сұрақ Ақуыздардың толық емес құрамын растау үшін қандай түсті реакцияларды қолдануға болады?


)Осы реакцияны схемалық түрде жазыңыз. Реакция өнімі қалай аталады



бет34/56
Дата05.01.2023
өлшемі106,84 Kb.
#60417
түріҚұрамы
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   56
3)Осы реакцияны схемалық түрде жазыңыз. Реакция өнімі қалай аталады.

АТФ -- АДФ


Протеин--------------------------- Фосфопротеид
Реакция өнімі фосфопротеид

24-сұрақ


Науқаста қатты әлсіздік, терінің бозаруы, дене қызуы 36,8, жүрек аймағында ауырсыну бар. Қанда аспартатаминотрансфераза, лактатдегидрогеназа 1,2, креатинкиназа белсенділігі артты. Қандай ауруды болжауға болады?
Менің болжамды диагнозым – миокард инфарктісі.Себебі миокард инфакртісі кезінде қанда АСТ белсенділігі 8-10 есе артады.Жүрек инфаркті пайда болған кезде 6-18 сағат ішінде КФК2 қан плазмасында арта бастайды.30-48 сағат ішінде максималды деңгейге жетіп,3 күннен кейін қайта қалыпан келеді.Сонымен қатар жүрек инфаркті кезінде ЛДГ мөлшері КФК-дан 1-2 күн кешігіп барып арта бастайды.Қалыпты жағдайда ЛДГ2 мөлшері ЛДГ1-ден көп болуы керек,ал жүрек инфаркті кезінде ЛДГ1 мөлшері ЛДГ2-ден асып кетеді.Қысқасы КФК2 белсенділігінің артуына сәйкес ЛДГ активтілігі артса 100% жүрек инфарктіне диагноз қоюға болады.
1)Бұл ферменттер қандай класқа, кіші класқа жатады? Бұл ферменттердің құрылымы.
ЛДГ мен КФК изоферменттерге жатады.Ал АСТ трансферазалар уласы,аминотрансферазалар тобына жатады.
Кретинфосфокиназа КФК – екі суббірліктен тұрады,оның М типі бұлшықет типті,ал В типі ми типі болып саналады.КФК изоферменттері электрофорез кезінде анодқа қарай жылжу реті бойынша шифрланатындықтан 3 топқа бөліп қарастырамыз:
КФК1 – құрамы ВВ суббірлік және ол мида кездеседі
КФК2 – құрамы МВ суббірлік,ол жүрек бұлшықетінде кездеседі
КФК3 – құрамы ММ суббірлік, қаңқа бұлшықетінде кездеседі.
Лактатдегидрогеназа ЛДГтетрамер фермент болып,екі түрлі ұқсас емес суббірліктен құралады.Жүрек бұлшықетінде кездесетін суббірлік Н,алы қаңқа бұлшықетінде кездесетін суббірлікті М деп атайды.Осы екі субірліктің ұқсас емес мөлшерде бірігуі нәтижесінде 5 түрлі изофермент пайда болады:
ЛДГ1 – құрамында НННН суббірлік бар,ол жүрек пен эритроциттерде кездеседі
ЛДГ2 – құрамы НННМ суббірліктен тұрады және жүрек,эритроциттер мен бүректе кездеседі
ЛДГ3 – құрамында ННММ суббірлік бар,ми мен өкепеде кездеседі
ЛДГ4 – құрамы НМММ суббірліктен тұрады,ол тек бауырда кездеседі
ЛДГ5 – құрамында ММММ суббірлік бар,ол бұлшықет пен бауырда кездеседі.
Аспартатаминотрансферазалар екі компонентті болып келеді,бірақ трансферазалардың басқа топтары секілді олардың коферменттері анықталмаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет