Сұрақтар тізімі Жүрек, дамуы, топографиясы, шекаралары, жүрек қақпақтарының алдыңғы кеуде қабырғасына проекциясы



бет81/115
Дата14.09.2023
өлшемі444,35 Kb.
#107752
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   115
Байланысты:
анатомия пико жауае

81. V жұп ми нервтің үшінші тармағы, тармақтары, нервтендіру аймақтары және бастың вегетативтік нерв жүйесімен байланысы.90%

Үшкіл нерв - nervus trigeminus V жұп басүйек нерві, аралас нерв болып саналады құрамында қозғалтқыш және сезімтал талшықтары болады. Сонымен қатар вегатиивтік түйіндердің келетін постганглийдік парасимпатикалық талщықтарында бірге жүретіндігін ескерген жөн:


Ядроларына келсек:
1-nucleus spinalis-сезімтал жұлында жатады.
2-nucleus pontinus-сезімтал көпірде орналасқан
3-nucleus mesencephalicus-сезімтал ортаңғы мида жатады
4 nucleusmototiusn.trigemini-көпірде орналасады
Мида орналасқан жеріне келсек: n.trigeminusсабауы- көпір мен мишақтың ортаңғы аяқшасының бір-бірімен қосылған жерінде немесе үшкіл бет сызығы бойында орналасқан.
Бас сүйектен өтетін жеріn.trigeminus бассүйек ішінде үш ірі тармаққа бөлінеді ж/е олардың өтетін жерлері:
1-Көз нерві - n. ophthalmicus ​
2- Жоғарғы жақсүйек нерві - n.maxillaris
3- Төменгі жақсүйек нерві - n.mandibularis

3. Төменгі жақсүйек нерві - n.mandibularis үшкіл нервтің үш тармағының ішіндегі ең ірісі болып табылады әрі аралас нерв. Төменгі жаксүйек нерві ушкілдік туйіннен тармакталатын сезімтал тармак пен үшкіл нервтің кимыл тубіршігі бірігуінен түзіледі. Төменгі жаксүйек нерві бассүйек негізінен сопак тесік аркылы шығып 2негізгі - алдыңғы кимыл ж/е арткы сезімтал тармактарға бөлінеді.


Алдыңғы тармактан:
1. Шайнау нерві - n.massetericus сыртқа бағытталған болады, шықшыт буынына бір-екі жіңішке тармақтар береді, кейін төменгі жақсүйектің тілігі аркылы m.masseter ті нервтендіреді.
2. Терең самай нервтері - nn.temporales profundi, олар екеу болады ягни кішісі - арткы, улкені - алдыңғы олар латералді қанат бүлшыкетінің жоғарғы жиегімен - crista infratemporalis арасындағы саңылауға бағытталады да самай бұлшықет қалыңдығында тармакталады.
3. Латералді канаттәрізді нерв n.pterygoideus lateralis жиі ұрт нервпен бірге тармақталатын қысқа нерв латералді қанаттық бұлшықетке ішкі жағынан кіріп оны нервтендіреді.
4. ¥рт нерві - n.buccalis осы топтың ішіндегі ең ірі сезімтал нерв болып табылады. Ол латералді қанаттық бүлшықеттің бастары арасымен өтіп теріде және ұрттың шырышты кабығында аякталады сонымен катар ауыз бұрышының терісін нервтендіреді.
Артқы тармактан:
Медиалді канаттәрізді нерв n.pterygoideus medialis арткы тармактың ішкі бетінен басталады медиалді қанаттық бұлшыкетке барып оны нервтендіреді. Нерв өз жолында құлақтық түйіннің нервтерімен қосылатын екі тармак береді: а) Таңдай пердесін катайтатын бүлшықет нерві - n.tensoris veli palatini, ол жұмсак таңдайды нервтендіреді. б) Дабыл жарғағын қатайтатын бұлшықет нерві - n.musculi tensoris tympani ол жоғары және артқа бағытталып, аталмыш бұлшыкеттін нервтендіреді.
2. Құлак-самай нерві - n.auriculo temporalis құрамы бойынша аралас аралас нерв. Оның қүрамында сезімтал және құлактық түйіннен келетін секреторлык талшыктар бар. Нерв төменгі жаксүйек нерві сабауының арткы бетінен екі түбіршігімен басталып a. meningea media-ны орайды, кейін төменгі жаксүйектің processus condylaris-ті ішкі бетімен жүріп шықшыт буынының астында есту жолының алдында орналасады. Кейін жоғары бағытталып самай аймағы терісінде аякталады.
Құлақ-самай нерві - оз жолында бірнеше катар тармактар береді:
а) Буындык тармактар rr.articulares - сабаудан буын маңында басталады ж/е шыкшыт буыны кабына жетеді.
б) Шыкшыт тармақтары - rr.parotidei құлак-самай нервтің без паренхимасынан өткесін тармакталып, бет нервтің самайлык тармағымен косылады. Бұл тармақтардың құрамында алғашында құлак-самай нерв, кейін бет нерві тармақтарының кұрамында жүретін секреторлык талшыктар болады.
в) Сырткы есту өтісінің нерві n.meatus acustici externi сүйектік және шеміршектік бөліктері арасындағы сыртқы есту түтігінің кабырғасына кіріп сол маңда орналасады ж/е сыртқы есту түтігі терісін нервтендіреді.
г) Алдыңғы құлақ нервтері - nn.auriculares anteriores құлақ қалқаның алдыңғы бөліміне бағытталган болады сонымен катар құлақ бүртігі мен шиыршық бөлігі терілерін нервтендіреді.
д) Беткей самай тармактары- rr. temporalessuperficiales, құлак-самай нервтің соңғы тармактары. Олардың бет, маңдай ж/е үлкен шүйде нервтері тармактарымен қосылатын дәнекер тармактары бар ж/е ол самай аймағы терісінде тармакталады.
3. Төменгі үяшықтар нерві - n.alveolaris inferior өзінің сипаты бойынша аралас нерв болып табылады. Төменгі жақсүйек тесігі арқылы төменгі жақсүйек өзегіне кіріп өзекте аттас артерия мен венамен бірге жүріп, бет бетіне иек астындағы тесіктен шығады.
Төменгі үяшыктар нерві өз жолында бірнеше катар тармактар береді:
а) Жаксүйек-тіласты нерві - n.туіоһуоіdeus,
б) Төменгі үяшыктартармактары - rr. Alveoares inferiores негізгі сабаудын төменгі жақсүйек өзегі аркылы өткен барлык деңгейінен басталады.ол екі тармақ береді:
1. Төменгі қызыл иектік тармактар - rr.ginqivales inferiores төменгі жақсүйектің кызыл иегін нервтендіреді.
2. Төменгі тістік тармактар - rr. Dentales inferiores төменгі жақсүйектің тістеріне барады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет