Джером Брунердің «Білім беру үдерісі» (1960) атты еңбегінде қарастырылған танымдық теорияға негізделеді. Оның пікірінше, ең күрделі материалдың өзі дұрыс құрылымдалып, дұрыс ұсынылатын болса, оны тіпті кішкентай балалар да түсіне алады.
Джером Брунер адамның танымдық қабілеті шартты түрде бөлінген үш сатыдан тұрады деп тұжырымдайды:
белсенді (жұмыс үдерісінде білім алу);
бейнелік (суреттер мен бейнелердің көмегімен білім алу);
таңбалық (сөздер мен сандардың көмегімен білім алу).