Сұрақнама Баланың тірек-қимыл жүйесінің маңызы, құрылысы, қызметі


Бала сүйектерінің өсіп-жетілу ерекшеліктері



бет2/3
Дата21.10.2023
өлшемі29,17 Kb.
#120053
1   2   3
Байланысты:
2 тапсырма

1.Бала сүйектерінің өсіп-жетілу ерекшеліктері.
Бірінші даму кезеңі жас нәрестенің туған кезінен 7 жас аралығында өтеді. Бұл кезеңде бас сүйектің қарқынды дамуы мен қатар қуыстығының көлемі ұлғайып,суйек арқылы жіктер бірте-бірте тартылып, бас сүйектің еңбектері(fonticulus) тартылады. Сонымен қатар мұрын қуысы мен көз шарасының сыртқы пішіні айқындала бастайды.
Бас сүйегінің екінші даму кезеңі 7 жас пен 14 жастың аралығы кезеңінде өтеді. Бұл даму бас сүйектің өркендеп өсуі, алғашқы даму кезеңіндей болмағанымен мұрын қуысы мен көз шарасының көлемі бастапқы даму кезеңіне қарағанда едәуір қарқынды түрде өтеді.
Үшінші даму кезеңі ер жеткен кезеңнен бастап 25 жас аралығында өтеді. Бұл кезеңде бас сүйектің маңдайы айқындалып, бет сүйектің көлемі кішірейеді.
Төртінші даму кезеңі 25-45 жас аралығында өтеді. Бұл даму кезеңде бас сүйектердің жіктері бірігеді. Сонымен қатар сагитальді жіктің ертерек бітісуі бассүйектің домалақтау болып өсуіне әкеліп соқса, тәж тәрізді жіктің жедел дамып сүйектенуі бас сүйектің сопақша тәрізді өсуіне ықпал етеді
Бассүйектің бесінші даму мезгілі 45 жастан бастап, алдымен бет сүйектің, кейіннен ми сауыты сүйектерінің кері даму кезеңі. Бұл кезеңде бассүйектің тістері түсіп, бет сүйектің жалпы көлемі кішірейіп, төменгі жақ сүйектің бұрышы ұлғайып, альвеоларлық өсінділері кішірейеді.
2.Баланың дамуына қимыл-қозғалысының әсері.
Адамның денесі мен қимыл-ойының дамуына қозғалыс күшті әсер етеді. Нәрестенің қозғалыс белсенділігіне бөгет жасағанда оның жалпы дамуы нашарлайды және кешігеді. Күнделікті тіршілікте орындалатын қимылдардың қосындысын адамның қозғалыс белсенділігі деп атайды. Қозғалыс белсенділігі ұйымдастырған және ұйымдастырылмаған қимылдардан тұрады. Ұйымдастырылған қозғалыс белсенділігіне дене шынықтыру жаттығулары, спорт, сабақ кезінде, белгілі еңбек әрекетіне байланысты пайда болған қозғалыстар жатады. Адам денесі үшін ұйымдастырылған қозғалыстардың маңызы зор. Сондықтан мектеп жасына дейінгі мекемелердегі балалардың мұндай қозғалыстарын дұрыс жоспарлап іске асыру арқылы балалардың қимыл-дағдыларын қалыптастыруға, саналы қозғалыстарын көбейтуге болады. Ұйымдастырылған қозғалыстар аз болуына байланысты соңғы жылдары балаларда г и п о -динамияның(қараңыз: лат. гипо + динамика-қозғалыс) белгілері пайда бола бастайды. Гиподинамия деп бүлшық еттердің қозгалыс белсенділігінің төмендеуін айтады. Бұл көбінесе бала аз қимылдағанда пайда болады. Қозғалыс белсенділігі тиімді мөлшерден асып кеткенде, мысалы, ауыр жұмыс, мөлшерсіз еңбекпен шұғылданғанда, гиподинамия пайда болады. Гиподинамия организмнің қызметін, қалыпты жағдайын бүзады. Себебі нерв-ет, жүрек-қан тамырлары, тыныс т. б. жүйелердің қызметі осы шектен тыс қозғалыс барысында қалпына келіп үлгермейді де, олардың зорығу белгілері байқалады. Сондықтан балалардың қозғалыс белсенділігін гигиеналық талапқа сәйкес жасына лайықтап ұйымдастырған жөн. Бүгуге қатысатын бұлшық еттері әлсіз болғандықтан және олардың қозғалыс нейрондарының еңбек қабілеті төмен болғандықтан мектепке дейінгі жастағы балалар сурет сабағында немесе басқа сабақта 4-5 минуттан кейін-ақ жиырылатын бұлшық еттері босайды да, мазасыздана бастайды: дұрыс отырмайды, сондықтан омыртқалары қисайып кетуі мүмкін. Әсіресе үзақ түрегеліп тұра алмайды. Осыған байланысты балаларды 2-3 минуттен артық тік тұрғызуға болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет