Оқушылардан нақты бір тақырыпқа қатысты білімін жетілдіру үшін жеке жетістіктерін көрсететін бағамдау немесе рефлексия жазуды сұрай аласыз. Бұл бағамдау/рефлексияны олар осы тақырыптың келесі деңгейін меңгеру кезінде есепке алу қажет. Нәтижесінде оқушылар өз үлгерімдерін бақылауға мүмкіндік алады, сондай-ақ жетілдіру мақсатында өзгеріс енгізіп, келесі оқу кезеңіне дайындалуға негіз етіп алады.
Оқушыларға алдыңғы білімі мен қазіргі тапсырманы байланыстыруға көмектесетін мақсатты сауалнама пайдалана аласыз.