Сұрақтар тізімі Жүрек, дамуы, топографиясы, шекаралары, жүрек қақпақтарының алдыңғы кеуде қабырғасына проекциясы


Шоңданай нерві, қалыптасуы, топографиясы, тармақтары, нервтендіру аймақтары.36



бет100/115
Дата14.09.2023
өлшемі444,35 Kb.
#107752
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   115
Байланысты:
анатомия пико жауае

105. Шоңданай нерві, қалыптасуы, топографиясы, тармақтары, нервтендіру аймақтары.36
Шонданай нерві (n. ishiadicus) барлык нервтердін ішіндегі ен ірісі болып саналады. Шонданай нерві сегізкөз өрімінін алдыңғы ұзын тармағы болып табылады. Бұл нерв foramen infrapiriforme аркылы өтетін барлык нервтер мен тамырлардан латералды бағытта орналасады және m.gluteus maximus және mm.gemelli, m.obturatorius internus et m. quadrates femoris бұлшкқеттері арасында, ортан жіліктің үлкен ұршығы мен шонданай төмпесі арасы арқылы өткізілген сызық бойының ортасында жатады. Нерв тақым шұңқырына жеткен соң, оның жоғарғы бұрышында екі тармаққа медиалді жағында ірілеу келген асықты жілік нервіне(n. tibialis) және латералді жағында ұсақтау жадлы кішіжіліншілік нервіне (n. peroneus communis) бөлінеді. Шоңданай нервтің тармақтары жайлы айтатын болсам:

  • Бұлшықеттік тармақтар (rami musculares), бұл тармақтар m. obturatorius internus, mm. gemelli superior et inferior, m. quadratus femoris тармақтар сияқты бұлшықеттерді иннервациялайды

  • Буындық тармақ ( ramus articularis)

  • Бұлшықеттік тармақ (rami musculares) . Шонданай нервтің асықты жілік бөлігінен тармакталып, m. biceps femoris, m. semitendinosus, m. semimembranosus, m. adductor magnus бұлшықеттерін нервтендіреді. Ал шонданай нервтің кішіжіліншік бөлігінен m. biceps femoris- қа барып тармакталады.

  • Буындык тармақтар (rami articulares) шонданай нервтің 2 бөлігі, яғни асықты жілік және кішіжіліншік бөліктерінен тармақтала отырып, тізе буынының буындық қабына бағытталады.

  • Жалпы кішіжіліншік нерві (n. peroneus communis) кіші жіліншіктің ұзын бұлшықетіне кіре бере, соңғы тармақтарына бөлінеді, яғни олар: кішіжіліншіктің беткей нерві (n. peroneussuperficialis) және кішіжіліншіктің терең нерві (n. peroneus profundus). Жалпы кішіжіліншік нервінің тармақтарын тізіп айтып беретін болсам, бірінші бұлшықеттік тармақтар(rami musculares) m. biceps femoris нервтендіреді, буындық тармақтар(rami articulares), балтырдың латералді терілік нерві (n. cutaneus surae lateralis) латералді толарсақ аймағына дейін барады, кішіжіліншіктік дәнекер тармақтар(n. ramus communicans peroneus) теріде тармақталып, балтырдың медиалді терілік нервімен қосылады. Жалпы кішіжіліншік нервінің тағы бңр тармақтарына кішіжіліншіктің беткей нерві(n. peroneus superficialis) жатады, ол артқы-медиалді және аралық терілік нервтерге, nn. cutanei dorsales, medialis et imtermedius бөлінеді. Негізі кішіжіліншіктің беткей нервінің басқа да тармақтары бар, олар: бұлшықеттік тармақтар, мелиалді сыртқы терілік нерв( n. cutaneus dorsalis medialis), аралық сыртқы терілік нерв(n. cutaneus dorsalis intermidius).

  • Кішіжіліншіктің терең нерві ( n. peroneus profundus) retinaculum mm. extensorum inferius және m.extensor hallucis longus сіңірінің астында өтіп, қысқалау латералді тармақ және ұзындау келген медиалді тармақтарға бөлінеді. Ары қарай кішіжіліншіктің терең нерві сирақ және аяқұшының сыртқы беті аймағында бірнеше тармақтарын береді.

  • Асықтыжілік нервтері (n. tibialis) шоңданай нервтің жалғасы және жалыпкішіжіліншік нервке қарағанда ірілеу келген. Ол шамамен тақым шұңқырының ұшында басталып, тақым тармақтарының арасында орналасады. Ары қарай retinaculum mm . flexorum астында нерв өзінің соңғы 2 тармағын береді. Олар: табанның медиалді нерві( n. plantaris medialis) және табанның латералді нерві( n. plantarisz lateralis). Бұл соңғы тармақтарынан бөлек мынандай тармақтары бар: балтырдың медиалді терілік нерві(n. cutaneus surae medialis), бұлшықеттік тармақтар(rami musculares) және өкшелік медиалді тармақтар(rami calcanei mediales).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет