Сұрақтар тізімі Жүрек, дамуы, топографиясы, шекаралары, жүрек қақпақтарының алдыңғы кеуде қабырғасына проекциясы


​Вегетативтік нерв жүйесі, жалпы сипаттамасы. Вегетативтік және сомалық нерв жүйелерінің айырмашылықтары.100



бет101/115
Дата14.09.2023
өлшемі444,35 Kb.
#107752
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   115
106.​Вегетативтік нерв жүйесі, жалпы сипаттамасы. Вегетативтік және сомалық нерв жүйелерінің айырмашылықтары.100
Вегетативті нерв жүйесі мүлде біздің еркімізге бағынбастан жұмыс атқаратын автономды нерв жүйесі болып саналады. Бұл нерв жүйесі бірыңғай салалы бұлшықеттерді және бездерді иннервациялап отырады. Бірыңғай салалы бұлшықет бәріміз білетіндей, жүректе, көптеген ішкі ағзаларда, тамырларда болады. Демек осылардың барлығы вегетативті нерв жүйесі арқылы нервтендіріледі. Сонымен қатағр, егерде біздің ағзамызға сыртқы ортадан өзгерістер туындаса, оныда осы адаптациялық қызметі арқылы автономды нерв жүйесі қамтамасыз етіп отырады. Вегетативті нерв жүйесінің атқаратын қызметтері бұнымен біткен жоқ. Сондай ол зат алмасуға, иммундық, температураны реттеу секілді процестерге өз септігін тигізіп отырады және көбею, тыныс алу, зәр шығару, асқорыту, қоректендіру секілді бірқатар маңызды қызметтерді атқара алады. Айтпақшы, гомеостаздың да реттелуі осы нерв жүйесіне тікелей байланысты деп айта аламын.
Топографиялық тұрғыдан қарар болсақ ВНЖ-нің сомалық нерв жүйесі сияқты 2 бөлігі бар:
• Орталық
• Шеткі
ВНЖ қызметіне байланысты:
1. Симпатикалық
2. Парасимпатикалық
Ендігі кезекте вегетативті және сомалық нерв жүйелерін айырмашылықтарын келтіре отырып, сипаттап беретін болсам:
• Сомалық нерв жүйесі көлденен жолақты қанқаның бұлшықеттерін және теріні иннервациялайды, ал вегетативті нерв жүйесі жоғарыда айтып кеткенімдей, бірыңғай салалы бұлшықеттерді және бездерді нервтендіреді;
• Сомалық нерв жүйесінің эфференттіі талшықтарының миелинді қабығы жақсы дамыған, және соған сәйксес импульстарда тез өтеді, ал ВНЖ-де керісінше миелинді қабық жұқалау, тіпті болмауыда мүмкін және нерв сезімдерін баяу өткізеді.
• Вегетативті нерв жүйесінің нервтендіру аймағы кең, ал сомалық нерв жүйесінде нервтендіру аймағы шектелген, яғни сегменттік иннервациялайды.
• Сомалық нерв жүйесінің орталығы мида да, жұлында да сегментті түрде орналсақан, яғни барлық бөліктерінде бар, ал ВНЖ-нің орталықтары ошақ түрінде орналасқан, ми мен жұлынның тек белгілі бір бөліктерінде ғана;
• ВНЖ – нің эфферентті талшықтары вегетативті түйіндерде үзіліп, сосын ғана барып жұмысшы ағзамен қосылса, ал сомалық нерв жүйесінің эфферентті талшықтары үзілместен қосылады.
• Ендігі кезекте рефлекторлық доғасы бойынша айырмашылықтарын айтып өтер болсам, сомалық нерв жүйесінің І-ші эфференттік нейрондарының орталық өсінділері жұлынның артқы мүйізіндегі сезімтал ядроларында бітеді, ал ВНЖ – де болса жұлынның бүйір мүйізіндегі вегетативтік ядрода бітеді. Ал сомалық нерв жүйесінің ІІ –ші нейроны жұлын ішінде орналасып, артқы сезім ядроларын жұлынның алдыңғы мүйізіндегі қимлы ядролармен қосатын болса, ВНЖ-нің түйін алдылық талшықтары ( rami preganglionares) бастауын вегетативтік ядродан алады да, жұлынның алдыңғы түбіршігі арқылы шыға отырып, симпатикалық сабауға барады. Сомалық нервжүйесінің қимыл ядроларынан бастауын алған ІІІ-ші нейрон аксондары үзілместен жұмысшы ағзаға жететіе болса, ВНЖ,нің түйін артқылық (rami postganglionares) вегетативтік түйіндерден шыққан соң жұмысшы ағзаға жетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет