Сұрақтар тізімі Жүрек, дамуы, топографиясы, шекаралары, жүрек қақпақтарының алдыңғы кеуде қабырғасына проекциясы


Вегетативтік рефлекторлық доға.100%



бет103/115
Дата14.09.2023
өлшемі444,35 Kb.
#107752
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   115
108 . Вегетативтік рефлекторлық доға.100%
Вегетеативтік рефлекторлық доғаның құрылысына назар салатын болсақ, оның сомалық нерв жүйесі рефлекторлық доғасынан айырмашылығы бар екенін біле аламыз. Мысалыға, вегетативті нерв жүйесінде афференттік нейрон 2 түрде орналасады. Яғни, біріншіден жұлын және бассүйектегі нервтердің сезімтал өрімдеріндегі нейрондар, бұл нейрондар ағзаларды орталық нерв жүйесімен байланысын қамтамасыз етіп отырады. Ал екіншісі меншікті эфференттік нейрондар, олар симпатикалық нерв жүйесінің түйіндерінде, сонымен қоса интрамуралді түйіндерде болады. Ендігі кезекте жалып вегетативті қарапайым рефлекторлық доғаны 3 нейронмен көрсете отырып, айтатын болсам. Вегетативтік рефлекторлық доғаның І – ші звеносы сезімтал нейрон болып есептеледі, бұл сезімтал нейронның денесі жұлын түйіндерінде ен болмаса, ми нервтерінің сезімтал түйіндерінде орналасуы мүмкін. Ал орталық өсінділері болса, жұлынның бүйір мүйізіндегі вегетативтік ядрода аяқталады. Сонымен қатар сезімтал нейронның перифериялық өсіндісіндегі сезімтал талшықтар болса, рецептор ағзалар мен тіндерден өз бастауын алып жатады. Ендігі кезекте, вегетативтік рефлекторлық доғаның ІІ- ші звеносына келер болсам, бұл жерде импульсты жұлын не болмаса, мидан жұмысшы ағзаға жеткізеді.Яғни бұл жерде қосымша нейрон немесе түйін алдылық талшықтар (rami preganglionares) вегетативтік ядродан басталады да, жұлынның алдыңғы түбіршігі арқылы шығып, ақ дәнекер құрамымен симпатикалық сабауға өтіп кетеді. Яғни, үшінші нейрондардың денелері вегетативті нерв жүйесінің перифериялық түйіндерінде жатады. Бұл жерде перифериялық түйіндері деп отқаным, симпатикалық сабау, ми нервтерінің вегетативтік түйіндері, вегетативтік өрімдер түйіндері болатын. Міне осылайша вегетативті рефлекс доғасының эффекторлы нейроны орталық нерв жүйесінен шығып, шеткң нерв жүйесінде жұмысшы ағзаға жақын түрде орналасалы. Вегетативтік түйіндерден ІІІ ші нейрон аксондары, яғни түйін артқылық ( rami postganglionares) шығадыда жұмысшы ағзаға қараай бет алады.


109. Вегетативтік нерв жүйесінің симпатикалық бөлігі, оның орталық және шеттік бөлімдері.Уник 84,53
Вегетативтік нерв жүйесі – біздің санамызға (еркімізге) байланыссыз жиырылатын, яғни жазық бір салалы бұлшықеттерді (жүректі, ішкі ағзаларды, тамырларды) және бездерді иннервациялайтын нерв жүйесінің бір бөлігі болып табылады. Сонымен қатар вегетативтік нерв жүйкесі қоректендіру (трофикалық), тыныс алу, асқорыту, зәр шығару, көбею, заттек алмасу, иммундық, температураны реттеу және гомеостаз сияқты қызметтерді реттеп отырады. Вегетативтік нерв жүйесі тіндер мен ағзалардың сыртқы ортаның өзгеріп отыратын жағдайларына орай бейімделуін қамтамасыз етеді (адаптациялық, трофикалық қызмет)
Вегетативті нерв жүйесі топогрфиялық тұрғыдан екіге бөлінеді.
А)орталық бөліге-мида және жұлында орналасады.
Б) шеткі бөлігі-барлық ағзалар мен тіндерге өтетін.таралу аймағы кең бөлігі.
Қызметіне қарай- симпатикалық және парасимпатикалық
Мысалы симпатикалық бөліктің жұмысының белсенділігі артқан кезде көз қарашағы үлкейіп,тамырлары тарылып ,бездердің секрециясы бәсеңдейді,жүрек соғысы жиілеп,ішек қимылы тежеледі, ал парасимпатикалық белсенділігі –жүрек соғысы баяулап,ішек қимылы күшейеді,қысқыштар босайды ,бездердің секрециясы күшейеді.
Парасимпатикалық бөлімнің орталығы сопақша мида, ми көпірінде және жұлынның сегізкөз бөлімінде орналасқан. Ми бөлімдерінен басталатын бұл бҿлімнің жүйке талшықтары көзді қозғаушы, бет, тіл-жұтқыншақ жҽне кезеген жүйкелердің құрамынан шығып өздері таралатын мүшелердің маңында немесе тікелей мүшелердің ішінде ганглиялар түзеді.
Симпатикалық бөлікке тоқталсақ:
Симпатикалық бөлім өзіннің негізгі қызметі жағынан трофикалық болып табылады.
• Ағзадағы тотығу және қалпына келу процестерін күшейтеді, трофикалық иммундық,температураның реттелуін,заттек алмасуды қамтамасыз етеді.
• Жүректің жиырылуын күшейтеді
Бронхтарды кеңейтеді
• Астың сіңіріліун қамтамасыз етеді,асқазан –ішектердің және өт жолдарының перисталтикасын тежейді,сфинктерлерді жиырылтып қысады,
• Көз қарашығын кеңейтеді
• Тамырларды тарылтып ,теріні бозартады
Омыртқа маңы,яғни симпатикалық бағана түйіндері (ganglia trunci sympathici) және омыртқаалды түйіндер ganglia prevertebralia немесе аралық түйіндер ganglia intermedia тән.
• Барлық ағзаларға және тіндерге тармақталып,оларды толық нервтендіреді; ескеретін жағдай симпатикалық нерв талшықтары негізінен әр ағзаны қанмен жабдықтайтын артерияларды қоршап ,өрім түзеп ,артериямен бірге ағзаға еніп,оны иннервациялайды.
Симпатикалық екі бөліктен тұрады.
1)Орталық бөлімі (Сегменттік аппараты)
-жұлынның C8-L3 сегменттерінің бүйір мүйізіндегі сұр затында орналасқан аралық-латералді ядролардан nuclei intermediolaterales тұрады
-осы ядрода орналасқан нейрондардың аксондары,түйін алдылық талшықтар rami preganglinares деп аталады, жұлынның алдыңғы түбіршіктері арқылы шығып,жұлын нервісінің сабауына өтеді де,әрі қарай ақ эәне тармақтармен rami communicantes albi мен бірге бөлініп шығып,симпатикалық сабауға өтеді және оның түйіндерінде үзіліп аяқталады.
2) Шеткі бөлімі
Смпатикалық бөліктің шеткі бөлімі бүкіл омыртқа бағанасын бойлай оның екі бүйірінде бассүйек негізінен басталып,құйымшаққа дейін созылып сол жерде төменгі ұштары бір ортақ түйінге тоғысатын екі симмстриялық сабаудан-trunci sympahtici dexter et sinister ден түзіледі.
-Симатикалық бағана түйіндері(ganglia trunci sympathici ) немесе омыртқа маңындағы түйіндері (ganglia paravertebralia) жоғарғы мойын түйіннен бастап симпатикалық сабауда парасмпатикалық бөліктің және тіпті анималды нерв жүйесінің элементтері де болады.
Жұлынның юраколмюмбалы бөлімнің бүйір мүйіздеріне жайғасқан жасушалар өсінділері жұлыннан алдыңғы түбіршіктер арқылы шығып tami communiconres albi деп аталады да симпатикалық сабауға барады. Симпатикалық сабау түйіндеріне немесе аралық түйіндерден миеленсіз талшықтардан құралған түйіннен кейіні жол кетпеді, ол қан тамырлар мен ішкі ағзаларға барады.Сомалық бөлігі болғандықтан симпатикалық бөлік жұлын нервтерімен байланысты болады. Бұл байланыс түйіннен кейінгі талшықтардың симпатикалық сабау түйіндерінен бастап n.spinalis ке дейінгі бөлігі болатын табылатын сұр дәнекер тармақтар –rami communicantes grisei арқылы іске асыралады.
-Түйін артқылық тармақтар rami postganglionares және rami postganglionares лерден құралатын нервтер мен олардың өрімдері
-Кеуде және құрсақ аортасы өрімдерінің құрамына кіретін.омыртқа алдында орналасқан симпатикалық түйіндер немесе аралық түйіндер және нерв тармақтары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет