Сұрақнама Оқушылардың қан жүйесінің морфо-физиологиялық ерекшеліктері


Тапсырмалар Қан жүйесінің маңызы



бет5/6
Дата21.10.2022
өлшемі413,99 Kb.
#44692
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6
Тапсырмалар

  1. Қан жүйесінің маңызы.

Қан –жүйесінің маңызы мен мөлшері және қан өндіру.Адам организмінің тіршілігі денеге қуат беретін қоректік заттарды қабылдап,оларды қорыту арқылы сақталады.Тамақ құрамындағы қоректік заттар организмде қорытылып, оттегінің қатысуымен болатын тотығу барысында энергия бөледі.Қоректік заттардың осы өзгерістерінің нәтижесінде адамның денесінде зат алмасудан пайда болған организмге қажетті заттармен қоса, қажетсіз, тіпті денені уландыратын заттар да пайда болады.Айталық, зат алмасуының нәтижесінде денеде аммиак,мочевина,фенол,индол,кетондар улы заттар пайда болады.

Сонымен,адамның өмірі клеткаларға аса қажетті қоректік заттар мен оттегіне және организмдегі зат алмасудан пайда болатын қажетсіз улы заттардың шығуына байланысты.Мұның бәрін тасымалдау қызметін денедегі қ а н атқарады. Қан күллі денені аралап, оның ұлпаларындағы клеткалардағы заттың алмасуына қажетті химиялық заттарды екеліп, қажетсіз заттарын әкетеді. Мұнымен қоса, қан дененің түрақты температурасын сақтауға қатысады, организмнің иммундық қасиеттерін қамтамасыз етеді және мүшелердің қызметін гуморальдық реттеуге қатысады. Ерте заманда адамдар қаңцы “тіршілік өзені” деп бекер атамаған. Яғни қан және өмір бір-бірінен айырылмай, қосарланып жүреді: қан бар жерде өмір бар, қан болмаса тіршілік тоқталады. Қанның маңызды қызметтерінің іске асып орындалуы, оның ерекше қүрылысы мен қасиеттеріне байланысты.Адамның денесіндегі қан — организмнің сұйық негізгі ішкі ортасы. Қанның жалпы мөлшері ересек адамда 4,5-6 л шамасында, яғни дененің жалпы салмағының 6-8 %. Жаңа туған нәрестеде ол 10-20 %, 1 жаста 9-13%, 5-7 жаста 7-8 % болады. Организмдегі барлық қанның 50% қан деполарында қор болып сақталады. Ондай мүшелерге бауыр, көк бауыр, өкпе және тері жатады. Бұл мүшелердегі қан қоры адам жараланып, қансырағанда қан айналымына шығып, тіршілікті сақтап қалады, ал денедегі қанның 50-60% жоғалса, адам өліп қалады.


2.Иммунитет, оның түрлері және жас ерекшеліктері.
Иммунитеттің фагоцитарлық қағидасының маңызы үлкен. И.И.Мечников организмінің кейбір клеткалары — фагоциттер — денеге енген бөтен заттардың бөлшектерін іліп ұстап алып, қорытып, бойына сіңіретінін байқаған. Адам денесінде мұндай фагоцитарлық қабілет лейкоциттерде, әсіресе нейтрофилдерде бар. Лейкоциттер адам денесінің сақшысы іспетті, бөтен зат денеге енсімен қан тамырынан шығып, жалған аяқтары арқылы бөтен заттың шоғырланған жеріне жылдам барады да оны қоршап алып, протоплазмасының ішіне тартып, арнайы ферменттер арқылы ыдыратып немесе бір-біріне жабыстырып бөтен заттың залалының алдын алады. Мұндай да кейбір лейкоциттердің қозғалыс жылдамдығы шамамен сағатына 2 мм-ге тең. Бөтен заттың жиналған жерін лейкоциттер сол затпен бірге денеге енген микроорганизмдердің өсіп, өніп улы заттарды шығарып, дене ұлпасын қабындыруынан анықтайды. Бұл күресте лейкоциттер өздері өліп, қажетсіз қалдықтармен бірге денеден шығады.
Қанның құрамында қорғану қызметін атқаратын басқа да маңызды заттар бар. Бұларға антиденелер мен антитоксиндер жатады. Антиденелер қанда болатын белок заттары — иммундық глобулиндер денеге кірген басқа бөтен заттардың әсерінен пайда болады. Ол заттарға бактерияларвирустар, басқа текті белокты заттар жатады. Оларды антигендер деп атайды.
Иммунитет табиғи және жасанды болып бөлінеді. Табиғи иммунитет адам ауырғанда пайда болады да, сол аурумен екінші рет ауырмайды. Табиғи иммунитеттің ұзақтығы әртүрлі. Кей ауруларға (мысалы, шешек) иммунитет өмір бойы сақталады, ал кейбіреуінің иммунитеті қысқа мерзімдік болады (мысалы, грипп). Жасанды иммунитет ауырған адамның немесе жануардың қанынан алынған дайын антиденелерді немесе әлсіздендірілген антигендерді егу арқылы жасалынады. Осылай кейбір аурулардың алдын алуға болады.
Иммунитеттің туа және жүре пайда болған түрлері де бар. Мысалы, кейбір жануарлардың аурулары адамға жұқпайды, себебі адам организмінде тұқым қуалаған сол ауруларға қарсы тұру қабілеті болады. Иттің немесе шошқаның обасы адамға жүқпайды. Бұл — туа болатын иммунитет. Ал жүре болатын иммунитетке адам ауырғаннан кейін немесе түрлі екпеден кейін пайда болған жасанды қабілет жатады.
Иммунитетті жалпы және жергілікті деп те бөлінеді. Бүкіл организмнің ауруға қарсы тұру қабілеті жалпы иммунитетке, ал жеке бір ұлпалардың немесе мүшелердің қабілеті жергілікті иммунитетке жатады.
Иммунитеттің жас ерекшеліктері. Қазіргі кезде ана құрсағындағы ұрықтың қанында антигендер болмайтыны анықталды. Ұрық плацентасының қорғаныс қабілетіне байланысты оның денесінде ешқандай антиденелер өндірілмейді, бірақ анасының қанындағы антигендерді плацента ұрыққа өткізбейді. Ал бала туған сәттен бастап сыртқы ортадағы көптеген микроорганизмдерге қарсы тұру қабілеті дами бастайды. Бірақ алғашқы 3 айдың ішінде бала организмі анасынан алған антиденелердің әсерінен ауруға төзімді болады. Алғашқы кезде сәбидің денесінде антиденелер аз өндіріледі, өйткені ондай антиденелер ана сүтінің құрамында болады. Баланың иммундық қабілеттері күшті дамитын кез 1 жастан 10 жасқа дейін, онан әрі 20 жасқа дейін иммундық қорғанысы біршама төмендейді де 20 жастан 40 жасқа дейін тұрақталады, ал 40 жастан аса біртіндеп нашарлай бастайды. Әсіресе жыныс мүшелерінің қызметі әлсіреген кезде иммундық қабілет те төмен болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет