2.Ішкі секреция бездерінің гормондары, олардың қызметтері және жас ерекшеліктері.
Ішкі секрециялық бездердің өнімі гормон- өте белсенді химиялық зат. Ол ішкі секрециялық безде түзіліп қанға немесе лимфаға сіңіп, мүшелер мен мүшелер жүйесіне, тіпті күллі организмге әсер етеді.
Осыған байланысты ішкі секрециялық бездерқан тамырларына бай келеді.
Гормондардың қасиеттері: а) олар өте белсенді,тым азғантай мөлшерде(микрограмм, нанограмм, пикограмм) әсер алады; ә) әсері арнайы бағытталған, бір гормон жетіспегенде екінші бездің гормоны немесе басқа бірбелседі химиялық зат оның қызметін атқара алмайды; б) ұлпаларға, мүшелерге өзінің пайда болатын жерінен дистантты, яғыни қашық тұрып, алыстан әсер етеді.
Химиялық құрамына қарай олар белок,полипептид, липидтер немесе стероидтарға жатады.Гормондар ішкі секрециялық бездерде,ас қорыту жолының мүшелерінде, бүйректе, бауырларда да түзіледі. Барлық гормондар денедегі зат алмасуына әсер етеді. Олар алдымен қанға сіңгенімен, тек қана клетканың мембранасымен қабысқанда ғана белсенді болады.
Гормондардың биосинтизі адамның тұқым қуалайтын аппараттарында жобаланған, сондықтан әрбір ішкі секрециялық бездер тек қана нақты гормондарды өндіреді.
Гормондар ұлпаларға немесе тікелей әсер етіп, олардың қызметтерін күшейтеді немесе тежейді, я болмаса жүйке жүйесі арқылы жанама әсер етеді. Кейбір гормондар( бүйрек үсті бездерінің стероидты гормондары, қалқанша бездерінің гормондары) клеткалық мембранадан өтеді де, клетка ішіндегі ферменттер жүйелерімен әрекеттесіп, ондағы зат алмасуына ықпалын тигізеді.
3.Гипоталамо-гипофизарлық жүйесінің маңызы. Гипоталамус - көру төмпегінің төменгі жағында, көру жүйкелерінің қиылысы мен үлкен ми аяқшаларының аралығында орналасқан аралық мидың бөлігі. Ол үшінші ми қарыншасының түбі мен қабырғасын құруға қатысады.
Гипоталамус - сұр төмпектен, гипофизден - hypophysis — және емізікше денеден тұрады. Гипоталамустың сыртқы беті ақзаттан , ішкі беті — қыртысасты вегетативті ядроларды (тыныс алу, қан және лимфаайналым, дене қызуы, жыныстық қызметтер т.б.) түзетін сұрзаттан құралған.
Гипоталамустың вегетативтік орталықтары — организмдегі қан қысымын, дене қызуын, май-су алмасуын, эндокринді бездер жұмыстарын реттеуге қатысатын мультиполярлы нейроциттер ядроларынан тұрады.
Гипоталамустың сүрзаттық орталықтары алдыңғы, ортаңғы және артқы бөлімдерге бөлінеді. Аталған ядролар нейроциттері биологиялық тұрғыдан тым белсенді және жүйке жүйесі медиаторларымен салыстырғанда, алыстан және ұзақ уақыт әсер етуге бейімделген нейрогормондар бөледі. Гипоталамустың алдыңғы бөлімі — нейросекрет бөлетін ірі мультиполярлы нейроциттер құрайтын жұп супраоптикалық және паравентрикулалық ядролардан тұрады.