Сұрақ 1. Қазақстанның шағын жинақты мектебінің сипаттамаларын таңдаңыз: а) тек біріктірілген сыныптың болуы;
б) тек жеке және параллель сыныптардың болуы;
в) тек біріктірілген сынып-жиынтықтың және балалар саны аз жекелеген сыныптардың болуы;
г) балалар саны аз жеке сыныптардың болуы;
д) толық жинақталған сыныптардың болуы.
Сұрақ 2 Шағын жинақталған мектепте білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктерін таңдаңыз: а) ауыл мұғалімі қызметінің полифункционалдығы;
б) бір оқу бағдарламасы бойынша оқитын бір жастағы балаларды біріктіру;
в) мектептің көптеген әлеуметтік-педагогикалық функцияларды орындауы;
г) оқытудың көп пәндігі және көп бейінділігі;
д) тәрбие мен оқытуда құзыреттілік тәсілді жүзеге асыру.
Сұрақ 3 ШЖМ кепілдендірілген жұмыс істеу шарттарын таңдаңыз: а) бастауыш ШЖМ - 5-тен 30 адамға дейін;
б) бастауыш ШЖМ - 5-тен 40 адамға дейін;
в) негізгі ШЖМ - 41-ден 80 адамға дейін;
г) негізгі ШЖМ - 41-ден 90 адамға дейін;
д) ШЖМ орта мектебі - 81-ден 180 адамға дейін.
Сұрақ 4 ШЖМ-де білім беру процесін ұйымдастыру шарттарын таңдаңыз: а) сабақта көрнекілік пен АКТ қолдану;
б) қысқа мерзімді сабақ жоспарын құру;
в) сабақ кестесін дұрыс құрастыру;
г) сабақтың мазмұнын оңтайландыру;
д) оқушылардың өзіндік жұмысын мұғалімнің жетекшілігімен ауыстыру.
Сұрақ 5 Шағын мектептің артықшылықтарын таңдаңыз: а) оқушылардың шағын контингенті;
б) халықтық дәстүрлермен тығыз байланыс, табиғаттың жақындығы;
в) білім беру кеңістігінің баламасыздығы;
г) мұғалімдер құрамының аздығы;
д) мұғалімнің әр оқушыға көбірек көңіл бөлуі.
2.2.2 Сыныптарды комплектілерге біріктірудің заманауи тәсілдері