Сұрақтары: «Географиялық ғылымдар жүйесі» түсінігіне анықтама беріп, оны біртұтас ұғым сипатында блок схема түрінде көрсет



бет2/4
Дата10.12.2023
өлшемі1,04 Mb.
#135776
1   2   3   4
Байланысты:
Общее землеведение 1-тапсырма

3.Географиялық қабықтың құрылымы.
Географиялық қабық төрт бөліктен тұрады: литосфера, атмосфера, гидросфера, биосфера. Географиялық белдеулер климаттық белдеулерге сәйкес келеді және солардың атымен аталады. Солтүстік және оңтүстік жарты шарлардың әрқайсысы 4 негізгі географиялық белдеуге бөлінеді. Олар: экваторлық, тропиктік, қоңыржай және полярлық белдеулер. Негізгі географиялық белдеулердің аралықтарын өтпелі белдеулер бөліп жатады.


4.Географияның даму тарихындағы негізгі кезеңдерді жіктеу. Бөлінген кезеңдерге сипаттама бер.
География ғылымының даму кезеңдері. 1. Ежелгі кезеңдегі зерттеулері – б.з.б. - V ғасырға дейін; 2. Ортағасырлардағы зерттеулер – V-XV ғасырдың аяғына дейін (1492 жылға дейін); 3. Ұлы географиялық ашылулар уақыты – XV-XVII ғасырдың ортасы (1492-1642); 4. Жаңа замандағы зерттеулер - XVII ғасырдың ортасынан ХХ ғасырдың басы (1642-1914 ж дейін); 5. Қазіргі заманғы зерттеулер – 1914 жылдан қазіргі уақытқа дейін.


5.Географиялыќ карталар мен планның ерекшелігі.
План мен географиялық картаның ұқсастықтары мен айырмашылықтары. Алдымен жергілікті жердің планы мен географиялық картаның ұқсастықтарын байқастырайық. План да, карта да жер бетінің қағазға (жазықтыққа) кішірейтіліп түсірілген сызба бейнесі екендігі белгілі. Екеуінде де жер бетіндегі заттар масштаб бойынша кішірейтіліп бейнеленеді. Олардың нақты пішінінің орнына шартты белгілер колданылады. Осындай жалпы ұқсастықтарымен қатар план мен география­лық карталардың бір-бірінен елеулі айырмашылықтары да бар. Олардың бастылары төменде айтылады.
1) Масштаб айырмашылығы. План өте ірі масштабта сызылады:
1 см — 5 м, 1 см — 10 м, т.с.с. Масштабының ірілігіне байланысты планда
жер бетіндегі заттар барынша егжей-тегжейлі көрсетіледі. Одан елді
мекендегі жеке шаршыларды, үйлерді, мектепті, мешітті, мәдениет сарайын және т.е.с. ажыратып ала аласыңдар. Мектеп ауласының, тіпті
өз бөлмелеріңнің де планын сыза аласыңдар.
Географиялық карта үлкен алқапты, яғни облыс, мемлекет, мате­рик, тіпті бүкіл Жер шарын қамтитындықтан, ұсақ масштабта сызыла­ды. Онда жер беті әлденеше миллиондаған есе кішірейтіліп түсіріледі. Жер бетін егжей-тегжейлі бейнелеуі және дәлдігі женінен топографиялық карталар ғана планға біраз жақын тұрады.
Қамтитын аумағының үлкен-кішілігіне қарамастан, картада меридиандар мен параллельдер міндетті түрде сызылады (олардың әр түрлі карталар да қандай сызықтар түрінде болатындығын естеріңе түсіріңдер). Меридиандар солтүстік-оңтүстік, параллельдер батыс-шығыс бағыттарды көрсетеді. Планда ондай сызықтар болмайды. Планның дәл жоғарғы жағы -солтүстік, төменгі жағы — оңтүстік, со л жағы — батыс, оң жағы шығыс бағыттарына тура келеді.
Шағын ғана алқапты қамтитындыктан, планда Жер шарының дөңестігі ескерілмей, жер беті жазық деп есептелінеді. Оның кез келген жерінде түрлі өлшем жұмыстарын жүргізе беруге болады. Үлкен алқап немесе бүкіл Жер шары түсірілгендіктен, картада Жердің шар тәріздес пішіні есепке алынады. Бейнеленетін жердің көлеміне қарай картадағы бұрмалау мөлшері арта түседі (дүние жүзі картасы мен жарты шарлар картасындағы бұрмалану жағдайларын естеріңе түсіріңдер).
Шартты белгілердің айырмашылығы. Пландағы шартты белгілер бойынша көптеген заттардыя нақты мөлшерін анықтауға болады (жолдың, өзеннің ұзындығы, көлдің немесе бақшаның ауданы және т.с.с). Картада ондай мүмкіндік жоқ. Мәселен, планнан елді мекеннің қандай пішінде екендігін, көшелерінің қай бағытта созылып жатқандығын оңай анықтауға болады. Ал картада оның алып жатқан орны ғана белгіленеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет