Сұрақнама Ішкі секрециялық бездер және олардың маңызы туралы жалпы түсініктеме



бет3/4
Дата18.11.2022
өлшемі165,88 Kb.
#51097
1   2   3   4
Байланысты:
Көшербай А 3 апта Оқушылардың анатомиясы, физиологиясы

Тапсырмалар
1.Гипофиздің өсу гормонының гипер-және гипосекрециясына байланысты баланың өсуінің кемшіліктері.
Адам мен жануарлар тірлігі үшін қай бездің қандай маңызы бар екенін білу мақсатымен зерттелетін безді сылып алып тастайды (экстирпация). Гипофизді алып тастаса (гипофизэктомия) өсімтал жас бала өспей қалады, жыныс бездері кеш жетіледі, ал ересек адамның бездерін алып тастаса, жыныстық шабыты төмендейді. Белок, май, көмірсу алмасуы бұзылады, қалқанша без, бүйрекүсті бездер кішірейеді, қызметі нашарлайды. Несеп бөлінуінде тәуләктік диурез күшейіп, шыжыңдық белгілері пайда болады (полиурия). Сырттан тиетін зиянды әсерлерге деген төзімділігі кемиді. Осы айтылғандардың бәрі гипофиздің гормон шығару қызметінің нашарлауының салдары. Ал гипофиздің қызметі күшейсе мұндай өзгерістердің сипаты қарама – қарсы.
Гипофиздің алдыңғы бөлігі – аденогипофиз үш түрлі жасушадан тұрады:

  • ацидофилдік

  • базофилдік

  • хромофилдік



2.Эндемиялық зоб ауруы және оның алдын алу шаралары.
Pобтың бір атауы – «жемсау». Зоб ауруы қалқанша безінің ұлғаюынан пайда болады. Қалқанша безі адамдарда кеңірсіктің алдыңғы қабатында орналасқан. Қалқанша безінің ұлғаюы мойының жуандауына әкеледі. Зоб ауруына шалдыққан кезде, қалқанша безінің қызметі бұзылып, гормондары не аз, не көп мөлшерде бөлінеді
Бұл ауру тек шығармашылық адамдарда ғана емес, барлық кәсіп иелерінде болады. Оның себебі тұқымқуалаушылық, инфекциялар, психикалық жарақаттар, ағзаның әлсіреуі, шаршау, депрессия, орталық жүйке жүйелерінің, жыныс бездерінің дұрыс қызмет істемеуінен болады. Күн тәртібіне бағынбай, түнде ұйықтамай, дер кезінде тамақтанбай шапқылап жүргендіктен болады. Оларға диффузды токсикалық зоб тән. Қалқанша безінің гиперфункциясы мен гипеплазиясы салдарынан пайда болған зоб. Есте сақтау қабілеті төмендеу, депрессияға, жүйке тозуы, терінің кеуіп, шаш түсуі, ағза температурасы төмендеу, ағзаға су жиналып, қабынудың салдарынан салмақ қосу немесе салмақ тастау. Бет домаланып, өңі қашуы болады.
Қазақстан йод жетіспейтін аймаққа жатады. 2000 жылдан бастап йод жетіспеушілігі аурулары көбейді. Тұрғындар тағам құрамындағы йодқа ерекше мән берген жөн. Йод жетіспеушілігі тахикардия, қол дірілдеуі, аз ғана диффуздық жемсау сынды ауруларға себеп болады. Күйгелектік пайда болу, жылау, бұлшық ет әлсіздеу болады. Асқынған жағдайда ағзадағы тұз бен су бұзылып, тамақ астындағы без ісініп, адамның көздері сыртқа шығып, беттері өзгеріп, тыныс алу қиындайды. Жүйке талшықтары қозғыштығы төмендеп, ми геометриясы өзгереді. Жүректің минуттық соғуы кемиді. Миокард гипоксиясы қалыптасады. Ас қорыту процесі бұзылады. Осыдан бастап қаназдық туады. Зоб ауруын емдеу дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ережесі барлық жерде бірдей.
Зобтың түрі көп. Соның ішіндегі көп тарағаны-эндемиялық зоб. Оның 3 сатысы бар:
1. қалқанша безі көрінбейді, сипалағанда сезілмейді.
2. қалқанша безі көрінбейді, бірақ сипалағанда сезіледі.
3. қалқанша безі жұтынған кезде көрініп тұрады.


3.Оқушылардың ұйқы безі гормондары. Балалардың қантты диабет ауруы, оның себептері.
Ұйқы безі — сыртқы және ішкі секреция безі. Сыртқы секреция безі ретінде ол ас қорыту ферменттеріне бай ұйқы безі сөлін бөледі. Сонымен қатар, ұйқы безі арақашықтарының жасушалары инсулин гормонын қанға бөледі. Сыртқы секреция без бөлігі құрылысы жағынан көпіршікше-түтікше бездерге жатады.

Бездің сөл бөлетін соңғы бөлімі көпіршік тәрізді болады. Олардан шығатын шығару өзектері негізгі без өзегін түзеді. Ұйқы безінің өзегі он екі елі ішекке ашылады. Ұйқы безінің эндокринді бөлігін панкреаттық аралшықтары құрайды. Олардың пішіні дөңгелек немесе сопақша болып, әр түрлі без бөлікшелерінде орын тебеді. Аралшық жасушалары А, В, Д, Д және РР болып бірнеше түрге бөлінеді. Ең көп кездесетін В-жасушалар инсулин гормонын түзіп, қандағы глюкозаның мөлшерін азайтып, оны гликогенге айналдырады. А-жасушалар түзетін глюкагон гормоны, керісінше, гликогенді глюкозаға айналдырып, оны қанға өткізеді. Д- жасушалар аз мөлшерде кездеседі. Бұл жасушалардың гормоны А- жасушалар гормондарының түзілуін тежейді. Д- жасушалар қан қысымын төмендететін, ұйқы безі сөлінің бөлінуін күшейтетін гормон бөледі. РР-жасушалар гормоны қарын сөлі мен ұйқы безі сөлінің түзілуін реттейді.Ұйқы безінің жалпақтау болып келетін бас жағы ұлтабарға жабысып кірігіп тұрады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет