Байланысты: Көшербай А 3 апта Оқушылардың анатомиясы, физиологиясы
Балалар диабеті деп ұйқы безі жұмысының бұзылуы себебінен болатын созылмалы жағдайды айтамыз. Аталған ауру түрі кең тараған – ол кездесуі жағынан екінші орынды алады. Дұрыс ем қабылдамаған жағдайда, баланың органдары мен жүйелерінің жұмысы бұзылып, мүгедектікке дейін жеткізуі мүмкін.
Бұл ауру түрін қалыптасу негізіне қарай бөлуге болады:
Алғашқы – немесе нағыз;
Екінші – немесесимптомдық – эндокриндік жүйе қызметі жағынан ауытқудың болуына немесе бала анемнезінің басқа да патологияларына байланысты пайда болады.
Алғашқы қант диабетін төмендегідей түрлерге бөлінеді:
Қант диабетінің 1-ші түрі – инсулинге тәуелді, инсулин өнімінің төмендеуімен сипатталады. Кей кездері ол мүлде өндірілмей қалады;
Қант диабетінің 2-ші түрі — инсулинге тәуелді емес – ағзаға түсетін глюкозаны сіңіру мүмкіндігінің болмауымен сипатталады.
Диабет түрлері:
Теңгерілген – оны ерте сатысында анықтап, балаға уақытында көмек көрсетілсе, глюкоза деңгейін қалыпқа келтіруге болады;
Шала теңгерілген — ауыратын баладағы глюкоза деңгейі қалыпты көрсеткіштен біраз ерекшеленеді;
Теңгерілмеген – баланың көмірсулық алмасуында үлкен ауытқулар байқалады – мұндай жағдайдың терапиясы өте қиын болады және емделуге ұзақ уақыт керек.
Ауырлық дәрежесіне қарай диабеттің мынадай түрлері кездеседі:
Жеңіл – белгілері мүлде байқалмайды, глюкоза көрсеткіштері – 8 ммоль/л дейін;
Орта – баланың жағдайында ауытқулар болады, сонымен бірге глюкоза көрсеткіштері – 12 ммоль/л төмен;
Ауыр түрі – бұл түрі созылмалы түрге айналып кетуімен қауіпті, себебі глюкоза деңгейі өте жоғары болады – 14 ммоль/л және одан жоғары;
Асқынған түрі – баланың жағдайы өте қиын, ол басқа ауру түрлерін де асқындырады, сонымен бірге қандағы глюкоза деңгейі – 25 ммоль/л.
Бірінші және екінші түрдегі қан диабетінің ең алғашқы себебі мен мазмұны ұйқы безі қызметінің бұзылуында болады. Бұл орган ішкі және сыртқы секрецияға жатады. Оның басты қызметтері:
• Асқорыту кезіндегі қажетті ферменттер негізінде ұйқы безі шырынының бөлінуі;
• Инсулин өндірілуі;
• Ағзада майлардың, көмірсулардың және ақуыздар алмасуының реттелуі.
Егер 1 түрдегі диабет – инсулин тапшылығы туралы айтатын болсақ – аурудың негізгі көзі аутоиммундық әрекет болып табылады. Ол кезде инсулин өндіретін (асқазан астында орналасқан) бета-жасушалардың бұзылуы орын алады және олар толықтай бөгеттеліп қалады.
Патологияның қалыптасуының басқа да себептері:
Микроағзалардың әсері – цитомегаловирус тобының вирустары, энтеровирустар, Коксаки вирусы, герпес вирустары, көкжөтел вирусы, паротит, қызылша, желшешек;
Балада аутоиммунды аурулардың болуы – ол кезде иммундық жүйе ұйқы безіне кері әсерін тигізеді - арнайы денелер орган құрылымын иммунитетті бұзуы;
Вирустардың бауырды зақымдауы;
Ерте жаста қалыптасқан қатерлі ісіктер;
Несеп шығару жолдарының жіті және созылмалы инфекциялық зақымдары;
Ұйқы безінің зақымдалуы немесе басқа да салдарлары.