реформация мəдениетіндегі 

философия. Жаңа Заман мəдениетіндегі батыс 

еуропалық  философия.  ХІХ  ғасырдың  екінші 

жартысындағы мəдениеттегі батыс еуропалық 

философия.  Орыс  философиясы  ХІХ-ХХ  ғ.ғ. 

ресейлік мəдіниеттің феномені ретінде. Қазақ 

мəдениетіндегі  философия  феномені.  ХХ  ғ. 

мəдениетіндегі  Кеңестік  философия.  ХХ  ғ 

жəне  ХХІ  ғ.  алдындағы  мəдениет  аясындағы 

батыс  философиясы.  Болмыс  философиясы. 

Философиялық  антропология.  Əлеуметтік 

философия. 

Мəдениет 

философиясы. 

Маххабат  философиясы.  Дін  философиясы. 

Тарих  философиясы.  Саясат  философиясы. 

Білім 


беру 

философиясы. 

Диалектика 

теориясының  мəселелері.  Эпистемология 

ғаламдық 

(жаһандық) 

мəселелердің 

философиясы. 



 

ЖБПМК 03 



Шет тілі 

Оқытылатын  шетел  тілінің  фонетикалық, 

орфографиялық,  лексикалық,  грамматикалық 

нормалары.  Фонетика:  шетел  тілінің  айтылу, 

ырғақтық-интонациялық  ерекшеліктері,  ды-

быстық  жүйенің  рецепциясы  мен  репродук-

циясы.  Орфография:  тілдің  дыбыстық-əріптік 

жүйесі,  негізгі  орфографиялық  ережелер. 

Лексика: сөзжасам модельдері; көлемі  негізгі 

тілдің 2500 бірлігін  құрайтын  лексикалық 

минимум,  сонымен  қатар  мамандықтың 

профиліне 

сай 

терминдер; 



қолданыс 

кеңістігіне  сай  лексиканың  дифференциясы. 

Грамматика: негізгі сөз таптар - зат есім, сын 

есім,  үстеу,  етістік,  артикль,  есімдік;  жай 



270/6 

15


ҚР МЖМБС 3.08.390-2006 

1 кестенің жалғасы 

1 2 



 



сөйлем 

мен 


құрмалас 

сөйлемдердің 

құрылымы,  сөзжасамның  негізгі  модельде 

оқу:  таныстыру,  анықтамалық,  шолып  оқу 

дағдысының  қалыптасуы.  Сөйлеу:  оқылған 

тақырыптар көлемінде монолог пен диологты 

дамыту  шеберлігі.  Жазу  тізбекті  ой  жүйесін 

жеткізу,  тұжырымдамалар  мен  шығармалар, 

жеке  жəне  іскерлік  мəндегі  хаттар  жазу 

дағдысын  жетілдіру.  Мамандыққа  байланыс-

ты  шетел  тіліндегі  мəтіндерді  ана  тілінде 

тілдік  нормаларға  сай  аудару.  Тыңдау: 

күнделікті  кездесетін  ақпараттық,  кəсіптік 

сипаттағы 

хабарларды 

тыңдау 


арқылы 

қабылдау. 



 

ЖБПМК 04 



Қазақ (орыс) тілі 

Жалпы  қолданыстағы  сөздер  мен  сөз 

тіркестерінің 

лексикалық 

минимумын 

кеңейту.  Тілдегі  қолданыс  деңгейіне  қарай 

грамматикалық нысандар мен қүрылымдарды 

меңгерту.  Сөйлеудің  түрін:  əңгімелесу, 

суреттеу,  хабарлауды  құрастыру.  Граммати-

калық  нысандар  мен  құрылымдарды  сөйлеу 

процесінде дұрыс қолдану. Белгілі мəтіндерді 

қайта  өңдеу.  Тілдік  қызметтің  əр  түрінде 

(сөйлеу,  тыңдау,  оқу,  жазу)  қиын  емес 

прагматикалық 

мəтіндерді, 

əлеуметтік-

тұрмыстық  жəне  кəсіби  саладағы  өзекті 

тақырыптардағы  сұхбаттар  мен  монологтар-

ды ауызша жəне жазбаша түрде өңдеу. Кəсіби 

білімін  дамыту:  а)  мамандық  бойынша 

əдебиетті оқу, тыңдау, конспектілеу дағдыла-

рын  қалыптастыру;  б)  əртүрлі  ғылыми 

мəтіндерді  оқулықтардағы  мəтіндер  мен 

дəрістерге 

мамандығына 

байланысты 

сұхбаттар  мен  монологтар  құру.  в)  Пікірін 

білдіруге:  монолог-суреттеу,  сұхбат,  пікірта-

лас  ұйымдастыруға  дағдыландыру.  Кəсіптік 

қазақ  (орыс)  тілі.  Ғылыми-кəсіби  сөйлеуді 

дамыту: а) ғылыми-кəсіби сөйлеуде белсенді, 

270/6 

16


ҚР МЖМБС 3.08.390-2006 

1 кестенің жалғасы 

1 2 



 



жалпылама, көлемді біліктілігі мен дағдысын 

қалыптастыру. 



 

ЖБПМК 05 



Информатика  

Информатика  пəні,  объектісі  жəне  құрамдас 

бөліктері. Ақпаратты көрсету нысандары. Сан 

жүйелері.  Сандарды  аудару  əдістері;  екілік 

арифметика. Дескретизация ұғымы, белгілен-

ген  жəне  жылжымалы  үтірлі  сандармен 

арифметикалық  операцияларды  орындау. 

Тілдер  үшін  объектілер  жəне  процесстерді 

кескіндеу  тəсілі.  Қазіргі  заманғы  есептеу 

техникасының 

құрылысы. 

Ақпаратты 

компьютерде  беру.  Бульдік  алгебра  жəне 

компьютердің  қисынды  схемасы.  Қисынды 

схемалар жəне қисынды машиналар. Компью-

тердің  негізгі  блоктарының  элементтерінің 

негіздерін 

ұйымдастыру. 

Процессордың 

архитектуралық  ұйымдасуы.  Компьютердің 

жадын  ұйымдастыру,  программаны  басқару 

принципі,  функциялық  жəне  құрылымдық 

компьютерді  ұйымдастыру,  мəліметтерді 

өңдеудегі 

желілік 

технологиялар. 

Бағдарламалауға кіріспе. Есептерді алгоритм-

деу 


негіздері. 

Алгоритмдер 

(типтер, 

қасиеттері,  беру  тəсілдері).  Алгоритмдік 

құрылымдары.  Бағдарлама  құруды  оқыту 

тілдері.  Жалпы  қызметтік  бағдарламалау 

тілдері.  Қолданбалы  бағдарламамен  қамтама-

сыз  ету,  ақпаратты  өңдеу.  Берілгендер 

базасын  басқару  жүйесі.  Компьютерлік 

желілер,  желілік  жəне  телекоммуникациялық 

технологиялар.  Желілер  жөнінде  жалпы 

мағлұмат, 

компьютерлерлердің 

желілік 


қарым-қатынасының  қажеттілігі.  Ақпаратты 

қорғау негіздері. Ақпараттық қауіпсіздік жəне 

оның  құрамалары.  Ақпараттық  процесстерге 

заңсыз 


енуден 

қорғау. 


Ұйымдастыру 

шаралары,  ақпаратты  қорғаудың  инженерлік-

техникалық  жəне  де  басқаша  əдістері. 

135/3 

17


ҚР МЖМБС 3.08.390-2006 

1 кестенің жалғасы 

1 2 



 



Жергілікті  компьютерлік  желідегі  ақпаратты 

қорғау,  антивирустық  қорғану.  Электронды 

басқару – денсаулық  сақтау  жүйесінің 

жинақталып біріккен ақпараты деген түсінік. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет