111. Симпатикалық сабаудың кеуде бөлімі, топографиясы, түйіндері, тармақтары, нервтендірілетін аймақтар. Уник 100 Симпатикалық сабау( truncus sympathicus) – омыртқа бағанасын бойлай оның екі бүйірінде жұп орналасқан түйіндердің( ganglia trunci sympathici) тізбегінен және оларды байланыстыратын талшықтардан тұрады.
Симпатикалық сабаудың талшықтары
1.Ганглиаралық (түйінаралық) тармақтар (rami interganglionares) – нерв түйіндерін ір-бірімен байланыстырады, нәтижесінде симпатикалық сабау түзіледі.
2. Сұр байланыстырушы тармақ(ramus communicans gruseus) – симпатикалық сабау түйінін жұлын нервінің сабауымен байланыстыратын тармақ және құрамында түйін арттқылық талшықтар болады.
3. Висцералді тармақтар( rami visceralis)– олар тікелей ағзаларға барады , олардың маңында ағзадан тыс өрімдер түзеді.
Симпатиқалық сабаудың 4 бөлімін ажыртамыз. Олар: мойын,кеуде,бел жән сегізкөз
Симпатиқалық сабаудың кеуде бөлімінің құрамына 9-12 кеуделік түйіндер кіреді.
Бұл түйіндер қабыртқалардың мойындарының алдында орналысып алдыңғы жағында плеврамен жабылған. Ақ дәнекер тармақтармен ( rami communicantes albi) ерекшеленеді және rami communicantes albi кеуделік жұлын нервтерін симпатиқалық сабаулардың кеуделік түйіндерімен байланыстырады,яғни бұл тармақтардың құрамында түйіндерге дейінгі талшықтар болады
Кеуде бөлімінің түйіндерінен шығатын нервтер мен тармақтар:
1.Түйінаралық тармақтар ( rami interganglionares) – кеуде түйіндері өзара,мойын-кезде және бел түйіндерімен байланыстырушы талшықтар.
2.Сұр дәнекер тармақтар, миелинсіз тармақтар ( rami communicantes grisei) – кеуде түйіндерінен шығып, кеуде жұлын нервтеріне баратын талшықтар.Сұр дәнекер тармақтар ( rami communicantes grisei) арқылы соманың вазомоторлық және грофикалық үрдістері қамтамасыз етіледі.
3. Ағзалық тармақтар ( rami visceralis) – кеуде қуысындағы нервтік өрімдерді түзіге қатынасады, олардың ішінде бөліп қарастыратынымыз:
-жүректің кеуделік тармақтары ( rami cardiaci thoracici) – олар жоғарғы 4-5 кеуде түйіндерінен шығады және жүректің нерв өрімін түзуге қатысады:
- кеуденің өкпелік тармақтары (rami pulmanales thoracici) - өкпе өрімін (plexus pulmonalis) құраға қатысады
- Өңеш тармақтары( rami oesophageales) – өңеш өрімін ( plexus oesophagus) түзуге қатысады.
- үлкен ішкі ағзалық нерв( nervus splanchnicus major) – симпатикалық сабаудың V-IX кеуделік түйіндерінен басталып, оның түбіршіктері медиалді бағытта жүріп, IX-шы кеуде омыртқасының тұсында кішігірім жеке дара екі сабаулардың қосылуынан түзіледі.Нервтің жалпы сабауы құрсақ қуысына көкеттің аяқшалар арасынан өтеді де plexus coeliacus құрамына енеді.
- кіші ағзалық нерв ( nervus splanchnicus minor) – симпатиқалық сабаудың X-XII кеуделік түйіндерінен түзіледі, құрамында түйінге дейінгі преганглилық талшықтар да болады.Ол үлкен ағазлық нервпен бірге көкет арқылы өтіп, құрсақ сабауы (plexus coeliacus) өріміне қарай бағытталады.