Сұрақнама Ішкі секрециялық бездер және олардың маңызы туралы жалпы түсініктеме



бет4/4
Дата18.11.2022
өлшемі165,88 Kb.
#51097
1   2   3   4
Байланысты:
Көшербай А 3 апта Оқушылардың анатомиясы, физиологиясы

Балалар диабеті деп ұйқы безі жұмысының бұзылуы себебінен болатын созылмалы жағдайды айтамыз. Аталған ауру түрі кең тараған – ол кездесуі жағынан екінші орынды алады. Дұрыс ем қабылдамаған жағдайда, баланың органдары мен жүйелерінің жұмысы бұзылып, мүгедектікке дейін жеткізуі мүмкін.
Бұл ауру түрін қалыптасу негізіне қарай бөлуге болады:

  • Алғашқы – немесе нағыз;

  • Екінші – немесесимптомдық – эндокриндік жүйе қызметі жағынан ауытқудың болуына немесе бала анемнезінің басқа да патологияларына байланысты пайда болады.

Алғашқы қант диабетін төмендегідей түрлерге бөлінеді:

  • Қант диабетінің 1-ші түрі – инсулинге тәуелді, инсулин өнімінің төмендеуімен сипатталады. Кей кездері ол мүлде өндірілмей қалады;

  • Қант диабетінің 2-ші түрі — инсулинге тәуелді емес – ағзаға түсетін глюкозаны сіңіру мүмкіндігінің болмауымен сипатталады.

Диабет түрлері:

  • Теңгерілген – оны ерте сатысында анықтап, балаға уақытында көмек көрсетілсе, глюкоза деңгейін қалыпқа келтіруге болады;

  • Шала теңгерілген — ауыратын баладағы глюкоза деңгейі қалыпты көрсеткіштен біраз ерекшеленеді;

  • Теңгерілмеген – баланың көмірсулық алмасуында үлкен ауытқулар байқалады – мұндай жағдайдың терапиясы өте қиын болады және емделуге ұзақ уақыт керек.

Ауырлық дәрежесіне қарай диабеттің мынадай түрлері кездеседі:

  • Жеңіл – белгілері мүлде байқалмайды, глюкоза көрсеткіштері – 8 ммоль/л дейін;

  • Орта – баланың жағдайында ауытқулар болады, сонымен бірге глюкоза көрсеткіштері – 12 ммоль/л төмен;

  • Ауыр түрі – бұл түрі созылмалы түрге айналып кетуімен қауіпті, себебі глюкоза деңгейі өте жоғары болады – 14 ммоль/л және одан жоғары;

  • Асқынған түрі – баланың жағдайы өте қиын, ол басқа ауру түрлерін де асқындырады, сонымен бірге қандағы глюкоза деңгейі – 25 ммоль/л.

Бірінші және екінші түрдегі қан диабетінің ең алғашқы себебі мен мазмұны ұйқы безі қызметінің бұзылуында болады. Бұл орган ішкі және сыртқы секрецияға жатады. Оның басты қызметтері:
• Асқорыту кезіндегі қажетті ферменттер негізінде ұйқы безі шырынының бөлінуі;
• Инсулин өндірілуі;
• Ағзада майлардың, көмірсулардың және ақуыздар алмасуының реттелуі.
Егер 1 түрдегі диабет – инсулин тапшылығы туралы айтатын болсақ – аурудың негізгі көзі аутоиммундық әрекет болып табылады. Ол кезде инсулин өндіретін (асқазан астында орналасқан) бета-жасушалардың бұзылуы орын алады және олар толықтай бөгеттеліп қалады.
Патологияның қалыптасуының басқа да себептері:



  • Микроағзалардың әсері – цитомегаловирус тобының вирустары, энтеровирустар, Коксаки вирусы, герпес вирустары, көкжөтел вирусы, паротит, қызылша, желшешек;

  • Балада аутоиммунды аурулардың болуы – ол кезде иммундық жүйе ұйқы безіне кері әсерін тигізеді - арнайы денелер орган құрылымын иммунитетті бұзуы;

  • Вирустардың бауырды зақымдауы;

  • Ерте жаста қалыптасқан қатерлі ісіктер;

  • Несеп шығару жолдарының жіті және созылмалы инфекциялық зақымдары;

  • Ұйқы безінің зақымдалуы немесе басқа да салдарлары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет